Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

37. Халықаралық патенттік жіктелуі.

1970 жылдан бастап Халықаралық патенттік жіктелу (ХПЖ) қабылданды, ол бүгінгі таңда Қазақстанда қолданылады. ХПЖ-дің құрылуы мен қолданысқа енгізілуіне дейін әр мемлекет өнертабыстың ұлттық жіктелуді қабылдаған болатын. Париж конвенциясының өндірістегі меншікті қорғаудағы 1971 ж Страсбургте өткен дипломатиялық конференциясында Еуропалық кеңес пен Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау үйымы арасында келісімге қол қойылды. Ол "Халықаралық патенттік жіктелудің Старсбургтегі келісімі" деп аталды. Осы келісімге байланысты 1975 жылдан бастап Халықаралық патенттік жіктелудің онан арғы өңдеулерін Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы жүргізеді.

  • Басқа жіктелулер сияқты ХПЖ – иерархиялық жіктелуге жатады.

  • ХПЖ бөлімдері. ХПЖ 8 бөлімнен тұрады, латынның А әрпінен Н әрпіне дейін белгіленеді, осы бөлімдерге байланысты оған тиесілі мәліметтер сақталады:

  • А – Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанғаттандыру.

  • В – Әртүрлі технологиялық үдерістер

  • С – Химия. Металлургия

  • D – Тоқыма. Қағаздар

  • E – Құрылыс. Тау – кен ісі

  • F – Қолданбалы механика

  • G – Физика

  • H - Электр жүйесі

  • ХПЖ топтары мен топ тармақтары. Әрбір бөлім 99 топтан тұрады, сосын топ тармақтарына бөлініп, латынның дауыссыз әріптерімен белгіленеді. Әрбір топ бір немесе бірнеше тармақтардан тұрады.

  • ХПЖ-дің негізі – кілт сөздер. Олар ХПЖ – де қолданылатын техникалық терминдерге сәйкес келеді.

  • Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктелуі. (ӨҮХЖ) ӨҮХЖ 1968 ж Швецарияның Локарно қаласында қабылданды. Сондықтан ӨҮХЖ – де кейде Локарно жіктелуі деп атайды. ӨҮХЖ – нің бірінші редакциясы 42 топтан тұрады, ол топ тармақтакрына бөлінбеген. 1971 Ж топ тармақтары бар ӨҮХЖ – нің жаңа редакциясы ашылды. ӨҮХЖ – нің соңғы редакциясы 1999ж 1 қаңтарда өз күшіне енді. Қазір оның 32 тобы және 223 топ тармақтары бар. Топтары мен топ тармақтары араб сандарымен белгіленеді.

  • Тауарлар мен қызмет көрсетудің халықаралық жіктелуі. Ең алғаш 1935 ж пайда болған, ал 1957 ж Ницце келісімі бойынша нақты қабылданды. Ал қазіргі уақытта Тауарлар мен қызмет көрсетудің халықаралық жіктелуінің сегізінше редакциясы жұмыс істейді, ол 2002 ж 1 қаңтарда өз күшіне енді. Бұл жіктелу 347 тауар топтары және 8 қызмет көрсету топтары бар.

38. Патент Заңымен реттелмейтін келісімшарт жасау түрлерін көрсетіңіз және өзара салыстырыңыз.

Патент Заңымен реттелмейтін бірқатар келісімшарт жасау түрлері бар.Оларға жататындар:

-жалпы «ноу-хоу» атауымен белгілі,өндіріс құпияларын пайдалану келісімшарты;

-«инжиниринг» сияқты қызмет түрін көрсету келісімшарттары

-кешенді кәсіпкерлік лицензия келісімшарттары(франчайзинг)

-кепілдік келісімшарттары.

Әдетте,келісімшарттардың алғашқы екі түрі ақысыз негізде жасалады,сондықтан уәкілетті мемлекеттік органда тіркелмейді.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиялар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да обьектілерін (тауар белгісін,қызмет көрсету белгісін,патент және т.б.) беруге міндеттенеді.

Франчиза беру келісімшартты уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі.

Өнеркәсіптік меншік обьектілерінің қорғау құжаттарына берілетін кепілдік келісімшарттары уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуге жатады.Мұндай тіркеудің негізгі ҚР АК ережелерінде белгіленген, яғни «мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің кепілі,осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркелуі тиіс» ережесі бойынша бекітіледі.

Сонымен, жоғарыда аталған келісімшарттарға қысқаша сипаттама берейік.

Жалпы «ноу-хау» атауымен белгілі, өндіріс құпияларын пайдалану келісімшарттары. Лицензия саудасында «ноу-хау» термині қарастырылады:

-патенттік қорғаумен қамтамасыз етілмеген, өндірістің конструктивті және технологиялық құпиялары;

-лицензиатқа өнімін нарыққа шығаруға жәрдемдесетін, коммерциялық сипаттағы құпия мәліметтер;

-басқарушылық немесе ұйымдастырушылық сипаттағы мәліметтер.

Іс жүзінде «ноу-хаудың» екі түрін қарастырады:

-техникалық шешімдер өнертабыс бұйымын бағалау талаптарын қанағаттандырады, бірақ патенттеуге жатпайды (иесінің патенттеу рәсімінің талаптарын бұзғаны немесе экономикалық пайданың болмауы себебінен)

-патенттелмеген техникалық шешімдер.

Ноу-хауды пайдалану туралы келісімдер үшін өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын обьектілеріне қатысты әрекеттерге қандай да бір уақыттық немесе аумақтық шектеулер қойылмайды. Келісімшарт әрекетінің мерзімі біткеннен кейін ноу-хау туралы мәліметтер автоматты түрде бәріне белгілі болады дегенді білдірмейді. Сондықтан ноу-хауды пайдалану туралы келісімдер іс жүзінде шектеусіз мерзімге жасалына алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]