Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.52 Кб
Скачать

19. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері

Құтқару жұмыстары жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою."Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР заңындағы негізгі түсініктемелер: авариялық құтқару қызметі, авариялық-құтқару құрылымы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстар, құтқарушы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі басқарушы, авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері.Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын алуға тағайындалған, функциональды бір жүйеден құралған, оның негізін құрайтын авариялық-құтқару құрылымы, құрамына құтқарушы-орындаушылар, авариялық құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушылар - осы жұмысты басқарушылардың кіші, орты және жоғары құрамы мен осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы. Авариялық құтқару құрылымы құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған, арнайы аспаптар мен материалдар, техника, құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі, ол авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін жеке құрылым болып саналады.Құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени бағалықтарды, қоршаған ортаны, әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет.Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстарды, құтқару жұмыстарын, төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымдаушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығын, өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын жан-жақты жүргізеді.Төтенше жағдай аймағындағы құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау, колонникалық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру, құлап қалған паналау ғимараттары мен жасырыну орындарын қазып, аршу, олардан зардап шеккендерді көшіру, үйінділердің астынан адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жөнелту, халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру, адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу, аймаққа техникаға және киімге дегазация, дезактивация, залалсыздандыру жұмысын жүргізу жатады.

20. Көшкіннің негізгі параметірлерін өлшеу

Көшкін – таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады. Жылжу сипаты бойынша оны жылжыма, науалық және секірмелі көшкіндер деп бөледі. Құрғақ қардан көшкін жүрген кезде, оның алдыңғы жағында жан-жаққа тарап үлгеретін ауа толқыны пайда болады. Қар көшкіндері өзінің бұрынғы тапталған жолы бойынша жүреді, көл. 2 млн. м3-ге дейін, ал күшінің соққысы 60 – 100 т/м3-ге дейін барады.

Көшкін қаупі бар аймақтарда жұмыс жүргізу кезінде жергілікті жағдайларды ескере отырып, ұйымның техникалық басшысы бекітетін көшкінге қарсы және селге қарсы қорғау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді. Көшкіндер таулы жерлерде, төбелерде, теңіз жағалауларында болып тұрады. Топырақ көшкіні көп жағдайда жер сілкінумен қатар жүреді. Кейбір көшкіндердің биіктігі 20 метрге жетіп,жолындағының бәрін басып қалады.

Қар көшкіндері қыс кезінде биік таулар аймағында болады. Қалың қар массасы бір-бірімен қосылып жылжып жолындағы заттарды ілестіре отырып, қар-топырақ аралас ірі көшкінге айналады. Апат жолында тұрған кез келген обьектілерді өзімен бірге ала кетеді. Мұндай жағдайлар Іле, Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында жиі болады. Қыс кезінде саяхатшыларға қауіпті жерлер ескертіледі. Қар көшкіні адамның іс-әрекетін де болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]