- •5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
- •8.Биринши екинши сигнал жуйеси
- •9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
- •10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
- •12.Кияалдагы образды кайта жасау механизми
- •13 Акын жазушылардын психологиясы
- •14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
- •17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет
- •20.Балларды тест адиси бойынша зерттеу
- •21.Кабылдау процесин зерттеу адистери.
- •24.Кабылдаудын турлери мен зандылыктары
- •26.Ойлау мен сойлеу процестеринин айырмашылыгы
- •27..Биринши екинши сигнал жуйеси
- •28.Естин негизги турлерине сипаттама
- •29.Балларда есте сактау жане оны тарбиелеу жолдары
- •32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
- •33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
- •34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
- •35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
- •36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
- •37. Ойлаудын дамуына байланысты отандык галымдардын коз карасы
- •38.Баллардын зейнин тарбиелеу
- •42.Киял турлери жане жасаслу жолдары
10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
Тұлға психологиясында түрткі, өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі, құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б. сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді. Жас ерекшеліктері психологиясының әлеуметтік психологиямен байланысы баланың мінез-құлқы мен дамуының оның өзі кіретін топтарға: отбасына, балабақша тобына, мектеп сыныбына, жасөспірімдер ортасына тән ерекшеліктерге байланыстылығын бақылауға мүмкіндік береді.
Қиялдың дамуы. Бастауыш мектеп жасында бала өз қиялында әр түрлі ситуацияларды құрастыра алады. Бір затпен екінші заттың орын басуының қалыптасуы, қабылдау іс-әрекетінің басқа түрлеріне ауысады.Оқу іс-әрекеті жағдайында балаға мағыналы іс-әрекетерді қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы талаптар қояды. Мұғалім сабақ үстінде әр түрлі ситуацияларды елестетуді ұсынады. Бұл оқу талаптары қиялдың дамуына мүмкіндік туғызады, бірақ олар арнайы құралдармен қуаттануды талап етеді. Бұл шынайы құралдар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер т.б. заттар болуы мүмкін.Алты-жеті жастағы балалар сұйықтың бағанасы және сақталу саны туралы дұрыс болжам жасады. Бірақ бала сұйықтың өзгеру деңгейін дұрыс болжап, одан кейін сұйықтың сақталу санын жоққа шығаратын өтпелі кезең болып табылады.Мұндай зерттеулерден Ж. Пиаже мынадай қорытынды жасады: алдымен қиял статикалық түрде ішкі елестету жағдайымен шектеледі; қиялдың дамуына байланысты бала алғыр және жігерлі болады.
11.
Қиял түрлері жане жасалу жолдары
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі — түс . Түстің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Үйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Осы "күзетші пункттерде" біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі.Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бүлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге үқсатады. Леонардо да Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бүлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болады дейді. Бүл айтылғандардың бәрі
— ырықсыз қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Бүл
— қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчестволық әрекетімен тығыз байланысып жаткан түрі. Актив киял кейде ырықты қиял деп те аталынады. Актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып ушке бөлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нөрсені елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды.
Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар беріп отырады
