Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Патенттік жүйенің ұтымды жұмыс атқаруының негізгі шарттарының бірі авторлар мен патент иелерінің құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Интеллектуалдық меншікті тиімді қорғауға жеке және заңды тұлғалар – патент иелері бірдей мүдделі. Құқықты және өнертапқыштар мен патент иелерінің заңды мүдделерін қорғау – құқықты тану мен қалпына келтіру, оларды бұзуға жол бермеу, бұзақыларға жауапкершілік шараларын қолдану. Патенттік заңда басты назар авторлар мен патент иелерін қорғауға бағытталған. Өйткені олар патенттік құқықтық қатнастардың негізгі субьектілері. Өнеркәсіптік меншік объектісі авторлардың мүліктік мүдделерін қорғау өте маңызды талаптардың бірі.

Құқықты қорғау формасы :

1) заң құзіретіне жататын;

2) заң құзіретіне жатпайтын

  1. Қорғаудың заң құзіретіне жатпайтын формасы авторлар мен патент иелерінің құқықтарын және өздігінен, мемелекеттік немесе басқа да құзырлы мекемеге өтініш білдірмей, азамттық құқықты жүзеге асыратын заңды мүдделерін қорғау бойынша әрекетті қамтиды.

  2. Құқықты қорғаудың әкімшілік тәртібі заңда тікелей атап көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асады. Әкімшілік тәртіп патенттік ведомстваның апелляциялық кеңесіне сараптаманың шешіміне қарсылық беруді білдіреді, сондай-ақ апелляциялық кеңес алқасының шешімін қайта қарау туралы арызды апелляциялық кеңес төрағасына беруге құқылы.

Қарсылық білдіру өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельге инновациялық патент немесе патент беруден бас тарту туралы шешімге де беріле алады

Қорғау құжатына қолдану мерзімі ішінде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда: - Қарсылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апляциялық кеңесте жатпаса;

- Қарсылыққа қол қойылмаған немесе оған қол қою құқығы жоқ тұлға қойған болса;

- Қарсылық ұзартудың бекітілген мерзімін бұзып және аталған мерзімді қалпына келтіру күшін жойған кезде берілгенде;

- Өтініш беруші рәсімдеуге, мазмұны мен қарсылық беру рәсіміне қойылатын талаптарға қатысты құқықтарды бекітілген мерзім ішінде жоймағанда, қарсылықты қараудан бас тартылады.

Шешімге қарсылық білдірген тұлға немесе патент иесі шешімді алған күннен бастап алты ай ішінде сотқа шағымдана алады. Сот тәртібінде қаралатын даулар тізімі ҚР патент заңының 33- бабында келтірілген:

- Өнеркәсіптік меншік объектісіне авторлық туралы;

- Қорғау құжатының дұрыс берілуі туралы;

- Патент иеленушіні анықтау туралы;

- Күштеп лицензия беру туралы;

- Патент иеленушінің қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүліктік құқықтарын бұзушылық туралы;

- Қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;

- Алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;

- Жұмыс берушінің осы Заңның 10 бабы 4- тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеу туралы;

- Осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;

- Құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібімен қаралуға тиіс.

Қылмыстық кодекс өнеркәсіптік меншік саласындағы жасаған қылмыстары үшін жазаның келесі түрлерін қарастырады:

  • 100-ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш немесе айлық жалақысы көлемінде не болмаса 1 айдан 5 айға дейін жазаға тартушының басқа табысы көлемінде айыппұл төлеу;

  • 180 сағаттан 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;

  • 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

24. ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңға сәйкес қандай белгілер тауар таңбасы және тауар шығарылған жердің атаулары ретінде тіркеледі, тұжырымдама жасаңыз.

ҚР « Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңының 1- бабына сәйкес тауар таңбасы , қызмет кәрсету таңбасы тіркеледі немесе ҚР-сы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалады. Тауар таңбасының басты мағынасы – тауарды және қандай да бір өндірушінің қызмет сапасы, бағасы және басқа да мінездемелері арқылы басқа да ұқсас, бірыңғай тауар түрлерімен өзге өндірушілердің қызметтерінен айыру. Тауар мен қызметті жекешелендіруді білдіреді.

Тауар таңбасы – кез келген жарнаманың ядросы. Ол брендтің негізін құрайды. Бренд нарықта тауардың жоғарғы көрсеткіші болып қызмет атқарады.

Тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер таңдалынып, бір немесе бірнеше тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін бір-бірінінен ажыратуға мүмкіндік беретін аралас үлгілері тіркелу мүмкін.

Қазіргі таңда жоғары дистинктивті болып адамның ой қиялынан туындаған, мағынасы жоқ, мынадай тауар таңбалары белгілі: «KODAK», «NESCAFE» және т.б.

Тәжірибеде бір тауар таңбасын бірнеше тауар түрлері мен қызметтеріне тіркейді. Яғни, кейбір өндірушілер шығаратын өнімдерін бір ғана тауар таңбасымен тіркейді. Ал, фармацевтика саласындағы өндірушілер дәрілеріне әртүрлі тауар таңбасын алады.

Тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасы бірдей дәрежеге ие. Олардың айырмашылығы: біріншісі тауарларды таңбалау, ал екіншісі қызметті жекелендіруге қолданады.

Тауар шығарылған жердің атауы ретінде елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауы, сондай-ақ осындай атаудан шыққан белгі және тауардың көрінісітік атауымен тіркелуі мүмкін.

Тауар шығарылған жерлердің атаулары ретінде:

  1. Тауар шығарылған жерге қатысты қате географиялық объектілердің атаулары болып табылатын;

  2. Тауар өндірілген нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнінде қате түсінік беретін белгілер;

  3. Тауарлардың шығарылған жерімен байланысты емес географиялық объектілердің атауларын қамтитын белгілер тіркелмейді.

Аралас тауар таңбасына әртүрлі бейнелеу, сөздік және көлемдік элементтердің қиысулары жатады.

Тауар таңбаларына сенсорлы және оның басқа да түрлері кездеседі. Олар нақты, бір мағыналы емес теңестіру кезінде ғана тіркеле алады.

Ұжымдық тауар таңбасы – бұл заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының не болмаса өзге де бірлестігінің бірыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын сататын тауарларды белгілеу үшін қызмет ететін тауар таңбасы. Ұжымдық тауар таңбасы ретінде жоғарыда айтылған кез келген тауар таңбасы болуы мүмкін.

25.Тауар таңбаларына құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының ЗАҢЫ 1993 жылғы 18 қаңтар N 1888-ХII. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 457 Заңымен. ~Z990457

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау мен пайдалануға байланысты туындайтын құқылық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.

I БӨЛIМ: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан Республикасының тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлерiнiң атаулары туралы заңдары

2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Патент ведомствосы

3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқылық қорғау

4-бап. Заңда пайдаланылатын ұғымдар

II БӨЛIМ: ТАУАР ТАҢБАСЫН ТIРКЕУГЕ БЕРIЛЕТIН ӨТIНIМ ЖӘНЕ ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕР АТАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ

5-бап. Өтiнiм беру

6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге берiлетiн өтiнiмге қойылатын Талаптар

7-бап. Ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге берiлетiн өтiнiмге қойылатын талаптар

8-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеуге берiлетiн өтiнiмге қойылатын талаптар және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру

9-бап. Тауар таңбасының басымдығы

10-бап. Сараптамадан өткiзу тәртiбi

11-бап. Сараптама нәтижелерi жөнiндегi шешiм

12-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары

III БӨЛIМ ТАУАР ТАҢБАСЫН, ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕР АТАУЫН ТIРКЕУ

13-бап. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары мен тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiмдерi

14-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартуға сөзсiз негiздер

15-бап. Белгiлердi тауар таңбасы ретiнде тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi

16-бап. Тауар шығарылған жер атауларын тiркеу ерекшелiктерi

17-бап. Қорғаушы құжат

Қазақстан Республикасында тауар таңбасын қорғау олардың патенттік ведомствада тіркелуі негізінде жүргізіледі.ҚР «Тауар таңбалары,қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерледің атаулары туралы» Заңының 1-бабына сәйкес жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасы-тауар таңбасы ретінде пайдаланылып жүрген белгі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге орай,мүдделі тұлғалардың дәлелдемелеріне негізделген құзыретті органның немесе соттың шешімімен жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар таңбасы тіркеусіз қорғалады,мысалы:McDonald's,Mercedes,Coca-cola.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]