- •1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз? Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?
- •2.Патенттің құқықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплексті патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?
- •3.Қандай объектілер өнертабыс ретінде қорғалады?Олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз
- •4.Қр Патент Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес өнертабыс деп танылмайтын объектілер тізімін атаңыз,мысал келтіріңіз?Бұл объектілер қр қандай Заңымен қорғалады
- •5.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз?
- •6.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз
- •7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.Қр Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз?
- •8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттік шарттарын атаңыз? Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз?
- •9.Қр Патент Заңына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге анықтама беріңіз.Өнеркәсіптік үлгінің қандай түрі бар?
- •11.Интелектуалдық меншік объектілеріне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.Қр «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша авторлардың принциптерін атаңыз.
- •12.Қазақстанның потенттік ведомствосы,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың байланыстарын көрсетіңіз
- •13.Өнертабысқа өтінім беру талаптары қандай және Патент Заңы бойынша өтінімде қандай құжаттар болуы міндетті
- •14.Өтінімдегі сенімхат не үшін арналған, оның жарамдылық мерзімдерін табыңыз
- •15.Өнертабыстың формуласын, өнеркәсіптік қолдануын, жаңалығын және өнертабыстық деңгейін тексеру қалай жүзеге асырылады?
- •16. Пайдалы модельге өтінім беру талаптары, өтінім құжаттары және өтінімге қосымша құжаттар туралы баяндаңыз
- •17. 1971 Жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патеттік жіктелім туралы Страсбург Келісімі бойынша пайдалы модельдің сипаттамасы қандай бөлімдерден тұрады, олардың өзара байланыстарын көрсетіңіз?
- •18.Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама қалай жүргізіледі?
- •19. Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз
- •20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз
- •21.Лицензиялық келісімшарттар дегеніміз не және олардың түрлері туралы тұжырымдама жасаңыз.
- •22. Қорғау құжаттарын мерзімінен бұрын тоқтатылу себептерін тұжырымдаңыз.
- •23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.
- •28. Қр «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз
- •29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.
- •30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.
- •31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.
- •33.Интегралдық микросхема топологиясының тіркелуі және құқық иеленушілерінің ерекшеліктері.
- •34. Халықаралық конвенциялар мен келісімдер турал баяндаңыз және оларды салыстырыңыз.
- •35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •37. Халықаралық патенттік жіктелуі.
- •38. Патент Заңымен реттелмейтін келісімшарт жасау түрлерін көрсетіңіз және өзара салыстырыңыз.
- •39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.
30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.
1999 жылы 13 шілдеде ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданды.
Осы объектілердің атауы «селектио» «сұрыптау» деген латын сөзінен шыққан «селекция» атты ғылыми қызметі.Селекция ғылым ретінде 1859 жылдан бастап Ч.Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» кітабы шыққан кезден бастап дами бастады.
Селекция өсімдіктердің жаңа және жақсартылған сұрыптарын, жануарлар түрлерін, сонымен қатар, гендік, жасушалық инженерия будандастырылуы, жасанды мутагенез, таңдауы жолымен жасалған микроорганизмдер штаммын өзіне біріктірген.
Вегетативті жолмен көбейетін өсімдік сұрыптары АҚШ-та 1970 жылы қабылданған «Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау туралы» Заңы бойынша қорғалады және қызыққа тұлға үшін патент алуға өтініш беруге кедергі жасамайды. Мұртшалар арқылы көбейетін өсімдіктер арнайы заң рәсімі негізінде берілетін патентпен қорғалады.
Селекциялық жетістіктерді қорғау мәселесінде консервативтісі Еуропа, дегенмен өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдары өсімдіктерге патент негізінен раушан және қалампыр гүлдеріне Германияда, Францияда, Бельгияда, Италия мен Испанияда ғана берілді. Бірақ бұл мәселедегі ұстаным өзгерді, қазіргі кезде өсімдіктерге патент берілмейді. Олар сұрып және түр бойынша «қарапайым жолмен көбейтілмеген» шарты орындалған кезде ғана еуропалық патентке өтініш беруге рұқсат етілген.
ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңының 2-бабы бойынша селекциялық жетістік адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын өсімдіктің патент берілген жаңа сұрыбы, жануарлардың жаңа тұқымы. Селекция тірі табиғатпен байланысты және өмір сүру ұзақтығы уақытпен шектелген, ауыратын пайда болатын және өлетін, материалдық әлемнің тірі объектілерін қолдануы арқылы жасалынатын, яғни тірі табиғат объектілерінің ерекшеліктерімен сәйкестендірілуі керек.
Оның өнертабыстан басты айырмашылығы - ауылшаруашылық ғылымы немесе жалпы қоғам алдындағы мәселелер техникалық емес, биологиялық құралдармен шешіледі. Басқа да ерекшеліктеріне өсімдік немесе жануарлардың өмір сүру циклы биологиялық іскерлік нәтижесімен байланысты жаңа сұрыптар мен түрлерді ойлап табу мерзімінің ұзақтығын жатқызуға болады.
Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау ерекшеліктері:
1.қорғау селекциялық жетістіктерді өнертабыспен салыстыра отырып, жанама жолмен жүзеге асырылды.
2. объектінің қорғалу шегі анықталды, объектінің тек тірі табиғатқа қатыстылығы жеткіліксіз болды. Сол кезде- ақ микроорганизмдер штаммы селекциялық жетістік емес, өнертабыс ретінде қарастырылды.
3. селекциялық жетістіктер принципиалды түрде азаматтық құқыққа жатқызылса да, қорғау және құқықты бөлу процедурасы, яғни берілген объектілерді азаматтық айналымға енгізуінің жолдары мен әдістері ауылшаруашылық заңнамасымен анықталды.
Өсімдіктер сұрыбына патенттің қолданылу мерзімі сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап – 25 жыл, мал тұқымдарына – 30 жыл, жүзім, сәндік ағаш, жеміс және орман дақылдары сұрыптарына , оның ішінде олардың қалемшелеріне – 35 жыл болады. Патенттің қолданылу мерзімін патент иесініңі өтініші бойынша уәкілетті орган ұзартады, бірақ ол 10 жылдан аспауы керек.
ҚР “Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы” Заңының 4-бабы бойынша патенттік қабілеттілік шарттары:
Патент жаңалығы;
Ерекшелігі;
Біртектілігі;
Тұрақтылығы
Заңның 4-бабының 2- тармағы бойынша егер өтінім берілген күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқым материалы егер:
1) ҚР да өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрын;
2) кез келген басқа мемлекетте өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылдар бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бұрын сатылмаса, автор немесе оның құқықтық мирасқоры сұрыпты, тұқымды пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе сұрып, тұқым жаңа деп есептеледі.
