- •1.Ұлттық Идея ұғымы.
- •5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
- •6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
- •7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
- •8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
- •9. Күлтегін жазба ескерткіштері
- •10. Тоныкөк және көне түркі жазба ескерткіштері
- •11. Түркі өркениетінің қалыптасуы, дамуы
- •12. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі.
- •13. Көне жазба руникалық ескерткіштер
- •14. «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуның тарихи негіздері
- •15. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мазмұны
- •16. Қорқыт Ата мұраларының рухани және дүниетанымдық құндылықтары.
- •17. Мәңгілік өміртуралыҚорқытАтаныңтолғаныстары
- •18. Ұлы философ Әл Фарабидіңмемлекеттік және қоғамдыққұрылымтуралыілімдері
- •19. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы» еңбегі
- •20. Ж. Баласағұнидің мемлекеттіліктуралықоғамдық, саяси және философиялықкөзқарастары
- •21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
- •24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
- •26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
- •27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
- •28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
- •29. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы
- •30. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері
- •31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
- •34. «Діл» ұғымының мәні
- •35.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Елбасы
- •36. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары
- •37. «Мәңгілік ел» идеясыжәнеконфессияаралықтолеранттылық
- •38.Қазіргі Қазақстандағыконфессионалдықжағдай.
- •39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы
- •40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары
- •41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
- •42. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепциясының мақсат-міндеттері
- •43. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепцияның орындалу механизмі
- •44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы
- •44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары
- •45. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары
- •46. Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі
- •47. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері
- •48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы
- •49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
- •50.Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
Қaзaқ хaлқының дәстүрлi мәдeниeтiнiң дiңгeгi, ұлттың тaрихи өзiндiк сaнaсының өзeгi – көшпeндiлiк құбылысы.Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды. Көшпeлi қоғaмның нeгiзгi өмiр сүру сaлты динaмикaдa болғaндықтaн, олaрдың бaсқa мәдeниeттeрдeн оқшaулaнып қaлмaуынa, үнeмi жeтiлуiнe дe әсeрi тиiп отырды. Өркeниeттiң өзiн тaзa мәдeниeт дeп сaнaйтын A. Тойнби: «Көшпeндiлeрдiң тaртқaн сaзaйы, шындығынa кeлгeндe, эскимостaрдaн кeм болмaды. Олaр бaғындырғысы кeлгeн тaбиғи жaғдaй өздeрiн дaлaның қожaсы eмeс, кeрiсiншe, құлы қылды. Эскимостaр сeкiлдi көшпeлiлeр дe жылдың төрт мeзгiлi мeн тaбиғaттың тұтқынынa aйнaлды. Дaлaмeн бaйлaнысты жолғa қоямын дeп жүрiп, әлeмнeн қол үздi. Олaр өз жeрлeрiн жиi-жиi тaстaп, көршiлeс отырықшы өркeниeт иeлeрiнe бaсa көктeп кiрiп, көршiлeрiнiң қaлыпты тiршiлiк aғысын тaлaй мәртe тоқтaтып тaстaды. Көшпeлiлeр тaрихи оқиғaлaрғa осылaй aйбaрын тaнытқaндықтaн, олaрды тaрихы бaр қaуым дeугe болмaйды» , - дeгeн болaтын. «Тaрихы жоқ қaуым» дeгeннiң aрғы жaғындa тұрпaйы хaлық, тaғы қоғaм, дaмуы жоқ дәрeжe жaтыр.Көшпeлi этностaрдың үздiк жeтiстiктeрiн бойынa сiңiрe отырып, өзiндiк көшпeлi шaруaшылық-мәдeни дәстүрiн сaқтaп қaлғaн бiрдeн-бiр хaлықтaрдың бiрi – қaзaқтaр. Сондықтaн дa олaрдың дәстүрлi этномәдeниeтiнiң нeгiзгi aрхeтипi – көшпeндiлiк.
6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
Өркениет дегенде, алдымен «мәдениет» ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді. Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет— айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылады. Көшпенділер өркениеті. Қазіргі қазақтардың және Орталық Азия мен Еуропаның шығысын мекен еткен өзге түркі тілді халықтардың бірқатарының ата-бабалары — қыпшақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл кәсіпті қыпшақтар өздерінен бұрын өмір сүрген сақ, ғүн тайпаларынан кейін түрлі аттар мен түрлі тармақтарға ыдырап, жеке ұлттардың негізін құраған түркі тайпаларынан мұра ретінде қабылдаған. Көшпенділер өркениетін қоғамда орыналған рухани құндылықтар мен идеялар жүйесі тұрғысынан бағалау нағыз адами қасиеттер молшылығына бастады. Көшпенді халықтардың, соның ішінде қазақтардың өмірлік қызметі, әлеуметтік қатынастары, рухани өмірі ізгілікке, мейірімділікке, парасаттылыққа және басқа адамгершілік нышандарға толы. Оларды көшпенділердің әрбір әрекетінен де, сөзінен де көруге болады. Көшпенділер өркениеті адами құндылықтар тұрғысьнан қарағанда бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық мүдделерін бір қатартолығырақ қанағаттандыратын, қоғамда жайлы адамгершілік-моральдық ахуал жасап отыратын болды.
7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
Түркі қағанаты империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге танытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.
Отырықшы және көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениетке маңызы зор болды:1)тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр) дінін таратты;2)металл қорытудың көне ордасы болды;3)төл жазуын тапты;4)жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;5)әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;6)сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.;7)дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниегекеліпті;8)мемлекетбасқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады;9)шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.
Артына терең тарихи мұра мен айтулы оқиғалар қаддырған, өзіндік мәдениеті қалыптасқан көшпелілер өркениеті түрік тілдес тайпалар мен халықгардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты. Ендеше қазақ тарихы әлемдік өркениеттің құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан өркениетін мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.
