- •1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз? Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?
- •2.Патенттің құқықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплексті патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?
- •3.Қандай объектілер өнертабыс ретінде қорғалады?Олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз
- •4.Қр Патент Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес өнертабыс деп танылмайтын объектілер тізімін атаңыз,мысал келтіріңіз?Бұл объектілер қр қандай Заңымен қорғалады
- •5.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз?
- •6.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз
- •7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.Қр Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз?
- •8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттік шарттарын атаңыз? Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз?
- •9.Қр Патент Заңына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге анықтама беріңіз.Өнеркәсіптік үлгінің қандай түрі бар?
- •11.Интелектуалдық меншік объектілеріне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.Қр «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша авторлардың принциптерін атаңыз.
- •12.Қазақстанның потенттік ведомствосы,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың байланыстарын көрсетіңіз
- •13.Өнертабысқа өтінім беру талаптары қандай және Патент Заңы бойынша өтінімде қандай құжаттар болуы міндетті
- •14.Өтінімдегі сенімхат не үшін арналған, оның жарамдылық мерзімдерін табыңыз
- •15.Өнертабыстың формуласын, өнеркәсіптік қолдануын, жаңалығын және өнертабыстық деңгейін тексеру қалай жүзеге асырылады?
- •16. Пайдалы модельге өтінім беру талаптары, өтінім құжаттары және өтінімге қосымша құжаттар туралы баяндаңыз
- •17. 1971 Жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патеттік жіктелім туралы Страсбург Келісімі бойынша пайдалы модельдің сипаттамасы қандай бөлімдерден тұрады, олардың өзара байланыстарын көрсетіңіз?
- •18.Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама қалай жүргізіледі?
- •19. Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз
- •20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз
- •21.Лицензиялық келісімшарттар дегеніміз не және олардың түрлері туралы тұжырымдама жасаңыз.
- •22. Қорғау құжаттарын мерзімінен бұрын тоқтатылу себептерін тұжырымдаңыз.
- •23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.
- •28. Қр «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз
- •29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.
- •30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.
- •31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.
- •33.Интегралдық микросхема топологиясының тіркелуі және құқық иеленушілерінің ерекшеліктері.
- •34. Халықаралық конвенциялар мен келісімдер турал баяндаңыз және оларды салыстырыңыз.
- •35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •37. Халықаралық патенттік жіктелуі.
- •38. Патент Заңымен реттелмейтін келісімшарт жасау түрлерін көрсетіңіз және өзара салыстырыңыз.
- •39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.
39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын кез келген заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi; 2) мәлiмделген белгiнi; 3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс. Өтінiмге: 1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi; 2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат; 3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екi ай мерзiмде олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады. Сондай-ақ Заңның 47-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары тауар таңбасын шет елдерде тіркеуге немесе оны халықаралық тіркеуден өткізуге құқылы.Халықаралық тіркеуден өту үшін базалық ұлттық өтінім не тауар таңбасына куәлік болуға тиіс. Кейіннен өтінім беруші қорғау сұралып отырған елдердің атауын және өтінімнің не куәлікті нөмірін көрсете отырып, сараптама жасау ұйымына өтінішхат жіберуге құқылы. Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркемей-ақ қорғалатын қорғау құжаты-куәлікте көрсетілген көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың тауар таңбаларының иелерін Заң қорғайды.Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімдерді қабылдауды сараптама жасау ұйымы - «Ұлттық зияткерлік меншік ұйымы» РМК жүзеге асырады
Осы заңның 27-бабында көрсетілгендей тауар шығарылған жерлердің атаулары ретінде:
Тауар шығарылған жерге қатысты қате географиялық объектілердің атаулары болып табылатын;
Тауар өндірілген нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнінде қате түсінік беретін белгілер;
Тауарлардың шығарылған жерімен байланысты емес географиялық объектілердің атауларын қамтитын белгілер тіркелмейді.
40.Франчайзинг , франшизинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.[2]
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын кәсіпкерлік қызметтің жеклеген салаларында қолдану жөніндегі шектеу заң актілерімен белгіленеді.
Франчайзинг келісімшарты бойынша құқық иесі(франчайзер) сыйақы ала отырып,франчайзиге өзіне тиесілі интеллектуалдық меншікті(тауар белгілері,қызмет көрсету белгілері,патенттер,фирмалық атаулар,білімі,тәжірибесі)пайдалану құқығы кіретін ерекше құқығын ұсынады.Мұндай құқықтар жеңілдетілген негізде беріледі.Пайдаланушыға ұйымдастырушылық,техникалық,коммерциялық көмек ұдайы көрсетіліп тұрады.Мұндай қарым-қатынас ұзақ мерзімді қамтиды.Өйткені,франчайзи франчайзер жасап шығарған жұмыс тәжірибесінің стандарттарына және тәжірибесіне сәйкес,ұдайы қолдау көрсету мен көмек негізінде жұмыс атқарады.
Франчайзинг беру туралы келісімшарттар халыққа қызмет көрсету саласында кең таралған,атап айтқанда:тез қызмет көрсету мейрамханалары,сауда,химиялық тазарту,сән ательері,қонақ үй қызметі,автокөліктерді жууға алуды ұйымдастыру.
