Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.

ҚР-да жасалған өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінімдерді тексеруден өткізгеннен кейін – шетелдік патенттік ведомствоға өтінім беру күнінен 3 ай өткеннен кейін немесе ертерек жүзеге асырылуы мүмкін.

Өтінім беруші келесі шетелдік патенттік рәсімдерді пайдалана алады:

  • Дәстүрлі рәсім, патенттелген елге бірден өтінім беру;

  • Патенттік қауымдастық туралы келісімшарт бойынша өнертабысты патенттеу;

  • Патенттік ұйымдық аймақтардан патент сұрау бойынша: еуразиялық – Еуразиялық патенттік конвенция үйлесімділігі, еуропалық – Еуропалық патенттік конвенция үйлесімділігі, Африкалық ұйымдық интеллектуалдық меншіктің патенті, Африкалық өнеркәсіптік меншіктік аймақтық ұйымның патенті.

Өтінім беруші бір немесе бірнеше шетелдік патенттік рәсімдеуді таңдай алады. Патентті рәсімдеуді таңдау кезінде екі елдің үкіметаралық келісімін ескеру қажет.

Патентке өтініш берудің 2 кезеңі бар:

1.Халықаралық. 2.Ұлттық.

Халықаралық кезең мынадай құжаттарды талап етеді: өтініш беру, патенттік іздеу, жарияланым, сараптама. Алғашқы үшеуі міндетті, ресми сараптама қалауы бойынша жүргізіледі. Патенттік өтініш ұлттық патенттік ведомствоға беріледі. Өтініш берген күннен бастап 9 ай ішінде жауап алады.

Ұлттық кезең басымдылықтан 20 айдан кем емес уақытта шығады. Осы уақыт ішінде өтініш иесі өтініштің аудармасын, патенттік төлемдерді төлеу керек. Қазақстан өтініш иесі РСТ патентіне өтінішін ҚР-дың ұлттық патенттік ведомствосына немесе халықаралық бюроға бере алады.

Өтініштің шарты мен толтырылуы ұлттық патентке берілген өтініштен айырмашылығы аз. РСТ патентінің үлгі бланкісіне өтініш толтырылып, сипаттама, өнертабыс формуласы, сызбалар, реферат материалдар тіркеледі. Өтініш жазу тілі сараптама өтетін елге байланысты. Патенттің қолдану мерзімі көрсетілген әр мемлекеттің ұлттық заңымен реттеледі. Нәтижесінде үйлестірілген ұлттық патенттердің заң шығарушылармен келісіліп, мерзім уақыты барлық елдерде шығарылған күннен бастап 20 жыл болып бекітіледі.

Шетелдік патентпен байланысты барлық шығындарды өтінім беруші немесе басқа азамат не болмаса заңды түлға мойнына алады.

36. НОУ-ХАУ және патенттік заңдылық. Ноу –хау ретінде ҚР дың Патент Заңында көрсетілген патенттеуге жатпайтын ғылыми теориялар, математикалық әдістер, есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен алгоритмдер, ғимараттар, үйлер, аумақтардың жобалары мен тәсілдері, бұйымдардың тек сыртқы түріне қатысты ұсыныстар қорғала алады.

Ноу –хауды патенттен ажырататын басты белгілері бар: 1) патенттелген объектілердің құқықтық қорғауынан айырмашылығы заң бойынша қорғау мерзімінің болмауы және ақпарат өзінің Ноу –хау мәртебесін ҚР АК-ның 126-бабында берілген үш белгісі болғанша сақталуы;

2) Ноу –хау мемлекеттік теркеуді талап етпейді және тіркеу жүргізілмейді;

3) аумақтық патентті қорғауға қарағанда, Ноу –хау үшін теориялық шектеулер жоқ;

4) Ноу –хауға мүліктік емес құқық қарастырылған.

Негізінен Ноу –хау өнертабыстың патент сипаттамасында бола алмайды, өйткені патент сипаттамасы заң бойынша басылымға шығуы қажет. 2000 жылдың 10 ақпанында № 1056 ҚР Әділет Минстрлігімен тіркелген Нұсқаулықтың 19 – бабы бойынша инновациялық патентке және патентке өтінім берегнде өнертабыс сипаттамасы толығымен ашылуы тиіс. Осыған байланысты өнертабысты патенттеу немесе оны құпия ұстау шешімін қабылданғанда, берілген коммерциялық құпияның жарияланбау мүмкіндігін талдау

керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]