- •1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз? Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?
- •2.Патенттің құқықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплексті патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?
- •3.Қандай объектілер өнертабыс ретінде қорғалады?Олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз
- •4.Қр Патент Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес өнертабыс деп танылмайтын объектілер тізімін атаңыз,мысал келтіріңіз?Бұл объектілер қр қандай Заңымен қорғалады
- •5.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз?
- •6.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз
- •7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.Қр Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз?
- •8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттік шарттарын атаңыз? Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз?
- •9.Қр Патент Заңына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге анықтама беріңіз.Өнеркәсіптік үлгінің қандай түрі бар?
- •11.Интелектуалдық меншік объектілеріне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.Қр «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша авторлардың принциптерін атаңыз.
- •12.Қазақстанның потенттік ведомствосы,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың байланыстарын көрсетіңіз
- •13.Өнертабысқа өтінім беру талаптары қандай және Патент Заңы бойынша өтінімде қандай құжаттар болуы міндетті
- •14.Өтінімдегі сенімхат не үшін арналған, оның жарамдылық мерзімдерін табыңыз
- •15.Өнертабыстың формуласын, өнеркәсіптік қолдануын, жаңалығын және өнертабыстық деңгейін тексеру қалай жүзеге асырылады?
- •16. Пайдалы модельге өтінім беру талаптары, өтінім құжаттары және өтінімге қосымша құжаттар туралы баяндаңыз
- •17. 1971 Жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патеттік жіктелім туралы Страсбург Келісімі бойынша пайдалы модельдің сипаттамасы қандай бөлімдерден тұрады, олардың өзара байланыстарын көрсетіңіз?
- •18.Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама қалай жүргізіледі?
- •19. Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз
- •20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз
- •21.Лицензиялық келісімшарттар дегеніміз не және олардың түрлері туралы тұжырымдама жасаңыз.
- •22. Қорғау құжаттарын мерзімінен бұрын тоқтатылу себептерін тұжырымдаңыз.
- •23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.
- •28. Қр «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз
- •29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.
- •30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.
- •31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.
- •33.Интегралдық микросхема топологиясының тіркелуі және құқық иеленушілерінің ерекшеліктері.
- •34. Халықаралық конвенциялар мен келісімдер турал баяндаңыз және оларды салыстырыңыз.
- •35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •37. Халықаралық патенттік жіктелуі.
- •38. Патент Заңымен реттелмейтін келісімшарт жасау түрлерін көрсетіңіз және өзара салыстырыңыз.
- •39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.
28. Қр «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз
ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның
2-ші бабы бойынша сұрып шаруашылық және биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері ұқсас, шығу тегі жағынан туыс, өз белгілерін тұқым қуалау арқылы келесі ұрпақтарға беретін және белгілі бір ботаникалық таксондағы өсімдіктердің басқа топтарынан ең болмағанда бір белгісі бойынша ерекшеленетін бір дақылдың өсімдіктер тобы. Сұрыптың қорғалатын сипаттары: клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, жеке түр. Селекциялық жаңалық ретінде жануартанудағы жаңа түрін, яғни көпсанды біртұтас және бір жерден шыққан жануарлар тобы, генеологиялық құрылымы мен белгісі бар адам туындысы, осы белгі бойынша көбею сапалы көбеюіне мүмкіндік береді.
Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау
Селекциялық жетiстiкке құқық ҚР-ның заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы қызмет түрi ретiнде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Патентпен селекциялық жетiстiкке берiлген құқықтық қорғау көлемi сорттың, тұқымның сипаттамасына енгiзiлген белгiлердiң жиынтығымен анықталады. Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады. Патенттiң қолданылу мерзiмiн патент иесiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган ұзартады, бiрақ ол 10 жылдан аспауы керек.
Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 2. Уәкілеттi органның құзыретiне: 1) селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысу; 2) селекциялық жетiстiктерге патенттер беру; 2-1) селекциялық жетістікке патентті өзгеге беру шартын немесе патентті алуға құқықты тіркеу туралы өтініш нысанын бекіту; 2-2) селекциялық жетістікті пайдалануға лицензиялық шартты немесе қосалқы лицензиялық шартты тіркеу туралы өтініш нысанын бекіту; 3) селекциялық жетiстiктердi пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау; 4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Өнертабыстан басты айырмашылығы - ауылшаруашылық ғылымы немесе жалпы қоғам алдындағы мәселелер техникалық емес, биологиялық құралдармен шешіледі. Селекциялық жетістіктер мен өнертабыс арасында объектілерінің қорғалуында да айырмашылық бар. Жоғарыда көрсетілгендей, өнертабысты тіркеу үшін өнертабыстық идея, өнертабыс, формула және сызбалар сипаттамасында іске асқан автордың көздеген мақсаттары басты рөл атқарады. Яғни, өтініш беру кезінде өнертабыстың идеалды үлгісін немесе макетін ешкім сұрамайды. Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғауға өтініш сұрып немесе түр дайын болған кезде беріле береді.
Селекәиялық жетістіктерді құқықтық қорғау өзіне тән ерекшеліктерді иелене отыра КСРО кезінде де маңызды орын алды.
Біріншіден, қорғау селекциялық жетістіктерді өнертабыспен салыстыра отырып, жанама жолмен жүзеге асырылды.
Екіншіден, объектінің қорғалу шегі анықталды, объектінің тек тірі табиғатқа қатыстылығы жеткіліксіз болды. Сол кезде-ақ микроорганизмдер штаммы селекциялық жетістік емес, өнертабыс ретінде қарастырылды.
Үшіншіден, селекциялық жетістіктер принципиалды түрде азаматтық құқыққа жатқызылса да, қорғау және құқықты бөлу процедуралары, яғни берілген объектілерді азаматтық айналымға енгізуінің жолдары мен әдістері ауылшаруашылық заңнамасымен анықталды.
