- •1.Ұлттық Идея ұғымы.
- •5. Ертедегі көшпенділер өркениеті тарихи деректерде
- •6. Көшпенділер өркениеті ұғымы
- •7. Әлемдік өркениеттегі түркі мемлекеттерінің орны
- •8. Қазақстандағы VI-xiiIғғ. Отырықшы және көшпелі мәдениеті
- •9. Күлтегін жазба ескерткіштері
- •10. Тоныкөк және көне түркі жазба ескерткіштері
- •11. Түркі өркениетінің қалыптасуы, дамуы
- •12. «Түрік елі» идеясының өмірге келуі.
- •13. Көне жазба руникалық ескерткіштер
- •14. «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуның тарихи негіздері
- •15. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мазмұны
- •16. Қорқыт Ата мұраларының рухани және дүниетанымдық құндылықтары.
- •17. Мәңгілік өміртуралыҚорқытАтаныңтолғаныстары
- •18. Ұлы философ Әл Фарабидіңмемлекеттік және қоғамдыққұрылымтуралыілімдері
- •19. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы» еңбегі
- •20. Ж. Баласағұнидің мемлекеттіліктуралықоғамдық, саяси және философиялықкөзқарастары
- •21. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны
- •24. Ұлттық «Қазақелі» идеясыныңөміргекелуі
- •26.Ұлт ағартушыларының «Мәңгілік ел» идеясын дамытудағы рөлі
- •27. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі
- •28. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық қызметі
- •29. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы
- •30. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері
- •31. Алаш қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық құрылым туралы ой-пікірлері
- •34. «Діл» ұғымының мәні
- •35.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Елбасы
- •36. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары
- •37. «Мәңгілік ел» идеясыжәнеконфессияаралықтолеранттылық
- •38.Қазіргі Қазақстандағыконфессионалдықжағдай.
- •39.«Біртектілік» түсінігі, «азаматтықбіртектілік» ұғымы
- •40.«100 Нақты қадам » ұлт жоспары
- •41.Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.
- •42. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепциясының мақсат-міндеттері
- •43. «Болашағы бір тұтас ұлт» концепцияның орындалу механизмі
- •44.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы
- •44.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары
- •45. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары
- •46. Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі
- •47. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері
- •48. «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы
- •49. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
- •50.Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
1.Ұлттық Идея ұғымы.
Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Шығарманың түпкi түйiнi мағынасында да қолданылатыны бар. Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы. Жинақтай айтсақ, ұлттық идея сөз тіркесі тарихи ахуалға қарай этностың немесе мемлекеттің мұраты дегенге саяды.
2. Мемлекеттік идеология ұғымы.
Идеология (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз) – ілім, қоғамдық санаАлғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс.Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді, саясатшыларды «идеологтар» деп атап, оларды жаратылыстанумен айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы қойды. Қорытындылай келе – идеология дегеніміз белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ұлттық немесе әлеуметтік топтың түпкілікті мақсатқа жетуі көзделеді.Сонымен идеология жеке мүддені қолпаштайтын белгілі бір жүйеге келтіріліп, өңделген көзқарастардың жинтығы болып табылады. Мұндай жүйелерді арнайы идеологиялық қызметкерлер жасайды.
3.Ұлттық мұрат, ұлттық көшбасшы. Тарихта мемлекет пен қоғам көшбасшылары халықтың интеллектуалдық күш-қуаты мен ұлттық ресурсын біріктіріп, ортақ мақсатқа бастайтын жалпыұлттық идея тауып отырған. Қиын-қыстау кезеңнен ұлтты алға сүйреп шығаратын ұлттық идея лар мен ұлттық бірегейліктердің әлем дік тәжірибесін көптеп кездестіруге болады Идеология сондай-ақ мемлекеттін таяудағы жылдарға арналған саясатын айқындаушы ұлттық бірқатар мүдделерді де қамтиды. Бұл, ең алдымен, қазақ ұлтының өзінің экономикалық өcyi және мәдени өрлеуі; ауылдың, ауылдық елді мекендердің қайта түлеуі. Ұлттық мүдделер қазақтар мен басқа да этностардың материалдық және рухани дамуын қолдаудың арнаулы әлеуметтік багдарламаларын әзірлеуді көздейді. Идеялар мен мүдделер жүйесі пікір алысу қағидасына орай құрылымдалады 4. Ұлттық элита - әр ұлттың құрамындағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына неғүрлым белсенді ықпал ететін зиялылар топтары. Ұлттық элитаны ғылыми тұрғыдан мойындау қоғамның экономиканың дамуын,саясиөмірді, ғылымды, мәдениетті,қоғамдық процестерді басқару үшін ұлттық элитаның неғүрльш лайықты және дайындығы мол өкілдерін саралауын талап етеді. Алайда бұған ұлттық элитаның кейбір өкілдерінің басқалардан үстем болуға, белгілі бір артықшылықтарға жетуге, басқаның еңбегін пайдаланып баюға күш салуы қарама-қарсы келеді. Мұндай пиғылдар ұлттың бірлігін бұзады.
Ұлттық рух - халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық толсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығармашылығынан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық рухы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз.
