Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.04 Кб
Скачать

44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы

Адамзат өзінің даму жолында материалдық және рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырды. Ол көпқырлы құбылыстарды біріктіретін мәдениет деген ұғымға сайып келеді. Ол адамзат тұрмыс-тіршілігінің барлық салаларында көрініс береді. Ал антропогенез, этногенез үдерістерінің нәтижесінде түрлі нәсілдер мен нәсілдік топтар, этностар мен ұлттар қалыптасуымен бір уақытта олардың қарым-қатынас мәдениеті де қалыптасты. Ондағы мәдениет белгілері олардың өзара қарым-қатынасы негізінде көрініс тапты. Осылайша мәдениеттің бір түрі ретінде «ұлтаралық қатынас мәдениеті» пайда болды. Жалпылама түрде «ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымына мынандай анықтама беруге болады – түрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы кезінде көрініс беретін өмірлік нормалар. Ол көпұлтты қоғамдағы этносаралық қатынастар моделінің рухани негізі болып табылады. Ұлтаралық қатынас мәдениетінің құрылымы өте күрделі. Оған түрлі этностардың бір бірімен өзара қатынасы барысында көрініс табатын адамдардың этикалық, адамгершілік, идеялық, теориялық, саяси, тұрмыстық санасы мен мінез-құлқының аспектілері кіреді. Соған сәйкес ол тұрмыс-тіршіліктің жанұялық, тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық, саяси салаларында көрініс табады. Ұлтаралық қатынас мәдениетінің құрылымына этносаралық қатынас тың ұста нымдары енеді. Олар этностар арасындағы қарым-қатынастың ережелік жүйе сі болып табылады. Олар өзара тығыз байланысты және ерекше маңызға ие. Өйткені, адамдардың мінез-құлқы мен ұстанымдарын айқындап, оларды бағ дарлап отырады. Ұлтаралық қатынас мәдениетінің құрылымына сондай-ақ, этникалық бірегейлік пен өзіндік бірегейлік парадигмалары енеді. Себебі, олар ға адамның өзін белгілі бір этноспен және сол этностағы әлеуметтік ортамен қаншалықты байланысты екендігі, сол ортада қаншалықты өзін лайықты сезіне тіндігі айқындалады. Адамның нақты бір қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде сезінуі – ол оның сол қауымдастықтың құндылықтары мен қалыптасқан тәртіптерін қабылдауы мен белсенді қызметінің негізі б.т. Өз кезегінде ол мінез-құлық стереотиптерін қабылдап, ондағы өзінің рөлін айқындайды. Мұндай жағдайда сол қауымдастықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері, ғұрыптары, идеалдары мен құндылықтары әр бір тұлғаның ішкі мазмұнының бөлінбес элементтеріне айналады.

Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір құндылықтар мен идеалдарға негізделеді. Олар тиісті теориялар мен ілімдерде баяндалады. Ұлтаралық қатынас мәдениетінің психологиялық және мінез-құлық бөлігі адамдардың сезімі мен эмоциясына тікелей байланысты. Ол адамдардың қарым-қатынасы барысында тұрақты бір модель ретінде қалыптасады. Бұл жерде, сонымен бірге, оның мазмұнындағы саналылық негізін ескеру қажет. Соның ішінде бихевиористік негізді де.

Ұлтаралық қатынас мәдениеті түрлі этнос өкілдері арасындағы белсенді байланыстар негізінде қалыптасады. Себебі, белсенді қарым-қатынастар болған жағдайда ғана ұлтаралық қатынас мәдениеті қалыптасады. Оған ұлттық томағатұйықтық, бейтараптық, шектеулілік жат. Бұл қатынастар тек еңбек және қоғамдық қызмет жағдайында ғана емес, сондай-ақ, ол тұрмыстық, жеке өмір деңгейіндегі қатынастарда да ерекше көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]