Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К.

Тақырыбы: 31. Ауыспалы электр өрісі әсерінің биофизикалық негізі.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Ауыспалы электр өрісі әсерін түсіндіру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: жаңа ақпараттық технологиялар информатикадан 30 сабақ оқулығы, Тақырыпқа байланысты электрондық оқулық, Оффистік бағдарламалардың тәжірибелік жұмыстар жинағы

  • үлестірмелі материалдар: тест, тәжірибелік жұмыс

  • ТОҚ: компьютер, электронды оқулық

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап, тәжірибелік жұмыс

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1.Тұрақты магнит өрісі дегеніміз не?

2.Ленц заңы қалай тұжырымдалады?

3.Магниттік дауыл деген қандай құбылыс?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Электр тогы дегеніміз электр тогы әсерінен зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Зарядталған бөлшектер электрондар немесе оң және теріс иондар болуы мүмкін. Электр өткізгіштік барлық металдар мен көптеген жартылай өткізгіштерге, ал иондық электролиттер ерітіндісі, кейбір тұздар мен иондық кристалдардың қосындысында болады. Биологиялық жүйелерді таза электрондық өткізгіштік болмайды. Қан, цитоплазма және көптеген сұйықтықтар электролиттер ерітінділері болып табылады. Цитоплазманың меншікті кедергісі тұрақты токта аралығында, көптеген ұлпаның меншікті кедергісі -ға дейін жетеді. Электр тогын жақсы өткізетіндер жұлын сұйықтығы, қан, лимфа, ал нашар өткізетіндер – еттер, бауыр, өкпе. Кедергілері ең үлкендері май және сүйек ұлпалары, тері. Терінің кедергісі сыртқы себептерге байланысты. Мысалы, су қолдың кедергісі зақымданған қолға қарағанда едәуір аз. Дененің электр өткізгіштігі деп уақыт бойынша өзгермейтін электр өрісі әсерінен заттың электр тогын өткізу қабілетін айтамыз. Плазмалардағы электр тогын тасымалдайтын электрон және ион болып саналады. Металдарда дәлме-дәл орындалатын Ом заңы биологиялық организмде сол күйінде орындалмайды. Өткізгіш арқылы өтетін токтың шамасы кернеуге тура пропорциональ екені белгілі: . Ал осы заң тірі организмдерде орындалмайды екен. Тірі организм арқылы ток жүргенде оған берілген кернеу өзгермесе де, одан өтетін ток өзгереді. Дәлірек айтқанда ток күші кемиді. Ол ұлпада болып жатқан поляризацияға байланысты. Ұлпалардың сиымдылық, диэлектрлік қасиеттерінен ток күші азаяды. Биологиялық объектілер үшін Ом заңы былай жазылады:

Мұндағы - поляризация қозғаушы күші. Поляризация дегеніміз байланысқан зарядтардың электр өрісі әсерінен қозғалуын, сөйтіп электр қозғаушы күшінің пайда болуын поляризация деп атайды.

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Поляризация дегеніміз не?

3.Дененің электр өткізгіштігі дегеніміз не?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2 мин)

Тестпен жұмыс.

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]