Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

19. Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз

Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша Патент Заңының 17 бабы 2 тармағы 1бөлігінің 1,2 және 4 тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екндігі тексеріледі, өтінім берілген күн анықталады. егер өтінім осы Заңның 17 бабы бойнша қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұймй өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды осындай хабарлама жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмегн болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге хабарлама жіберіледі.

Өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ресми сараптама жүргізеді, оның процесінде Патент Заңының 17 бабы 2 тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі, оларға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бірлігінің талабының сақталуы тексеріледі.мәлімделген шешімнің өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге жататындығы туралы мәселе қаралады сондай ақ басымдық күні белгіленкді және мәлімделген шешімнің ҚР да патнттелген өнертабыстырға, пайдалы модельдерге, ҚР қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың негізінде берілген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтінімдерге қаралатын өтінімнің басымдық күніне дейін сараптама жасау ұйымына берілген басқа өтінім берушілердің кері қайтарып алынбыған өтінімдеріне қатысты жаңалығына тексеру, сондай ақ өнеркәсіпте қолданылуына тексеру жүргізіледі. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталса мәні бойнша сараптама жүргізіледі.

20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз

Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде: 

1) өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;

2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы; 

3) өнеркәсiптік үлгiнің елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;

 4) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс. 

Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi. 

Уәкілетті органның пайдалы модельге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

 Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]