Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.

1999 жылы 13 шілдеде ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданды.

Осы объектілердің атауы «селектио» «сұрыптау» деген латын сөзінен шыққан «селекция» атты ғылыми қызметі.Селекция ғылым ретінде 1859 жылдан бастап Ч.Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» кітабы шыққан кезден бастап дами бастады.

Селекция өсімдіктердің жаңа және жақсартылған сұрыптарын, жануарлар түрлерін, сонымен қатар, гендік, жасушалық инженерия будандастырылуы, жасанды мутагенез, таңдауы жолымен жасалған микроорганизмдер штаммын өзіне біріктірген. Вегетативті жолмен көбейетін өсімдік сұрыптары АҚШ-та 1970 жылы қабылданған «Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау туралы» Заңы бойынша қорғалады және қызыққа тұлға үшін патент алуға өтініш беруге кедергі жасамайды. Мұртшалар арқылы көбейетін өсімдіктер арнайы заң рәсімі негізінде берілетін патентпен қорғалады. ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңының 2-бабы бойынша селекциялық жетістік адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын өсімдіктің патент берілген жаңа сұрыбы, жануарлардың жаңа тұқымы.

Селекциялық жетістік жайындағы қатынастың субъектілік құрамы осы типтес өнертабыстық қатынас құрамымен ұқсас болса да, олардан ерекшеленеді. Селекциялық жетістіктің субъектілері ретінде ҚР АҚ-ның 1006-1012 баптарына сәйкес автор, селекциялық жетістіктің патент иеленушісі, сараптама жүргізетін және селекциялық жетістікті сынайтын ұйым қарастырылған.Бірақ бұл қатынастың барлық мүшелері емес.

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңының 2-бабында селекциялық жетістік авторы (селекционер)- cұрыпты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсіріп шығарған жеке адам екендігі көрсетілген . Ал өтініш беруші – селекциялық жетістікке патент беруге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

Уәкілетті орган ретінде мемлекеттік патенттік ұйым бекітілген. Ол Заң бойынша селекциялық жетістікке ҚР-ныңпатентін алу үшін берілетін өтініштерді қабылдап, алдын ала сараптама жүргізеді.Сонымен қатар ,селекциялық жетістіктерді Мемлекеттік тізілімге енгізеді. Патент беру,селекциялық жетістік жайлы мәліметтерді бюллетеньге жариялау және патенттік ведомствоны басқа да функцияларын іске асырады.

Заңның 13-бабына сәйкес селекциялық жетістіктің патент иесі селекциялық жетістіктің авторы, оның мирасқорлары бола алады. Егер селекциялық жетістіктә қызметкер қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаса, автор мен жұмыс берушінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс беруші жетістіктің патент иесі болып табылады.

Өтініш беріліп отырған патенттің авторлары бірнешеу болса, оларға бір патент беріледі.

Авторға(авторларға) тек техникалық, ұйымдық көмек көрсеткен немесе сұрыпқа , тұқымға берілетін құқықтарды әзірлеуге және рәсімдеуге жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.

32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.

Интегралдық микросхема топологиясын қорғайтын негізгі құқықтық акті-2001 жылы 21 маусымнан бастап “Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы ” Заңы.Ресей заң шығару органдары мұндай қорғау объектілерін 1992 жылы федеральды заң негізінде шығарды.

“Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы ” ҚР-ның Конституциясына негізделеді жән ҚР Азаматтық кодексінің,осы Заң мен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан тұрады.Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе,онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

ҚР-дың “Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы ” Заңының 1-бабында интегралдық микросхема топологиясы материалды тасушы кеңістік-геометриялық орналасқан элемент ретінде тіркелген интегралдық микросхема және олардың арасындағы байланыс ретінде қарастырылған.

Заңның 1-бабында интегралдық микросхеманы былай анықтайды:интегралдық микросхема-элементтері мен байланыстары негізінде бұйым жасалған материалдың көлемінде немесе бетінде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметін атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым.Демек,топология микросхема элементтері схемалық түрде орналасуының көрінісі ретінде түсіндіріледі.Осы орналасудың сәттілігіне,ірекеттің тиімділігіне және микросхеманың көлеміне тәуелді.Мұнда топологияның экономикалық бағасы көрсетіледі.Бұл баға көп еңбекті қажет ететін жіне жаңа топология жасау жолдарымен анықталады.

Микросхемалы өнімдердің кеңінен қолданылуы жаңа топологиямен жасалған өнімдердің қымбаттылығы мен бәсекеге қабілеттігінің болуы көп елдердің топологияны қорғауды халықарлық құқықтық жүйесі бойынша жаңа әдісін қарастырылуына алып келі.Осылайша 1989 жылы Вашингтондық интелектуалдық меншік бойынша келісімде интегралдық микросхема өатынасы қаралады.Аталған келісімнің түрі көп елдердің халықаралық заң шығару өкілеттілігіне өзгеріссіз енген,соның ішінде Ресейде және Қазақстанда.

ҚР “Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы ” Заңының 5-бабында көрсетілгендей автордың шығармашылық әректі нәтижесінде құралған топология болып табылады.Топологияның келесі түрі дәлелденгенше түпнұсқа болып есептеледі.

Топология элементтерінің жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға ол жасалған күні жалпы мәлім болса,осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.Интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға топология жасалған күні жалпы мәлім болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердің жиынтығы құқықтық жағынан қорғалады.ОсыЗаңда берілетін құқықтық қорғау топологияларда іске асырылу мүмкін идеяларға,әдістерге,жүйелерге,технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]