- •1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз? Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?
- •2.Патенттің құқықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплексті патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?
- •3.Қандай объектілер өнертабыс ретінде қорғалады?Олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз
- •4.Қр Патент Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес өнертабыс деп танылмайтын объектілер тізімін атаңыз,мысал келтіріңіз?Бұл объектілер қр қандай Заңымен қорғалады
- •5.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз?
- •6.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз
- •7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.Қр Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз?
- •8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттік шарттарын атаңыз? Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз?
- •9.Қр Патент Заңына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге анықтама беріңіз.Өнеркәсіптік үлгінің қандай түрі бар?
- •11.Интелектуалдық меншік объектілеріне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.Қр «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша авторлардың принциптерін атаңыз.
- •12.Қазақстанның потенттік ведомствосы,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың байланыстарын көрсетіңіз
- •13.Өнертабысқа өтінім беру талаптары қандай және Патент Заңы бойынша өтінімде қандай құжаттар болуы міндетті
- •14.Өтінімдегі сенімхат не үшін арналған, оның жарамдылық мерзімдерін табыңыз
- •15.Өнертабыстың формуласын, өнеркәсіптік қолдануын, жаңалығын және өнертабыстық деңгейін тексеру қалай жүзеге асырылады?
- •16. Пайдалы модельге өтінім беру талаптары, өтінім құжаттары және өтінімге қосымша құжаттар туралы баяндаңыз
- •17. 1971 Жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патеттік жіктелім туралы Страсбург Келісімі бойынша пайдалы модельдің сипаттамасы қандай бөлімдерден тұрады, олардың өзара байланыстарын көрсетіңіз?
- •18.Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама қалай жүргізіледі?
- •19. Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз
- •20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз
- •21.Лицензиялық келісімшарттар дегеніміз не және олардың түрлері туралы тұжырымдама жасаңыз.
- •22. Қорғау құжаттарын мерзімінен бұрын тоқтатылу себептерін тұжырымдаңыз.
- •23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.
- •28. Қр «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз
- •29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.
- •30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.
- •31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.
- •33.Интегралдық микросхема топологиясының тіркелуі және құқық иеленушілерінің ерекшеліктері.
- •34. Халықаралық конвенциялар мен келісімдер турал баяндаңыз және оларды салыстырыңыз.
- •35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •37. Халықаралық патенттік жіктелуі.
- •38. Патент Заңымен реттелмейтін келісімшарт жасау түрлерін көрсетіңіз және өзара салыстырыңыз.
- •39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.
26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Тауар шығарылған жердің атауына (ТШЖА) және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтінім сараптама жасау ұйымына беріледі.
ТШЖА өтінім тек белгілі бір үлгі бланкіде жазылады және тауар шығарылған жердің бір атауына ғана қатысты болады.
ТШЖА рәсімдеу үшін берілген өтінім құрамында:
тіркеуге қатысты тауар түрі;
тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасы;
тауар өндірілген жердің нұсқасымен (географиялық
обьектінің шекарасы) болуы тиіс.
ТШЖА тауар шығаратын жерге байланысты болғандықтан,өтінімді рәсімдеу кезінде географиялық обьектінің шекарасын көрсетеді. Сонымен қатар, маңызды тауар өндіру орнының шекарасы болып тауар өндірісінің аумақтық шекарасы ғана емес, бүкіл аймақ,кейде ел, яғни барлық қасиеттерін көрсететін аумақ көрсетіледі. Кейде, бірдей географиялық обьектіде орналасқан бәсекелестер бірін-бірі атақты белгіні қолдану құқығынан айыру үшін шекараларды жасанды түрде қысқартады.
Шетелдік өтініш беруші тауар шығарылған жер атауына құқығын растайтын құжаттар көрсетуі керек. Бұл рәсімдеу туралы куәлік немесе ТШЖА-ны қолдануға берілген құқық болуы тиіс. Ол шығарылған елдегі уәкілетті органмен берілген, яғни осы атау осы елдегі құқық қорғау органдарымен қолданылады және өтінім беруші оны қолдануға құқылы болуы керек.
Өтінім қосалқы құжаттармен бірге Қазпатентке, содан соң сараптамаға жіберіледі. Сараптама нәтижесі бойынша ТШЖА-ға берілген өтінімді тіркеу (егер ТШЖА ертерек тіркелген болса,оны қолдануға құқық беріледі) немесе тіркеуге қарсылық білдіру туралы шешімі қабылданады.
