Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

11.Интелектуалдық меншік объектілеріне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.Қр «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша авторлардың принциптерін атаңыз.

Интелектуалдық меншік объектісіне қатысты субъектілердің қатынастар жіктелімін орнату негізінде, ең алдымен азаматтық құқықтық тұрғыдан бөлуді осы қатынасқа қолдануға болама деген сұраққа жауап беруі керек. Оған ҚР АК 2-бабының нормасы толық түрде қолданылады, онда азаматтық және заңды тұлғаны азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде айқындайды. Кодекстің осы бөлінуі әмбебап болып келеді және ҚР АК-ның «Интелектуалды меншік иелену құқығы» нақтылайтын Ерекше бөлімінен ғана емес, сонымен қатар, интелектуалды меншік объектісінің әр түріне байланысты мәртебесін реттейтін реттейтін арнайы Заң арқылы да өтеді. Яғни, авторлық құқық, патенттік құқық селекциялық жетістікке құқық, интегралды микросхема тополиясына құқық, ашылмаған жаңалыққа құқық, ерекшелейтін әдіске құқық субъектілерімен топтау жеке және заңды тұлғаға бөлінуге әкеп соғады. Субъектінің келесі екі ірі тобын интелектуалдық меншік объектісінің екі тобын айқындайды:

1. Интелектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесі

2. Азаматтық айналымға қатысушылард, тауарлады, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары

Осы объектінің екі негізгі тобына сәйкес, субъектінің де екі негізгі тобын көрсетуге болады:

1. Интелектуалдық шығармашылық нәтижесіне байланысты қатынас субъектілері

2. Дараландыру құралдарына байланысты қатынас субъектілері

Келешекте анықталатын ірі топ жіктелімін әртүрлі негізге байланысты жүргізуге болады.

Авторлық құқыққа патенттік құқықтың конструкциясы беріледі, ол авторлықтың презумпциясы деп аталады. ҚР АК 994- бабының нормасына сәйкес өнертабысқа , пайдалы модельге өнеркәсіптік үлгіге өтінім берген кезде авторы ретінде көрсетілген тұлға авторы болып табылады . Құқықтық қатынас субъектілеріне қосалқы авторлар жатады. Қосалқы авторлар Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңмен реттеледі, ол қосалқы авторлардың принциптерін бекітеді

Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi.

Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды.

12.Қазақстанның потенттік ведомствосы,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың байланыстарын көрсетіңіз

Қазпатент деп қазіргі кезде интеллектуалдық меншік құқығы бойынша ҚР Әділет Министрлігінің Комитетін атауға болады, яғни тауар белгісін потенттеу мен тіркеудің ең соңғы сатысы-патент және тіркеу туралы куәлікбері-осы органдпрмен іске асырылады.

Патенттік кітапхана.Ғылыми кітапхана патенттік жүйенің маңызды бөлігі,өйткені өнертапқыштар мен басқа да субъектілердің швғармашылық жетістігі мәлімет ресурсына қол жетпесе,іске асырылмайды.Патенттік сараптама өткізу үшін де,адамзаттың кез-келген аймақтағы жетістігі жайлы мәлімет керек.

Мемлекетте патенттік кітапхана болуы мемлекеттің Париж Конвенциясында мүшелігінің басты шарты.Біздің мемлекеттегі патенттік кітапхананың функциясын Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана атқарады.ОЛ көп бағытты кітапхана,техника және онымен байланысты ғылым аймағындағы әдістемелік және библтографиялық орталық.Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана құрамында 1965жылдан бастап Республикалық патенттік қор (РПҚ) жұмыс атқарады,ол патенттің «орталық сақтау» функциясын орындайды.Онда әлемнің 50мемлекеті мен 3Халықаралық аймақтық патенттік ұйым құжатының 21миллион көшірмесі жиналған.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бола алады.

Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттау, тiркеу және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк бepу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.

3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сараптама жасау ұйымында патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өтiнiш берушiнiң патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.

4.Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, патент иесiнiң оған берген сенiмхатымен куәландырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]