Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К

Тақырыбы: 4. Биоэлектрлік потенциалдар.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Мембраналардың электрохимиялық потенциалына түсінік беру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

    1. Белсенді зат алмасу дегеніміз не?

    2. Биоэлектрлік потенциал туралы толығырақ сұрау?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Физикада потенциал термині әртүрлі өрістердің, яғни электростатикалық, гравитациялық т.б. энергетикалық күйін сипаттау үшін қонданылатын шама. Ал биопотенциал деп ұлпадағы, жасушадағы, тірі ағзадағы электр өрісін және сол өрістің энергиясын айтады. Ол, ағзаның екі нүкте аралығындағы немесе жасуша мембранасының ішкі және сыртқы орталары аралығындағы потенциал айырымына тең.

Биопотенциал тыныштық және әрекет потенциалы деп екі түрге бөлінеді. Тыныштық потенциалы физиологиялық қозбаған күйдегі мембрананың ішкі және сыртқы орталары аралығындағы, ал әрекет потенциалы, физиологиялық қозған күйдегі сол нүктелер аралығындағы потенциал айырымы.

Биопотенциалдың пайда болу механизмін толық талдау үшін, біз алдымен потенциалдың негізінде қандай физика-химиялық құбылыстар жатқанын, және оның шамасы неге байланысты болатындығын қарастырайық. Жалпы кез келген потенциалдың пайда болуының негізгі шарты, ортада иондардың бір келкі таралмауынан болады. Пайда болу механизміне байланысты потенциалдар: диффузиялық, фазалық және мембраналық деген түрлерге бөлінеді.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1.Потенциал дегенді қалай түсінесің?

2.Биопотенциал дегеніміз не?

3.Биопотенциалдың неше түрі бар?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Топтық жұмыс

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]