- •1.Ұлттық Идея ұғымы.
- •5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
- •6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
- •7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
- •8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
- •9. Күлтегін жазба ескерткіштері
- •10. Тоныкөк және көне түркі жазба ескерткіштері
- •11. Түркі өркениетінің қалыптасуы, дамуы
- •12. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі.
- •13. Көне жазба руникалық ескерткіштер
- •14. «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуның тарихи негіздері
- •15. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мазмұны
- •16. Қорқыт Ата мұраларының рухани және дүниетанымдық құндылықтары.
- •17. Мәңгілік өміртуралыҚорқытАтаныңтолғаныстары
- •18. Ұлы философ Әл Фарабидіңмемлекеттік және қоғамдыққұрылымтуралыілімдері
- •19. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы» еңбегі
- •20. Ж. Баласағұнидің мемлекеттіліктуралықоғамдық, саяси және философиялықкөзқарастары
- •21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
- •24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
- •26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
- •27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
- •28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
- •29. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы
- •30. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері
- •31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
- •34. «Діл» ұғымының мәні
- •35.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Елбасы
- •36. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары
- •37. «Мәңгілік ел» идеясыжәнеконфессияаралықтолеранттылық
- •38.Қазіргі Қазақстандағыконфессионалдықжағдай.
- •39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы
- •40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары
- •41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
- •42. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепциясының мақсат-міндеттері
- •43. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепцияның орындалу механизмі
- •44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы
- •44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары
- •45. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары
- •46. Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі
- •47. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері
- •48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы
- •49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
- •50.Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
Жалпы Алаш интеллигенциясы арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан-ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіпті Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын. Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жағдайында мұндай шараға бару мүмкін емес-тін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасындағы түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының, жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығы осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді. Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде «отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болса жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу ауадай қажет еді. Жіктелу керісінше, оны әлсіретіп, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді» деп пайымдайды М.Қ.Қойгелдиев. 32. Алаш қозғалысы және «Қазақ елі» идеясы
Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. 33. Кеңестік билік және «Қазақ елі» идеясы
Кеңестік билік – бұрынғы Ресей империясында Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 1907 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған. 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған. Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. Съезде 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 – 27 қазанда (7 – 9 қараша) жұмыс істеді. Ұлтымыздың алдыңғы қатарлы зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев және т.б. патша үкіметінің жүргізіп отырған отарлау, қоныстандыру, орыстандыру саясатына қарсы шығып, мерзімді баспасөзге мақалалар жариялап, патша атына үндеухат ұйымдастырғаны үшін түрлі жазаларға тартылды.
