Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
яяяяяяииииии.rtf
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет

Қарапайым органикалық эмоцияларды бала туылғаннан бастап басынан кешіреді. Ең бірінші – жағымсыз эмоциялар байқалады. Олар: жылау, шыңғыру, т.б. ішкі және сыртқы ағзаның жағымсыз әсер етуіне жауап ретінде, мысалы, температураның төмендеуі, қарын ашу, суланған жаялықтар, т.б. Нәжістің бұзылуы, кешігіп берілген тамақ, балаға қатал дауыспен сөйлеу, осының барлығы эмоциялық реакция тудырады. Эмоциялық қозу кең түрде иррадиацияланады, эмоциялар басым, бірақ тез сөнеді.

Өмірінің бірінші айында анасына үлкен қуаныш әкелетін нәрсе ол – баланың күлуі. Алайда бұл күлкіні, жымиюды адамдардың күлкісі деуге болмайды. Өйткені, баланың көзі жабық немесе адамның бетіне емес, басқа жаққа қарауы мүмкін, бірнеше секундтан кейін мұндай күлімсіреу қабақтың шытылуымен немесе есінеумен алмасуы мүмкін. Психолог-ғалымдар мұндай күлімсіреуді «физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атаған.

Өмірінің үшінші аптасында немесе бірінші айда балада ересек адамға бағытталған күлкісі пайда болады. Бірте-бірте бала анасының күлгеніне жауап ретінде күлімсірейді.

Қорыта айтқанда, баланың бірінші айдың соңында пайда болған күлкісі қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болып табылады. Мұндай күлімсіреу жаңадан туған бала мен нәрестелік кезеңнің шекарасы болып табылады

18.адам омириндеги арманнын роли

Арман ешқашан таусылмайды. Арманы таусылған адам бұл дүниелік емес. Қартайған шал-кемпірдің де арманы болады. Егер шын жүректен қалап, ниет етіп, талпынсаңыз қалаған арманға қол жеткізуге болады. Арманға жету шарты — тынбай еңбек ету, іздену. «Алма піс аузыма түс» — деп жата берсеңіз, сіздің арман орындала қоймайды, тек сәттілік болып, орындалып кетпесе, бірақ олай болған күннің өзінде қадір-қасиеті қалмайды.

19.

Баллардын мектептеги психологиялык дайындыгын айкындауын роли

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі – өнегелі, жігерлі, дербестік және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:

— Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;

— Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

— Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

— Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

— Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады