Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

6.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз

Өнертабыстың бірлігі. Өнертабысқа өтініш беруді толтыру кезінде өнертабыстың бірлігіне көңіл аударған жөн. Ол заңның 17- бабында белгіленген. Өнертабыс бірлігінің орындалуы төмендегілер жүзеге асса ғана орындалады:

-Өнертабыс формуласында бір ғана өнертабыс сипаталған болса;

-Өнертабыс формуласында бірнеше өнертабыс сипатталған болса, олардың біреуі екіншісін (мысалы зат немес құрылғы және құрылғы мен зат) толықтай немесе жартылай алу әдісіне арналған болса;

-Олардың тағы біреуі екіншісінің жүзеге асуы үшін (мысалы, әдістің толықтай немесе бір бөлшегінің әрекеттерін іске асыруға құрылғы немес әдіс – «ғарыштық аппараттың жұмыс істеуін жанармаймен жабдықтау әдісі»)

-Біреуі екіншісін қолдануға арналған (мысалы әдістерге қолданылатын амал мен зат және оның бөлшегі; құрылғы немесе заттың жаңа белгіленуі бойынша қолданылуы және қосалқы бөлшегі болып табылатын құрылғы немес компазиция).

Өнертабыс басымдығы және оны бекіту шарттары.

-Қазақстанның Патент заңымен өнертабыстың басымдығын орнатудың бірнеше ережелері белгіленген:

-Қазақстанның патент мекемесі өтініш беру күні бойынша;

- Париждік конвенцияға қатысушы мемелекетке бірінші өтініш түскен күннен бастап (конвенциялық басымдылық);

- өтініш берушінің Қазақстанның патенттік мекемесіне одан ертеректегі берген өтініш мезгілі бойынша;

- алғашқы өтініштің ҚазПатентке түсу күні бойынша;

- қосымша материалдардың берілу күніне байланысты.

Келесі жеңілдік ережесі басымдық. Ол ҚР Патент Заңының20-бабы 4-тармағына сәйкес мұндай басымдық сұралып отырған өтінім неғұрлым бұрын берілген өнертабысқа кем егенде 12 айда және неғұрлым бұрын берілген пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге өтінім алты айда түссе басымдық осы өтінім сараптама ұйымына берілген күн бойынша белгіленуі мүмкін.

Өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттарына: Жаңалық, өнертапқыштық деңгей, өнеркәсіптік қолданушылық жатады.

7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.Қр Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз?

Оның анықтамасынан микроорганизмдер штаммдары, жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары, қосылыстар, сонымен қатар ертеректе белгілі болған құрылғы, қосалқы әдісі, жаңаша штамм пайдалы модельге жатпайтындығы белгілі. Одан басқа ҚР патент Заңының 7- бабы 3- тармағына сәйкес пайдалы модель ретінде төмендегқатысты шешімдер қорғалмайды:

  1. Жаңалықтар, ғылыми теориялар, математикалық әдістер;

  2. Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;

  3. Ақыл ой операцияларын орындау, ойындарды жүргізу ережелері мен әдістері;

  4. Шартты белгілер, ережелер, кестелер;

  5. Есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердің өзі;

  6. Ғимарттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсілдері;

  7. Бұйымдардың тек сыртқы түріне қатысты ұсыныстар;

8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттік шарттарын атаңыз? Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз?

Қоғамдық мүдделерге, ізгілік пен мораль принцитеріне қайшы келетін ұсыныстар.

Пайдалы модельдің патентке қабілеттілік шарттары. ҚР Патент Заңының 7-бабына сәйкес «егер пайдалы модель жаңа және өнеркәсптік қолдануға жарамды деп танылса, оған құқықтық қорғау беріледі».

8. ҚР Патент Заңының 7-бабы пайдалы модель анықтамасын береді және пайдалы модель объектісінің патенке қабілеттілігін анықтай алады: өндіріс құрал жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктерін конструкциялық орындау пайдалы модельге жатады.

Патент заңының 7-бабында және Қазақстан Республикасындағы пайдалы модельдер сипаттамасына арналған нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген пайдалы модель анықтамасына сәйкес дербес жағдайларда келесідей белгілер қолданылады:

  • Конструктивті элементтің болуы;

  • Элементтер арасындағы байланыстың болуы;

  • Элементтердің өзара орналасуы;

  • Элементті (элементтерді) немесе жалпы құрылғыны жасау формасы;

  • Элементтің (элементтердің) өлшемдері мен басқа сипаттамалары және олардың бір-бірімен байланысы;

  • Элементтің (элементтердің) немесе толықтай құрылғының жасалынған материалы;

  • Элемент функциясын атқарушы орта.

Пайдалы модельдің патентке қабілеттілік шарттары. ҚР Патент Заңының 7-бабына сәйкес «егер пайдалы модель жаңа және өнеркәсптік қолдануға жарамды деп танылса, оған құқықтық қорғау беріледі».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]