- •1.Ұлттық Идея ұғымы.
- •5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
- •6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
- •7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
- •8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
- •9. Күлтегін жазба ескерткіштері
- •10. Тоныкөк және көне түркі жазба ескерткіштері
- •11. Түркі өркениетінің қалыптасуы, дамуы
- •12. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі.
- •13. Көне жазба руникалық ескерткіштер
- •14. «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуның тарихи негіздері
- •15. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мазмұны
- •16. Қорқыт Ата мұраларының рухани және дүниетанымдық құндылықтары.
- •17. Мәңгілік өміртуралыҚорқытАтаныңтолғаныстары
- •18. Ұлы философ Әл Фарабидіңмемлекеттік және қоғамдыққұрылымтуралыілімдері
- •19. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы» еңбегі
- •20. Ж. Баласағұнидің мемлекеттіліктуралықоғамдық, саяси және философиялықкөзқарастары
- •21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
- •24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
- •26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
- •27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
- •28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
- •29. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы
- •30. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері
- •31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
- •34. «Діл» ұғымының мәні
- •35.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Елбасы
- •36. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары
- •37. «Мәңгілік ел» идеясыжәнеконфессияаралықтолеранттылық
- •38.Қазіргі Қазақстандағыконфессионалдықжағдай.
- •39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы
- •40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары
- •41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
- •42. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепциясының мақсат-міндеттері
- •43. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепцияның орындалу механизмі
- •44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы
- •44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары
- •45. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары
- •46. Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі
- •47. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері
- •48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы
- •49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
- •50.Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма. Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. 22. Қазақхандығыныңқазақмемлекетінсақтаудағыжәненығайтудағырөлі.
Қазақ төрінде отырып, халық қамын ойлаған ойлы хандар аз болған жоқ. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп қазақ халқы тегін айтпаған. Ең өкініштісі сол, кемелді ойды кері тартқан Кеңестік дәуірде қасиетті хандар да, қабырғалы билер де, ақ ниетті ақсақалдар да теріс ниетті адамдар бейнесінде сипатталды. Сол кезде әйгілі қазақ ақыны Ғафу Қайырбеков: Бір сұрақ осы күні мен аңғарған, Сұрап келем білікті адамдардан. Өзге жұрттың патшасы жақсы болып, Қазақ ханы неліктен жаман болған? - деген өлеңінде сұрақ та, шындық та бар болатын. «Дұшпаныңа да әділ бол» деп данышпан Абай айтқандай, әділін айтқанда елдің тәуелсіздігін, бүтіндігін, бірлігін, тендігін, байлығын, ар-намысын ойламаған хан да, би де, батыр-бағлан да болған жоқ. Хан елге жау келгенде жау-жарағын асынып, қан майданда қол бастап жүрді. Бұйдаш, Мамаш, Тоғым, Хақназар, Тәуекел, Салқам Жәңгір, Кенесары хандар сондай соғыста шейіт болды. Демек олар біздің еліміз бен жеріміз, келешек ұрпақтың бақыты, бостандығы үшін қасық қаны қалғанша күресті. 23. Қазақхандығыныңмемлекеттікқұрылымы
Бұл кезде қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттық қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады . қазақ хандығының басқару жүйесі жеті тармақтан тұрды. Ауылдық басқару, ата-аймақ., рулық басқару,ұлыстық билік және жүздік және хандық билік,қазы( құрылтай немесе мәслихат) жайлы. (ХҮ – ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының ең жоғары билеушісі хан болды. Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайланатын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан билер үш рет көтеріп «хан, хан, хан» деп айқайлаған. Одан кейін сол ақ киізді «тәбәрік» деп бір жапырақтап бөлісіп алған. Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізді. Хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отыра алған. Аға сұлтан тек Шыңғыс тұқымдарына берілген.
24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
«Қазақ елі» идеясының өмірге келуі XIV-XV ғасырларға, яғни қазақ ұлтының дербес этникалық құрылым ретінде қалыптасу кезеңіне тұспа-тұс келеді. Оның өмірлік шынайы фактіге айналуы ұлттың территориялық және экономикалық тұтастығының, мәдени және тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуына негіз болды. Сонымен бірге, «Қазақ елі» идеясының одан мезгілдік тұрғыдан көне және географиялық ауқымы тұрғысынан кең «Түрік Елі» идеясы арнасында өміршеңдік сипат алғанын ұмытуға болмайды. 25. Қазақ би-шешендеріменақын-жыраулардынруханимұралары
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII - XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV - XV ғғ.) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV - XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV - XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең - жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал - мәтелдердің орны ерекше.
