- •5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
- •8.Биринши екинши сигнал жуйеси
- •9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
- •10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
- •12.Кияалдагы образды кайта жасау механизми
- •13 Акын жазушылардын психологиясы
- •14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
- •17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет
- •20.Балларды тест адиси бойынша зерттеу
- •21.Кабылдау процесин зерттеу адистери.
- •24.Кабылдаудын турлери мен зандылыктары
- •26.Ойлау мен сойлеу процестеринин айырмашылыгы
- •27..Биринши екинши сигнал жуйеси
- •28.Естин негизги турлерине сипаттама
- •29.Балларда есте сактау жане оны тарбиелеу жолдары
- •32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
- •33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
- •34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
- •35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
- •36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
- •37. Ойлаудын дамуына байланысты отандык галымдардын коз карасы
- •38.Баллардын зейнин тарбиелеу
- •42.Киял турлери жане жасаслу жолдары
8.Биринши екинши сигнал жуйеси
Бірінші сигналдық жүйе адамдарда да, сонымен қатар жануарларда да бар. Бірінші сигналдық жүйенің әрекеті сөзден басқа (айтылу, жазылу, жесттік сөз (қимылдық)) тітіркендіргіштерге қалыптасқан. Олартты рефлекстер түрінде көрініс береді.
Бізге белгілі нерв жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құибылыстардың өздері болып табылады. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі немесе бірінші сигналдық жүйе. Адамдар қоғамының дамуы қарым-қатынастың құралы ретінде тілді дамытты. Ұғынықты сөйлеу тіл адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз.
Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші сөз болып табылады. И.П. Павлов екінші сигналдық жүйені сигналдардың сигналы деп атайды.
Екінші сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ бейнелейді, сонымен қатар қормаған ортадан ақпаратты алады. Екінші сигналдық жүйе адамның жоғары ой-сана қабілетінің негізі болып табылады.
Сөз сөйлеудің өзі рефлекторлық сипатта болады. Бұл пікірді кезінде Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Екінші сигналдық жүйенің таңқаларлық бір ерекшелігі-шартты байланыстардың жасалуының жылдамдығы өте шапшаң жүреді.
Егер адамға белгілі бір қимыл-қозғалыс актісін ойла десе сол кезеңде осы қимыл-қозғалысты жүзеге асыратын бұлшықеттердің функционалдық қалпы өзгереді. Моларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсарады, кейде тіпті сол актінің айқын көрініс бермейтін, әрең байқалатын қарапайым элементтері көрінеді. Кейде адам іштей ойлағанның өзінде, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқан құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғызбаса да кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшеюі саларынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актісінің. Өзі сөз арқылы берілмеген жағдайда да күрделі тізбекті рефлекс болып табылады.
Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жартымалар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз бірін-бірі тудырып отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық үрдістің негізгі бір компоненті деп қаралуы керек. Сөйлеу негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
коммуникативтік (өзара қарым-қатынас орнатушы);
түсіндіруші;
реттеуші;
9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сойлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін кызмет етедіАдам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. үшін сол үлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге тусіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды емес, тұрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айна-лысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
