- •Ауру анамнезі
- •Объективті мәліметтер
- •Неврологиялық статус
- •Психикалық статус
- •Алдын-ала диагноз:
- •Лабораториялы-диагностикалық мәліметтер
- •Инструменталды диагностика
- •Дифференциалды диагностика
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •Күнделік
- •Шығу эпикризі
- •Ауру анамнезі
- •Объективті мәліметтер
- •Неврологиялық статус
- •Психикалық статус
- •Алдын-ала диагноз:
- •Лабораториялы-диагностикалық мәліметтер
- •Инструменталды диагностика
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ НАРКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
АУРУ ТАРИХЫ
Николаев Александр Сергеевич
Диагнозы: Шизофрения. Параноидты форма, үздіксіз ағымды.Тұрақты -параноидты синдром
Орындаған:Исабаев У.Б
5-016 топ ЖМ
Тексерген: Ишниязова.А.Т
Қарағанды 2016
Паспорттық бөлім
А.Ж.Т.: Николаев Александр Сергеевич
Жынысы: ер
Жасы: 07.06.1980ж. (36 жас)
Ұлты: орыс
Мекен-жайы: Қарағанды қаласы Бұхар Жырау 24
Жұмыс орны: жұмыссыз
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрмаған
Стационарға түскен күні:17.09.2016
Клиникалық диагнозы: Шизофрения. Параноидты форма, үздіксіз ағымды. Тұрақты -параноидты синдром
Түскен кездегі шағымы
Анасының айтуы бойынша өз-өзімен сөйлеседі,себепсізден қатты айқайлап мні олтірмекші деген сандырақтар айтқан,тәртіпке бағынбайды,қатты айқайлаған,туыстарымен керісіп қалаған,үйден кетіп қалған.
Өмір анамнезі
Тұқымқуалаушылығында жүйке-психикалық аурулар жоқ, туыстарынан ешкім психикалық тіркеуде тұрмаған,науқас 2-ші жүктіліктен,жүктілікпен босану қалыпты өткен,дамуы ерекшеліксіз,1,5 айында ЖРВИ ауыр дәрежесі басынан өткерген.7 жасынан мектепке барған,жақсы оқыған,11 сыныпты бітірген. №83 мектепте оқыған.Мінез-құлқы:әрқашан қарым-қатынасы жақсы болған,тыныш болған.Мектеп бітіргеннен кейін Беларусия Мемлекеттік Университетінде оқыған. Қазақстанға келіп КарГТУ бітірген .Науқас ата анасымен тұрады. Ағасы бар. Анасы сатушы,әкесі инженер,ағасы жеке кәсіпкер болып жұмыс жасайды.
Ауру анамнезі
Ең алғашқы психикалық бұзылыс 2008 жылы басталған қатты айқайлаған,ағасымен ұрысқан,әр түрлі әйел кісілердің дауыстарын естіген ,содан жерге құлаған бір қалыпта қатып қалған,қимылдамай ашық көзбен жатқан..2008 жылы августте ағасы үйленген,жағдайы қайтадан нашарлаған,мазасыз,жылаған,күніне бірнеше рет басын жуған,анасымен төбелесуге ұмтылған,туыстарымен сөзге келіп қалған.Құлағында шум естілген,Әйелдің даусы.Осы жағдай байланысты 2008 жылы стационарға түсіп емделген.Диагноз:Шизотипті бұзылыс.Емделгеннен кейін ұстап тұрушы ем қолданбаған.Қайталамалы госпитализация 2011 жылы болған.Диагноз:Жедел полиморфты психикалық бұзылыс,Шизофрениялық симптоммен.2011 жылы ОПНД-да ем қабылдаған,III группадағы мүгедек.Барлық госпитализация 10.Ең соңғы госпитализация ОПНД-да 16.03.2016-26.04.2016.Диагноз: Шизофрения. Параноидты форма, үздіксіз ағымды.Тұрақты -параноидты синдром.Учаскелік шығарылудан кейін,психиатрға бармаған,ұстап тұрушы емді қабылдамаған.Клиникалық ауруханада голлюцинарлық симптоматика,сандырақ ойла,артынан аңдып жүргендей аффектвтілігі тұрақсыз,агрессивті,эмоцияның төмендеуі.ССП-дағы Асқаров дәрігеріне Буторов анасымен жеткізілген,ем мақсаиымен,психикалы жағдайының өзгеруімен байланысты:анасының айтуы бойыншы өз-өзімен сөйлескен,себепсіз қатты күлген,тәрбиеге бағынбайды,туыстарымен сөзге келіскен,үйінен кетіп қалған.
Объективті мәліметтер
Соматикалық статус
Орта бойлы, дене бітімі – астеник.Тамақтануы жоғарлаған. Тері жамылғысы мен шырышты қабат түсі қалыпты. Теріасты шелмайы біркелкі. Дене температурасы – 36,5оС.
