Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.04 Кб
Скачать

48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы

Елімізде 2008 жылдан бастап, Елбасының идеясымен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның басым бағыттары: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу болып отыр. Жобаның мәні туралы Елбасы  Н.Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының  негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген еді. Бүгін де осы мақсатқа жету үшін  еліміздің ғылыми элитасы қоғамды зерттеп, оның интеллектуалды әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Қазақстан халқының интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман  жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып,  бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары.

49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар

Жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамыту тікелей оның интеллектуалдық белсенділігіменбайланысты. «Белсенділік» ұғымы іс-әрекеттің алғы шарты ретінде қарастырылады. Белсенділік іс-әрекеттің маңызды қыры, оның сапасы, оның қалыптасуының, өзіндік жүзеге асырылуының, өзіндік қоғалысының динамикалық жағдайы болып табылады. Іс-әрекет субъектіден тыс болмайтындықтан, белсенділік іс-әрекетті жүзеге асыратын субъектінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Интеллектуалдық белсенділік – бұл шығармашылықтан айтарлықтай ерекшелігі бар, жете түсінілген, өнегелі бағдарланған еңбек іс-әрекеті, танымдық және мотивациялық факторлардың бірлігі.

Интеллектуалдық белсенділіктің үш сапалы деңгейі бар:

 1. Ынталандыратын-өнімді (пассивті) – адам өзінің жұмыстағы міндетін адал атқара отырып, көрсетілген деңгейде немесе алғашқы табылған тәсілмен жұмыс істеу деңгейінде қалады.

2. Эвристикалық деңгей – адам интеллектуалдық белсенділік білдіреді, оған сыртқы фактор да және іс-әрекет нәтижесіне қанағаттанбағандықты білдіретін субъективті баға да әсер етпейді. Мәселені шешудің сенімді тәсілін таба отырып, мәселені талдауды жалғастыра отырып, оны шешудің жаңа, төл тәсілін табады. 

3. Креативті (интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейі) – субъектінің тапқан эмпирикалық заңдылығы оған өзінің шешетін мәселесіне  айналады, оны зерттеу үшін ол сырттан ұсынылған іс-әрекетті тоқтауға дайын.

Интеллектуалдық белсенділік – дәстүрлі еңбекке қабілеттіліктен ерекше, интеллектуалдық еңбекке қабілеттіліктің сипаттамасы. Интеллектуалдық белсенділікті қамтамасыз ететін негізгі фактор – қазіргі экономикаға қажетті мамандарды даярлау болып табылады. Студенттің интеллектуалдық әлеуетінің даму көрсеткішінің бірі ретінде электрондық портфолионы алуға болады. Электрондық портфолио ескірмейді, тозбайды, ол мазмұны жаңарып, толықтырылып отыратын маманның ақпараттық жүйесі болып табылуы тиіс. Ол болашақ маманның, кейіннен маманның интеллектуалдық әлеуетінің даму деңгейін сипаттайтын электрондық құралға айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]