Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.99 Mб
Скачать

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К

Тақырыбы: 18. Қан айналым жүйесінің биофизикасы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қан айналым жүйесінің биофизикасын түсіндіру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1.Гемодинамика дегеніміз не?

2.Гемодинамиканың негіздері қандай?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан(55%)және қан жасушаларынан(45%)(эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.

Қанның қызметі:

  1. Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

  2. Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

  3. Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегігаз алмасу процесін қамтамасыз етеді;

  4. Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды,организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;

  5. Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.

Терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.

Қанайналым — бұл қанның дене бойымен айналымы . Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа  келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды. Қан ағза ұлпаларын оттегімен,қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.  Қанайналымды кіші   ( өкпе арқылы) және үлкен (ағза және ұлпа арқылы).

Қанайналым – адам және жануарлар өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қан тек қозғалыста ғана өзіне тән қызметтерді атқара алады.

Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды. Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды. Жүрек төрт камералы  сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.

Ежелгі  кезден – ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген.  Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы- Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы – Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір – бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.

Бұл болжамды Рим зерттеушісі, әрі дәрігер  Клавдий Гален жоққа шығарды. Ол қанның вена арқылы да, артерия арқылы да жүретінін дәлелдеді. 1628 жылы ағылшын физиологы Ульям Гарвей өзінің « жануарлар қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу» еңбегінде алғаш рет қанның артериялық қантамырлар арқылы қарыншалар арқылы қозғалып  веналық кантамыр арқылы жүрекшеге келіп құятынын айтқан.  Алғаш қанайналым схемасын сызып , екі қанайналым шеңберін қосқан. Бірақ қанның артериядан венаға қалай ауысатыны әлі де белгісіз күйде қалды. 50 жылдан кейін Марчелло Мальпиги  артерия мен вена қантамырын қосып тұратын капиллярларды ашты.

Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді. XVII – XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.

Қан қозғалысы.

Биологиялық ұлпалардың механикалық қасиеттері:

— серпімділік  —  дененің  жүктемелерден кейін өз өлшеміне қайта келу қабілеті;

— қаттылық – ұлпаның сыртқы жүктемеге қарсы жұмыс істеу қабілеті;

— иілгіштік – ұлпаның сыртқы күштерге қарсы өлшемін өзгерте алу қабілеті;

— беріктік – денелердің сыртқы күштердің әсерінен бұзылуларға қарсы тұру қабілеті;

— созылмалылығы – денелердің күш әсер етіп болған соң өлшемдерінің өзгерісін сақтау қабілеті:

— сынғыштық – материалдың білінетін деформация қалдығынсыз бүліну қабілеті;

— тұтқырлық – дененің тангенстік кернеулер жұмыс жасағанда формасының өгеруіне қарсы тұру қабілеті;

— аққыштық – ортаның бір қабаттан екінші қабатқа белгілі бір жылдамдықпен ауыса алу қабілеті;

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1.Қан айналым жүйесі дегеніміз не?

2.Қан қозғалысын қалай түсінесің?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Тестпен жұмыс.

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]