Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.04 Кб
Скачать

44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары

Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи тамырларына зер салғанда қандай тарихи фактілер мен оқиғаларды білу қажет. Бұл Қазақ жерінің Ресей империясы құрамында болған кезеңде патша үкіметінің аумақтық, әкімшілік реформалары барысында халықтың этникалық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Қазақстан енді бірұлтты емес, көпұлтты елге айналды. 1897 жылғы санақ есебі бойынша Қазақстанда 4 млн. 147 мың адам өмір сүрген. Сол дәуірдің құжаттарының тілімен сөйлегенде халық «жергілікті» - қазақтар, «орыс қоныс аударушылары» болып бөлінген және «басқалар», яғни оған жоғары аталғандардан басқа этностардың бәрі кірген. Сол кезде Қазақстан Далалық және Түркістан генерал-губернаторлығы болып екіге бөлінді. Далалық өлкеде

қазақтар – 77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Жалпы Қазақстан бойынша халықтың этникалық құрамы төмендегідей көрсеткіштерді құрады: жергілікті халық – 85.7%, ХІХ ғ. соңына қарай қоныс аударушылар – 11.9%, басқа халықтар – 2,4%. XX ғ. басында «столыпин реформасы» кезінде Қазақстанға қоныс аудару қозғалысының белсенді жүргізілуіне байланысты еліміздің этникалық құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. І дүниежүзілік соғыс қарсаңында 1913 ж. қазақтар - 58,5%, ал орыстар 29,6% құрады. Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 3 627 612 адам немесе 58,5%, орыстар – 20,6%, басқа ұлт өкілдері – 20,9% құрады. Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты Қазақстанда 1930 – 1933 жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды . Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне асып кетті. 1939 жылы кезекті халық санағы жүргізілді. Оның нәтижелері этностардың ара салмағы күрт өзгергенін көрсетті. Аштық, миграциялық саясат қазақтар санының күрт азаюына алып келген-ді. Қазақтар - 37,9%, орыстар 40,2%, басқалар – 21,9%. Осы кезеңнен бастап Қазақстанның этникалық құрамының ерекшелігі, қазақ халқы өз атамекенінде аз ұлтқа айналды. 1989 жылы қаңтарда КСРО-дағы соңғы халық санағы өткізілді. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан хал қының саны 16 млн. адам болды. Қазақстан халқының құрамы сандық көрсеткішпен төмендегідей еді: қазақтар – 39,7%; орыс тар – 37,8%; басқалары – 22,5% құрады. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты елдегі этнодемографиялық ахуал да өзгере бастады. Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа құбылыс – ол қазақ халқының үлес салмағы елдегі басқа этностарға қарағанда арта бастады. 1999 жылғы санақ бойынша 53,4%, ал 2009 жылғы санақ бойынша 63% астам. Елдің этнодемографиялық дамуындағы бұл тенденция мемлекет құрушы ұлт – қазақтардың басқа этностарды топтастырудағы рөлін, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі жауапкершілігін айқындап тұрса керек. Ол Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің бейбітшілік, мәдениеті, рухани келісімге ұласу динамикасын көрсетіп тұр. Оның негізі қазақ халқының менталитетіндегі қонақжайлылық пен толеранттылық құндылықтары тұр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]