- •1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз? Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?
- •2.Патенттің құқықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплексті патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?
- •3.Қандай объектілер өнертабыс ретінде қорғалады?Олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз
- •4.Қр Патент Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес өнертабыс деп танылмайтын объектілер тізімін атаңыз,мысал келтіріңіз?Бұл объектілер қр қандай Заңымен қорғалады
- •5.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз?
- •6.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз
- •7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.Қр Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз?
- •8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттік шарттарын атаңыз? Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз?
- •9.Қр Патент Заңына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге анықтама беріңіз.Өнеркәсіптік үлгінің қандай түрі бар?
- •11.Интелектуалдық меншік объектілеріне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.Қр «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша авторлардың принциптерін атаңыз.
- •12.Қазақстанның потенттік ведомствосы,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың байланыстарын көрсетіңіз
- •13.Өнертабысқа өтінім беру талаптары қандай және Патент Заңы бойынша өтінімде қандай құжаттар болуы міндетті
- •14.Өтінімдегі сенімхат не үшін арналған, оның жарамдылық мерзімдерін табыңыз
- •15.Өнертабыстың формуласын, өнеркәсіптік қолдануын, жаңалығын және өнертабыстық деңгейін тексеру қалай жүзеге асырылады?
- •16. Пайдалы модельге өтінім беру талаптары, өтінім құжаттары және өтінімге қосымша құжаттар туралы баяндаңыз
- •17. 1971 Жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патеттік жіктелім туралы Страсбург Келісімі бойынша пайдалы модельдің сипаттамасы қандай бөлімдерден тұрады, олардың өзара байланыстарын көрсетіңіз?
- •18.Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама қалай жүргізіледі?
- •19. Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз
- •20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз
- •21.Лицензиялық келісімшарттар дегеніміз не және олардың түрлері туралы тұжырымдама жасаңыз.
- •22. Қорғау құжаттарын мерзімінен бұрын тоқтатылу себептерін тұжырымдаңыз.
- •23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.
- •28. Қр «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз
- •29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.
- •30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.
- •31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.
- •33.Интегралдық микросхема топологиясының тіркелуі және құқық иеленушілерінің ерекшеліктері.
- •34. Халықаралық конвенциялар мен келісімдер турал баяндаңыз және оларды салыстырыңыз.
- •35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •37. Халықаралық патенттік жіктелуі.
- •38. Патент Заңымен реттелмейтін келісімшарт жасау түрлерін көрсетіңіз және өзара салыстырыңыз.
- •39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.
29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.
1999 жылы 13 шілдеде ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданды.
Осы объектілердің атауы «селектио» «сұрыптау» деген латын сөзінен шыққан «селекция» атты ғылыми қызметі.Селекция ғылым ретінде 1859 жылдан бастап Ч.Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» кітабы шыққан кезден бастап дами бастады.
ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңының 2-бабы бойынша селекциялық жетістік шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын өсімдіктің патент берілген адамның жаңа сұрыбы, жануарлардың жаңа тұқымы. Селекция тірі табиғатпен байланысты және өмір сүру ұзақтығы уақытпен шектелген, ауыратын пайда болатын және өлетін, материалдық әлемнің тірі объектілерін қолдануы арқылы жасалынатын, яғни тірі табиғат объектілерінің ерекшеліктерімен сәйкестендірілуі керек.
Оның өнертабыстан басты айырмашылығы - ауылшаруашылық ғылымы немесе жалпы қоғам алдындағы мәселелер техникалық емес, биологиялық құралдармен шешіледі. Басқа да ерекшеліктеріне өсімдік немесе жануарлардың өмір сүру циклы биологиялық іскерлік нәтижесімен байланысты жаңа сұрыптар мен түрлерді ойлап табу мерзімінің ұзақтығын жатқызуға болады.
ҚР “Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы” Заңының 4-бабы бойынша патенттік қабілеттілік шарттары:
Патент жаңалығы;
Ерекшелігі;
Біртектілігі;
Тұрақтылығы.
Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттiлiк шарттары
1. Патент жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектiлiгi және тұрақтылығы бар селекциялық жетiстiкке берiледi. 2. Егер өтiнiм жасалған күнге дейiн белгiлi бiр селекциялық жетiстiктiң ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта: 1) Қазақстан Республикасында - өтiнiм берiлген күнге дейiн бiр жыл бұрын; 2) кез келген басқа мемлекетте - өтiнiм берiлген күнге дейiн бiр жылдық дақылдар бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бұрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшiн басқа адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледi. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi тек пен түр енгiзiлген күнге дейiн пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген сорт, тұқым сортқа, тұқымға жаңа болуы жөнiнде талап қойылмай-ақ патентке қабiлеттi деп танылуы мүмкiн. Мұндай селекциялық жетiстiктерге осы Заңның 3-бабында аталған патенттiң қолданылу мерзiмi пайдалануға рұқсат етiлген жылдан бастап патент берiлген жыл аралығындағы мерзiмге қысқартылады. Осы Заңның 9-бабында көзделген уақытша құқықтық қорғау мұндай селекциялық жетiстiктерге қатысты қолданылмайды. 3. Егер сорттың, тұқымның өтiнiм берiлген кезде бар екенi жалпыға мәлiм кез келген басқа сорттан, тұқымнан анық өзгешелiгi болса, олар ерекшелiк өлшемдерiне сай келедi. Патент алуға өтiнiм беру немесе сорттың, тұқымның жаңа сорттардың, тұқымдардың ресми тiзiлiмiне енгiзiлуi, осы өтiнiм беру нәтижесiнде патент берiлген немесе сорт, тұқым аталған тiзiлiмге енгiзiлген жағдайда, сортты, тұқымды өтiнiм берiлген күннен бастап кез келген елде жалпыға мәлiм етедi. Сорттардың, тұқымдардың жалпыға мәлiмдiгi өсiру, пайдалану және жариялау фактiлерi бойынша да белгiленуi мүмкiн. Сорттың, тұқымның сипатталу және айырықша ерекшелiктерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн белгiлер қалпына келтiрiлетiн және дәл сипаттауға ыңғайлы болуға тиiс. 4. Егер сорттың, тұқымның көбею ерекшелiктерiн есепке алғанда осы сорт өсiмдiктерi немесе тұқым селекцияланатын белгiлерi бойынша бiртектi болса, сол сорт пен тұқым бiртектi деп есептеледi. 5. Егер сорттың, тұқымның негiзгi белгiлерi - әрбiр көбеюден кейiн, ал көбеюдiң ерекше циклы жағдайында көбеюдiң әр циклының соңында өзгерiссiз қалса, олар тұрақтылық өлшемiне сай келедi.
