Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.04 Кб
Скачать

39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы

Барлық азаматтар құқықтың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек. Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар - азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел - тағаттылық елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады», - деген еді Н. Назарбаев. - Қазақстандық азаматтық біртектілік айтарлықтай деңгейде қалыптасып қалды. Профессоры Жаңылжан Жүнісованың айтуынша, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты жақында зерттеу жүргізіп, онда қазақстандық азаматтық біртектілік туралы сұрақты көтерген болатын. «Яғни, біздің халқымыз қаншалықты деңгейде өздерін ең бірінші кезекте қазақстандық ретінде санайды деген мәселе. Сұрау салынғандардың 70 пайызы өздерін ең алдымен Қазақстан азаматтары ретінде сезінетінін алға тартты. Бұл - аса жоғары көрсеткіш. Сонымен бірге, адамдардың аз ғана бір тобы ғана өздерін Қазақстандағы этнос өкілдері ретінде санайтынын көрсеткен», - деді Ж. Жүнісова.

40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары

Елбасының ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік деген тармағында айтқан тұжырымдары үлкен ой салды. Елбасының ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік деген тармағында айтқан тұжырымдары үлкен ой салды. Александр Суховецкийдің айтуынша, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам жөнінде жаңа бағыттарды белгілеп берді. Мұнда жаңа жаһандық дағдарыстар кезінде елімізді ілгері дамыту үшін кәсіби мемлекет құру мәселесі айтылады. «Елбасы: «100 қадам - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» деп атап көрсетті.Сондықтан бұл жаңа жоспар жаңа асуларды бағындыруға бағытталатын тың бастамалар болып табылады. Ел Мемлекет басшысының әр сөзін жақсылыққа балайды. Жаһанда дағдарыс есік қағып тұрғанда, оны айналып өту оңай шаруа емес. Елін ойлаған, халқын ойлаған Елбасымыз тұрғанда, біздің биігіміз ешқашан аласармайды деген ойдамын. Елбасының аталған ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік деген тармағында айтқан тұжырымдары үлкен ой салды. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады.

41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.

Бүгінгі таңда Қазақстандық қоғамда қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруіне бағытталған үштілділік саясаты жүргізілуде. Үштілділік саясаты ана тілін ұмытуды емес, керісінше, қазақ тілін бірінші орынға қоюды алға шығарады. Қазіргі уақытта көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін сам ғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Қазақстан Республикасында біздің мемлекетіміздегі халықтардың тілдік байлықтарын дамытуға оның қоғамдағы рөлін ұғынуға ерекше қамқорлық жасалады. Мұны тәуелсіз Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі «Қазақстан республикасындағы Тіл туралы Заңда» ( 11.07.1997ж.) Қазақстан халықтарының барлық тілдері еліміздің тарихи-мәдени мұрасы және ұлттық игілігі деп айтылуынан түсінуге болады. Қазақстанда тілдерді дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың үнемі бақылауында және қамқорлығында болып, ол Қазақстан халықтарына жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым білім беруді, мәдениетті және тілдерді меңгеруді назарында ұстады. Елбасының Жолдауында: «Ұрпақтарының денсаулығын, білім алуын және дүниетанымын қалыптастыруға қамқорлық жасаған халық ұрпақ тәрбиесінде даналық танытады... Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін олар бірдей меңгереді... Ол бүкіл әлемде атақты және құрметті атқа ие өз елінің патриоты болады» (Н.Ә. Назарбаев.). Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 29 маусымында №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттік тіл саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары атап көрсетілген. Қазақстандағы үштілділік идеясын Елбасы алғаш рет 2004 жылы көтерді, сөйтіп оған бірнеше рет қайта оралды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2006 жылдың қазан айындағы ХІІ сессиясында Елбасы аз дегенде үштілді меңгеру біздің балаларымыз үшін аса қажет екендігін қайта атап көрсетті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында Елбасы «Үштұғырлы тілдер» саясаты» атты мәдени жобаны таратуды кезеңкезеңмен бастауды ұсынды. Осы кезден бастап, өзінің танымалдығымен, тиімділік деңгейімен басқа елдерге үлгі болатын, Тәуелсіз Қазақстанның тілдік саясатының жаңа есептік кезеңі басталды. «Қазақстан барлық әлемге тұрғындарына үш тілді қатар қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс екендігін Елбасы бірнеше рет атап көрсетті.

Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – халықаралық тіл ретінде және әлемдік эко но миканың жетістіктері интеграциясы ретіндегі ағылшын тілі». (Н.Ә. Назарбаев). «Үш тұғырлы тіл» идеясы Елбасының қоғамның қажеттілігін өтеу және жаһандану жағдайына ықпалдасу ретіндегі уақыт талабына сай бастамасы қазақ стандықтар үшін аса маңызды. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ықпалдасуы: бүгінде кімде-кім басымдылық танытушы тілдер арқылы білім негіздерін меңгерсе, соған барлық есік ашық деген қарапайым ақиқатты түйсінуден тұрады. «Көптілділік Қазақстандағы тілдік жағдайдың маңызды және дәлелдеуді қажет етпейтін сипаты болып табылады. Ол қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердің белсенді қатысуымен жасалады» (Э.Д. Сулейменова). Көп тілді тұлғаның бір мезгілде бірнеше тілді меңгеріп, адамзат тәжірибесінің әлеуметтік маңызды «фрагменті» ретінде тіл білімі мен оны үйрену дағдысын, сөйлеу әрекетін нақты көрсете алатын, сондай-ақ тіл мен мәдениетке деген құндылықты тұрғыдағы қатынасына дербес тәрбиеленуі мен дамуы қазіргі ғылым мен бизнестің интеграциясында аса маңызды бола бермек және қоғамдық келісімді нығайтудың факторы болып қалмақ. Үштілділікті дамыту қазақстандық қоғамда бірыңғай саяси, идеологиялық, мәдени платформаның болуымен шарттас келеді. Бұл платформа: мемекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс тілін ұлтаралық қатынастар тілі ретінде және ағылшын тілін ғаламдық экономикаға табысты ықпалдасу мақсатында оқып үйренумен сабақтасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]