- •1.Боран, дауыл және қатты желдер, зардаптары, тiрi қалу жолдары
- •2. Қатты аяз бен қарлы боран қаупiнен аман қалу
- •3. Қатты ыстық пен құрғақшылықта аман қалу
- •4. Сел, оның пайда болу себептері, оған қарсы қауіпсіздік шаралары
- •6. Ине шаншу әдiстерi
- •5. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •7.Қар көшкiнi және оған тап болғандағы адамдардың іс-әрекеті
- •9. Жанартау атқылауы, негізгі зақымдағыш факторлары
- •10.Су тасқыны. Суға кеткен адамға алғашқы көмек жолдары
- •11. Жаппай жою қаруынан қорғау.
- •12. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.
- •13. Шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, эмө, т.Б. Адамға әсері.
- •14. Радиация. Иондаушы сәулелер.
- •15. Радиациялық қауіпті нысандар
- •16. Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Химиялық қауіпті нысандар.
- •19. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
- •20. Көшкіннің негізгі параметірлерін өлшеу
- •21. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •22. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
- •23. Табиғи зілзалаларға жалпы сипаттама
- •24. Аса қауіпті аурулар және олармен күресу
- •25. Қан кетуі және қан тоқтату әдістері
- •26. Туберкулез, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
- •27.Қазақстандағы туберкулез мәселелеін шешу жолдары
- •29. Спид/вич – ғаламдық мәселе
- •28. Қазақстандағы спид/вич мәселелері
- •35. Ұжымдық қорғаныс құралдары.
- •46. Дезинфекциялаушы заттар, жараны өңдеу техникасы
- •53. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз
- •58. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар
21. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту
Су тасқыны болу себептеріне қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басужатады. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.
Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
22. Су тасқынының болу себептері және оның зардаптарын азайту

23. Табиғи зілзалаларға жалпы сипаттама
Зілзала бүл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет:1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;3.ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды алу;5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;6. Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару;7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;8. Ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау.Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:
— бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;
— ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;— жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тыйым салынады;— далада қалған кезде ең жақын шұңқырды іздеу немесе жерде етпетінен жату керек;— орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;— нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;
— дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз.
Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:
— жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;
— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;
— өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою.
Борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек.