Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

25. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері

Қан тоқтамау деп қан тамырларының түтікшелерінің зақымдалуынан қанның ағуын айтамыз.

Қан түтікшесі зақымдалып, қан сорғалауға байланысты күре тамырлық (артериальный) көк тамырдан (венозный), ұсақ капиллярдан және аралас жарақат болып ағуына қарай үшке бөлінеді.

Күре тамырдан аққан қанның түсі алқызыл, шапшып атқылайды. Көк тамырдан аққан күрең түсті қан өздігінен тоқтау белгісі байқалмастан біркелкі ағады. Егер де ірі тамыр зақымданса, дем алуына қарай дірілдеп сорғалайды. Егер де ұсақ капилляр жарақаттанса, бірқалыпты барлық тесіктен шыққандай әсер етеді. Ал қан түтікшелері аралас жарақат кезінде күре тамырды да, тамырды да, тамырдың, капиллярлық белгінің бәрін қамтиды.

Жарақат алған кездегі қан тоқтамаудың жалпы белгілері – естен тану және көп қан кету, көп қан кетуден боп-боз болу, суық тер басу, маңайындағыларға бейқам болуы, болбыр, ақырын сөйлеу, басының айналуын айту, басын көтерген кезде көздің қарауытуын, ауыздың кебуі, су сұрау т.б. сипатталады. Көмек беруші жоқ болған кезде өліп кетуі мүмкін.

Қан тоқтамаған кездегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету оның сипатына қарай және уақытша тоқтатып, жарақат алушыны жақын жердегі емдеу орталығына жеткізуде. Көп жағдайда қанның сыртына ағуын кәдімгі немесе қысып тұратын таңғышпен тоқтатады.

Қатты қысатын таңғышпен байлағанда мақта-дәкелі жастықшамен айрықша таңатын пакетпен немесе стерильді материалмен (егер ол жоқ болған жағдайда – таза мақталы матамен) жараға қысып қойып, ол материалды қатты қысқыш таңғышпен байлайды. Қан тоқтататын бұрауды (жгутты) тек қатты артериальды қан аққан кезде, яғни басқа тәсілдермен тоқтата алмағанда ғана қолданады. Қатты қан ағу кезінде қан көп кетпеуді азайту үшін артерия, яғни күре тамырды қай жерде пульстің бар жоқтығына қарай сүйектің шығыңқы жағына қарай батырып басып тұрады. Иықтағы артерияны қысу үшін жұдырықты қолтықтың астына кіргізіп, қолымен денені қатты итеріп ұстайды, ал бөксе артериясын тоқтатарда жұдырықпен бөксенің жоғарғы бөлігін іш жағынан басады. Кейбір артерияларды сүйектердің бүгілуіне қарай қысып қоюға болады. Қолдың, қарынның артериясын тоқтатқанда 2 таңғышты қойып немесе валикті (илекті) шынтақтың бүгілетін жерінен шама келгенше шынтақты бүгіп байлайды, ал сирақтың қанын тоқтатарда тақымның шұңқырына сондай валикті (илекті) тізенің бүгілетін жеріне салып, сирақты қайырып байлайды. Егер сынық болған жағдайда сүйектердің бүгілетін жерінен артерияны тоқтатуға болмайды.

Қан тоқтатқыш бұрау (жгут) киімнің үстімен немесе оның астына мата қойып (сүлгі, дәкенің бір бөлігі, косынка), бұрауды (жгутты) жарақат алған жердің соңына таман апарып, қатты тартып, сол тартқан күйінде айналдырып байлап, ұштарын бекітеді.Бұрауды дұрыс салған кезде жарақаттан қан тоқтайды, бұраудан төменгі жер бозарып, өкшенің сыртқы жағындағы пульс жоғалып кетеді. Бұраудың астына күнін, сағатын, минутын көрсетіп қыстырып салады. Бұрау салған жердің төменгі жағы 1,5-2 сағатқа дейін өзінің тіршілік қабілетін сақтайды, сондықтан жақын жердегі емдеу орталығына жеткізуге барлық шараларды жүзеге асырған дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]