- •5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
- •8.Биринши екинши сигнал жуйеси
- •9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
- •10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
- •12.Кияалдагы образды кайта жасау механизми
- •13 Акын жазушылардын психологиясы
- •14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
- •17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет
- •20.Балларды тест адиси бойынша зерттеу
- •21.Кабылдау процесин зерттеу адистери.
- •24.Кабылдаудын турлери мен зандылыктары
- •26.Ойлау мен сойлеу процестеринин айырмашылыгы
- •27..Биринши екинши сигнал жуйеси
- •28.Естин негизги турлерине сипаттама
- •29.Балларда есте сактау жане оны тарбиелеу жолдары
- •32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
- •33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
- •34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
- •35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
- •36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
- •37. Ойлаудын дамуына байланысты отандык галымдардын коз карасы
- •38.Баллардын зейнин тарбиелеу
- •42.Киял турлери жане жасаслу жолдары
14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі - оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері - қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу, т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс. «Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Бұл - жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция - адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі - эмоция - жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
15.
Енбек арекетинин бала психикасынын дамуына тигизетин асери
Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.Баламен тек психология ғылымы ғана айналысып қоймайды, өзге ғалымдар да (педагогика, анатомия мен физиология) өз саласы тұрғысынан зерттейді.
Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана қоймай мектепте оқитындардың ұғымталдығын және ой-өрісінің, интеллектісінің қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай «есею» деген ұғым бұрынғыдан қазір өзге мағынада қолданылады: бұл сан-алуан есептерді шығарудағы шеберлік, тапқырлық, не өзге пәндердегі мазмұнды ұғынып, солардың тиісті қорытынды жасай алуы т.б.Жасөспірім психологиясы сол сан алуан ұғымталдық, ақыл т.б. және осыларды туғызатын жағдайлар мен факторларды және интелектінің қалайша қалыптасатынын зерттейді. Есеюге байланысты бұл жәйттерді зерттеу-балалар –бақшасы мен мектептер үшін маңызды мәселенің бірі. Өйткені әр жастағы баламен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін, сол жұмыс үстінде ұқыптылық пен ақылдың қаншалықты дамитынын білу өте қажет.
16.Оку арекетинде бала психикасынын дамуына тигизетин асери
1.Мектепке оқуға психологиялық дайындықтың мәні. «Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.
Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.
«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.
Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д.Б.Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:
Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;
Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;
Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;
Талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы. Бұл – еріктіліктің дамуының шамасы.
Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын зерттеуде баланың меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес, зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне баса көңіл бөледі: «бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек» (Божович Л.И.,1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек.
Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі:
-ересектермен ерікті қарым-қатынас
-құрдастармен ерікті қарым-қатынас
-өзінің өзіне қарым-қатынасы
Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты өзге балалар мен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге келе алуы, қорғана білуі де керек. Баланың белгілі бір әлеуметтік ортадан алған мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімдері мен оған нақты бір қатынасы болуы керек.