Тірек-қимыл жүйесі дұрыс қалыптасқан, мойны дұрыс формалы.
Тынысы ритмді, мұрын арқылы, минутына 16 рет. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ.
Жүрек перкуссиясында ұлғаймаған, аускультацияда тондары анық, ритмі дұрыс. ЖЖЖ – 70р/мин. АҚҚ 120/80 мм. сынап бағанасына.
Пальпация кезінде іші жұмсақ, ауырсынусыз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Бауыры қабырға доғасының шетімен, көкбауыры пальпацияланбайды, перкуторлы шекарасы қалыпты.
Сол және оң жақ бүйректері пальпацияланбайды, Пастернацкий симптомы теріс.
Неврологиялық статус
Басының ауырсынуы жоқ.. Керниг симптомы теріс. Брудзинский симптомдары теріс мәнді. Көз саңылаулары мен қарашықтары OD=OS, фотореакциясы сақталған.
Ромберг сынамасы: науқас тұрақты, саусақ-мұрын сынамасын орындайды. Координация мен статикасы бұзылмаған.
Рефлекторлы сферасы: сіңірлік және периостальды рефлекстері біркелкі симметриялы. Патологиялық рефлекстер жоқ.
Сезімталдығы бұзылмаған.
Психикалық статус
Санасы
Науқастың уақытта, қоршаған ортада және өзі жайлы түсінігінде ориентациясы бұзылмаған. Сыртқы келбеті ұсқынсыз. Бір орнында тұрмайды.Бірде тұрад,бірде отырад.Күмәнмен жүреді.Көп сөйлейді.Қойған сұраққа жауап бермейді.Сөйлеуі түсініксіз.Өзін мені зорлаған деп айтады,біреулер мені жөзекше деп ойлайды. Мен принцессамын деп айқайлайды.
Қорытынды:сана бұзылыстары анықталды.
Қабылдау
Қабылдау сферасында науқаста галлюцинаторлы ес алаң ойлар анықталды.Науқас дауыс естиді.Осы тақырыпқа сөйлескісі келмейді. Науқастың сезімін детализациялау мақсатымен сұрастырғанда, жауап бергісі келмейді.
Гипер - және гипестезиялар тексеріс кезінде анықталмады. Ішкі мүшелердегі қалыпты емес сезінулерге де шағым білдірмейді.
Қорытынды:қабылдау бұзылыстары анықталады:есту және көру галлюцинациялары
Зейін
Зейіні тұрақсыз. Қойған сұрақтарға ұзақ үзілістен кейін жауап береді.
Қорытынды:зейіннің бұзылысы.
Есте сақтау қабілеті
Балалық шақтағы,жасөспірім кездегі сәттері есінде сақталған.Анасының есімін айтады.Псевдореминисценция және конфабуляция белгілерін көрсетпейді.
Қорытынды: Есте сақтау қабілеті бұзылмаған.
Ақыл-ой
Науқастың негізгі ақыл-ой типі – нақты: науқас сөйлесу уақытында тез жауап берді.Сандырақ ойлар байқалады.
Қорытынды:ойлау мазмұны бұзылуы байқалады.
Интеллект
Анамнез жинағанда науқас жалпы және профессионалды ұғымдарды қолданбады. Оның пікірлері мен қорытындылары тек тұрмыстық, үй ішілік мәселелер жайында болды. Тек оңай күрделі емес сұрақтарға жауаптарды қиындықсыз қайтарды, ал күрделі детализацияны қажет ететін сұрақтарға жауап қайтара алмады. Науқас санай алады, кругозоры төмен. Өмірлік және мектепте үйренген заттарды ұмытпаған. Интеллект науқас алған оқуға сәйкес келеді.
Эмоциялар
Эмоциясы тұрақсыз, өзінің өміріне қауіп сезімі болған. Науқастың көңіл-күйі тұрақсыз, психомоторлы қозған. Науқастың мимикасы аз активті, бірақ көп бейберекет қозғалыс жасайды. Суицидальді ойлары болған.
Қорытынды:Эмоционалді белсенділіктің тұрақсыздығы.
Ерік-жігер қызметі
Науқастың киімі олпы-солпы, шашы таралмаған. Сөйлеуге пассивті қатысады, сұрақтар қоймайды, тек жауап қайтарады, қызығушылық өзінің ауруы жайлы бірнәрсе білуге талпынбайды. Өзінің ауруына критикасы жоқ. Туыстары мен медициналық персоналға эмоциясы бейтараптық танытады. Уақыттың көп бөлігін коридорда мақсатсыз жүрумен өткізеді.
Мінез-қылығы
Науқас палататан гөрі көп уақытын коридорда өткізеді, басқа науқастармен сөйлеседі, көбінесе жалғыз отырады немесе коридорда жүреді.