ТШЖ-ға тіркеу туралы шешім негізінде Қазпатент тауардың шыққан орындарының аттарын, Мемлекеттік тізіліміндегі тұңғыш рет айтылған ТШЖ-ның тіркеуіне тиісті төлемінен кейін өндіріп алады. Тауар тегі орнының тіркелуі, белгіленген аумақта шығарылған обьекті тауардың ерекше қасиеттерінің сақтау шартында мерзімсіз жұмыс істейді.
ТШЖ пайдалану құқығы Қазпатентке мәлімдеменің берілу күнінен бастап, 10 жыл ішінде жұмыс істейді. ТШЖ-ның жарамдылық мерзімі тұтынушының өтініші бойынша тауардың ерекше қасиеттерінің сақталуын шартта әрдайым 10 жылға ұзарта алады.
Тауар шығарылған жер атауын тіркеуге және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге қатысты мәліметтерді, сондай-ақ бұдан былайғы өзгерістерді Тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне тікелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде жариялайды.
Оны пайдалану құқығының иесі тауар шығарылған жер атауымен қатар тұстан латынның (R) әрпі түріндегі ескертпе таңбалауды, «тіркелген тауар шығарылған жердің атауы» немесе «ТШЖА тірк.» деген сөз белгілерін соға алады.
27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.
Тауар таңбасына толықтай құқық – құқық иеленушінің оны қолдануға және тауар таңбасына иелік етуге құқығы. Иеленуші тауар таңбасын сатуға немесе оны қолдануға лицензия беруге құқылы. Тауар таңбасына толық құқық беру немесе тауар таңбасын қолдану тәртібі ҚР «Тауар таңбалары,қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңымен, ішкі ведомстволық нұсқаулықпен реттеледі, азаматтық заңнамамен нормаланады.
Патенттік ведомствода келісімшарт тіркеледі.Құқық беру жайындағы келісімшартты бір ғана емес бірнеше тауар белгісі иеленеді.Тауарға немесе қызметке,сондай-ақ оның бөлігіне сату немесе лицензия беру арқылы жүргізіледі.
Тауар белгісіне құқық кез келген заңды немесе жеке тұлғаға беріледі.Жеке тұлға кәсіпкерлік салада жұмыс атқаруы тиіс.
Құқықты тіркеу жайындағы келісімшартты қарастырғанда мыналар тексеріледі:
-тауарды сатып отырған немесе қолдануға беріп отырған тұлға тауар таңбасының иесі болып табыла ма;
-тауарды беру құқығының көлемі анықталған ба(тауарды пайдалану құқығы толығымен сатылып жатыр ма,бөлігі немесе қызметі сатылып жатыр ма,лицензия түрі және қолданылу мерзімі);
-тауарды сату тауар таңбасына қатысты немесе өндірушіге қатысты күмәндарға алып келмей ма;
-берілген көлемі дұрыс анықталғанын айтады;
-тауар таңбасына құқықтың жол беруі тауар немесе оның жасап шығарушысы туралы тұтынушының адасушылығына соқтырмай ма.
Заңның 6,7-баптарында келтірілгендей:
-мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын,тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепілдік және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, олимпиадалық рәміздерді, наградаларды және басқа да айырым белгілерін, сондай-ақ оларға ұқсас нышандарды бейнелейтін белгілер тауар таңбалары ретінде тіркелмейді.
Егер белгі солардан ғана тұратын болмаса және оларды пайдалануға тиісті құзыретті органның немесе иесінің келісімі бар болса, мұндай белгілер қорғалмайтын элементтер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тауар таңбалары ретінде:
1)біртектес тауарлар мен қызметтер басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тіркелген тауар таңбаларымен;
2)тауарлар мен қызметтердің кез келген түріне қатысты Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар таңбаларымен;
3)бәртектес тауарлар мен қызметтерге (кері қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тіркеуге берілген белгілермен;
4)егер тіркеуге дараландыру тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса,осы атауды пайдалану құқығы иесінің атына тіркелетін тауар таңбасының қорғалмайтын элементі ретінде жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен араласып кеткен дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас белгілер тіркелуге жатпайды.
Құқықтың күші тоқтатылғанда, лицензиялық шарттың қолданылуы аяқталады. Тауар таңбасына құқығын басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шартта тоқтатуға әкеп соқпайды.
Тауарды кіргізгенде немесе Республика террияториясынан шығарғанда тауар таңбаларының құқықтары бұзылмас үшін, «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Заңының 218-3-бабында кедендік органдармен тауар таңбасын бақылау құқығы қарастырылған.
Егер тауар таңбасы заңсыз түрде қолданылаған болса, тауар белгісінің иесі сотқа шағым жаза алады.
