- •5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
- •8.Биринши екинши сигнал жуйеси
- •9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
- •10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
- •12.Кияалдагы образды кайта жасау механизми
- •13 Акын жазушылардын психологиясы
- •14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
- •17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет
- •20.Балларды тест адиси бойынша зерттеу
- •21.Кабылдау процесин зерттеу адистери.
- •24.Кабылдаудын турлери мен зандылыктары
- •26.Ойлау мен сойлеу процестеринин айырмашылыгы
- •27..Биринши екинши сигнал жуйеси
- •28.Естин негизги турлерине сипаттама
- •29.Балларда есте сактау жане оны тарбиелеу жолдары
- •32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
- •33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
- •34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
- •35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
- •36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
- •37. Ойлаудын дамуына байланысты отандык галымдардын коз карасы
- •38.Баллардын зейнин тарбиелеу
- •42.Киял турлери жане жасаслу жолдары
Жауаптар
1.Казакстанда психология гылымынын даму жолдары
Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылыми және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден асты. Оның 30-дан астамы кандидат, 5-уі ғылым докторлары.
2.
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру. Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын.Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л. Н. Толстойдың еңбектерінде кездеседі.
Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық «дағдарыс» кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі.
1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейінгі кезең – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды
16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру балалар бақшасында, не мектепте ресми түрде қабылданған жастарға үнемі ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.
3.Сабидин ес процесин ерекшеликтери
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін төрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі — баланың есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын үмытпай, есте сактауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбір мүғалімнің міндеті.Бірақ бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар ғана емес, соңдай-ақ сабаққа, жекеленген пәндерге деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды. Тәжірибе жоғарғы психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді. Бастауыш мектеп жасында естің жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді. Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз болады.
4.
Қабілет туралы угым жане кабылет жане нышан
Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістімізАрнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.
Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін.
5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
Бала үлкендерге туғанынан тәуелді. Өйткені органикалық қажетсінуін және де жаңа әсерлерге деген қажетсінуін үлкендер қанағаттандырады. Сонымен үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағатаныдарыды: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалнын көруге , қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Нәрестенің үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа ( өзіне) қарым-қатынасы әрқашан басқа адаммен қарым- қатынас жасау призмасы арқылы өтеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік , қоғамдық бойынша қарым-қатынас болады.1 жастағы балада заттық қабылдау, бірақта ол толық жетілмеген. 2 жаста бала заттың қасиеттерін әліде болса айыра алмайды, оны тек ашық белгілеріне қарай ажырата алады. 3 жаста бала заттың формасын, көлемің, түрін ажырата алады. Сонымен бірге үлгі бойынша көріп қабылдайды. 3 жаста бала 5-6 форманы және 8 түсті меңгеруі тиіс. Естіп қабылдау жедел дамиды. Зейіні ырықсыз. Зейін көлемі тар алаңболушылық басым. Есі ырықсыз естің басты ролі қайталауда. Қимыл-қозғалыс есі басым екені көрініс береді.
6.
тұлға туралы жалпы тусиник жане аныктамасы
Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, байланыстырады, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
1«Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез
тулга
ТЕМПЕРАМЕНТ
НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР
МОТИВАЦИЯ
(БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)
МІНЕЗ
ЕРІК
СЕЗІМ
7.жети жастагы баланын дагдарысы
Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезенде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер шығады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеңнен әлдеқайда күрделі сипатта болады.Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді. Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңі болғанымен, оның төңірегінде оған жете мен бермейді. Мұнда қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресс өзінің сыртқы тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағьна қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім де таңданбайды. Өйткені мұңдай мінез көріністері жеті жасар балаларға тән ерекшелік екендігі оның дамуындағы заңды құбылыса тән мінез және онын ұяндықтан ажырап, өзіндік ерекшеліктерін сыртқа шығару белгілері болып саналады.Жеті жастағы баланын дағдарысының ең басты көрініс- оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
