- •1.Ұлттық Идея ұғымы.
- •5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
- •6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
- •7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
- •8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
- •9. Күлтегін жазба ескерткіштері
- •10. Тоныкөк және көне түркі жазба ескерткіштері
- •11. Түркі өркениетінің қалыптасуы, дамуы
- •12. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі.
- •13. Көне жазба руникалық ескерткіштер
- •14. «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуның тарихи негіздері
- •15. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мазмұны
- •16. Қорқыт Ата мұраларының рухани және дүниетанымдық құндылықтары.
- •17. Мәңгілік өміртуралыҚорқытАтаныңтолғаныстары
- •18. Ұлы философ Әл Фарабидіңмемлекеттік және қоғамдыққұрылымтуралыілімдері
- •19. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы» еңбегі
- •20. Ж. Баласағұнидің мемлекеттіліктуралықоғамдық, саяси және философиялықкөзқарастары
- •21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
- •24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
- •26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
- •27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
- •28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
- •29. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы
- •30. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері
- •31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
- •34. «Діл» ұғымының мәні
- •35.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Елбасы
- •36. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары
- •37. «Мәңгілік ел» идеясыжәнеконфессияаралықтолеранттылық
- •38.Қазіргі Қазақстандағыконфессионалдықжағдай.
- •39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы
- •40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары
- •41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
- •42. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепциясының мақсат-міндеттері
- •43. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепцияның орындалу механизмі
- •44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы
- •44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары
- •45. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары
- •46. Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі
- •47. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері
- •48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы
- •49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
- •50.Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
Көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды.
27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі.
Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.
1858-1859 жылдары Шоқанның "Жарық жұлдыз", "Қашқария сапары" оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
