- •1.Ұлттық Идея ұғымы.
- •5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
- •6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
- •7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
- •8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
- •9. Күлтегін жазба ескерткіштері
- •10. Тоныкөк және көне түркі жазба ескерткіштері
- •11. Түркі өркениетінің қалыптасуы, дамуы
- •12. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі.
- •13. Көне жазба руникалық ескерткіштер
- •14. «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуның тарихи негіздері
- •15. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мазмұны
- •16. Қорқыт Ата мұраларының рухани және дүниетанымдық құндылықтары.
- •17. Мәңгілік өміртуралыҚорқытАтаныңтолғаныстары
- •18. Ұлы философ Әл Фарабидіңмемлекеттік және қоғамдыққұрылымтуралыілімдері
- •19. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы» еңбегі
- •20. Ж. Баласағұнидің мемлекеттіліктуралықоғамдық, саяси және философиялықкөзқарастары
- •21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
- •24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
- •26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
- •27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
- •28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
- •29. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы
- •30. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері
- •31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
- •34. «Діл» ұғымының мәні
- •35.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Елбасы
- •36. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары
- •37. «Мәңгілік ел» идеясыжәнеконфессияаралықтолеранттылық
- •38.Қазіргі Қазақстандағыконфессионалдықжағдай.
- •39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы
- •40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары
- •41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
- •42. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепциясының мақсат-міндеттері
- •43. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепцияның орындалу механизмі
- •44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы
- •44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары
- •45. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары
- •46. Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі
- •47. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері
- •48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы
- •49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
- •50.Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды. Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.
Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.
9. Күлтегін жазба ескерткіштері
Күлтегін жазуы * ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласағанқаласыныңқирағанорнынансолтүстіккеқарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзумонастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тасбағана бес бұрыштық алқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығтегін (8 ғасыр). «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.
