Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patent_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.15 Кб
Скачать

1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз.Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?

2.Патенттің құққықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплекстік патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?

3.Қандай объектілер өнертабыс ретінде қорғалады?Олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз

4.ҚР Патент Заңының 6-бабы 3-тармағына сәйкес өнертабыс деп таңылмайтын объектілер тізімін атаңыз,мысал келтіріңіз?Бұл ҚР қандай Заңымен қорғалады?

5.Өнертабыс бірлігі мен басымдығын орнату шарттарын баяндаңыз

6.Өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттарын атаңыз.Әрқайсысын қысқаша түсіндіріп беріңіз

7.Пайдалы модельге анықтама беріңіз.ҚР Патент Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге жатпайтын объектілерді атаңыз

8.Пайдалы модельдің патентке қабілеттілік шарттарын атаңыз және қысқаша баяндап беріңіз

9.ҚР Патент Заңына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге анықтама беріңіз.Өнеркәсіптік үлгінің қандай түрлері бар олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз

10.Өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарын атаңыз.Әрқайсысын қысқаша баяндап беріңіз

11.Интеллектуалдық меншік объектісіне байланысты субъектілер түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз.ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар ткралы»Заңы бойынша қосалқы авторлардыңпринциптерін атаңыз?

12.Қазақстанның Патенттік ведоствосы ,патенттік кітапхана және патенттік сенімді өкілдер туралы баяндаңыз және олардың өзара байланыстарын көрсетіңіз

13.Өнертабысқа өтінім беру талаптары қандай және Патент Заңы бойынша өтінімде қандай құжаттар болуы міндетті?

14.Өтінімдегі сенімхат не үшін арналған,оның жарамдылық мерзімдерін табыңыз

15. Өнертабыстың формуласын ,өнеркәсіптік қолданылуын ,жаңалығын және өнетабыстық деңгейін тексеру қалай жүзеге асырылады

16. Пайдалы модельге өтінім беру талаптары,өтінім құжаттары және өтінімге қосымша құжаттар туралы 17,1971жылы 24 наурызда Халықаралық патенттік жіктелім туралы Стасбург Келісімі бойынша пайдалы модельдің сипаттамасы қандай бөлімдерден тұрады,олардың өзара байланыстарын көрсетіңізбаяндаңыз

18.Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама қалай жүргізіледі

19.Өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге жүргізілетін ресми сараптама процесі туралы қысқаша баяндап беріңіз

20.Өнеркәсіптік үлгіге өтінім беру және өтінімге сараптама жүргізу процесі туралы қысқаша тоқталыңыз

21.лицензиялық келісімшарттар дегеніміз не және олардың түрлері туралы тұжырымдама жасаңыз.

22. Қорғау құжаттарын мерзімінен бұрын тоқтатылу себептерін тұжырымдаңыз.

23.Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

24. ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңға сәйкес қандай белгілер тауар таңбасы және тауар шығарылған жердің атаулары ретінде тіркеледі, тұжырымдама жасаңыз.

25.Тауар таңбаларына құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктері.

26. Тауар шығарылатын жердің атауына берілетін құқықтарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

27. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықтарының қолданылуын бағалаңыз.

28. ҚР «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның 2-ші бабы бойынша селекциялық жетістіктің тұжырымдамасы және олардың өнертабыстан айырмашылығын көрсетіңіз

29.Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілік шарттары және олардың тұжырымдамасы.

30. Селекциялық жетістікке құқықты рәсімдеу ерекшеліктері.

31. Селекциялық жетістікке құқықтық субъектілері және олардың құқықтары туралы қысқаша баяндаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.

32.Интегралдық микросхема топологиясы түсінігі, белгілері, және құқықтық субъектілері туралы тұжырымдаңыз.

33.Интегралдық микросхема топологиясының тіркелуі және құқық иеленушілерінің ерекшеліктері.

34. Халықаралық конвенциялар мен келісімдер турал баяндаңыз және оларды салыстырыңыз.

35. Өнеркәсіптік меншік объектісін шетелдерде патенттеу тұжырымдаңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.

36. НОУ-ХАУ және патенттік заңдылық.

37. Халықаралық патенттік жіктелуі.

39.Тауар таңбасын тіркеу реттілігі және тауар таңбасын тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер туралы тұжырымдама беріңіз.

40.Франчайзинг 

1.Интеллектуалдық меншік объектілерін атаңыз? Патенттік құқық,авторлық құқықтарға анықтама беріңіз?

.Интеллектуалдық меншік объектілерге: әдеби , көркем және ғылыми шығармалар, әртістердің орындаушылық қызметіне , дыбыс жазу, радио және теледидар бағдарламалар, адам шұғылданатын барлық салаларға қатысты өнертабыстар, ғылым жаңалықтар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және фирмалық атаулар мен коммерциялық белгілеулер, өндірістік , ғылыми , әдеби және көркем шығармалар салаларындағы интеллектуалдық іскерлікке қатысты басқа да құқықтар. Барлық меншік объектілерінің арасындағы ең көлемді- өнеркәсіптік меншік объектілері. Өнеркәсіптік меншік объектілерін реттейтін, тіркейтін немесе тағы басқа да рәсімдеу, жүзеге асыру және қорғауға байланысты нормативтік актілерді патенттік құқық деп атайды. Осылайша, патенттік құқық интеллектуалдық меншіктің құрама бөлшегі болса, сәйкесінше өнеркәсіптік меншік объектілері интеллектуалдық меншік объектілерінің бір бөлшегі болып табылады. Авторлық құқық – санаткерлік меншік саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді . Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар .Автор – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға . Авторлық құқық — автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары 

2.Патенттің құқықтық субъектісіне анықтама беріңіз.Комплексті патенттік қатынастың субъектілерін атаңыз?

Патенттік құқықтық субъектісі-өнеркәсіптік меншік объектісн жасайтын, тізімге енгізетін және басқа да тәсілдермен оны өңдейтін,құқығын қорғайтын құқықтық қатынастағы тұлғалар. Патенттік құқық мазмұнының сипатынан көргеніміздей олар кешенді құқықтық қатынас болып табылады. Өз алдына бөлек қарастырылуында әртүрлі қатынастар бар екенін аңғартады, олар құқықтың әртүрлі бағытындағы нормалармен , әкімшілік басымдық, азаматтық және қылмыстық нормалармен реттеледі.Комплекті патенттік қатынастың субъектісі келесідей түрде болады:

-өнеркәсіптік меншік объектісінің авторы және қосалқы авторлары

-автор мен қосалқы автор мұрагерлері және құқық иеленушілеріте

-өтінім беруші және құқық иелеуші, тауар белгісінің және тауар өндірілген орын қолдану құқығының иесі, интегралды микросхема топогиясының құқық иеленушісі

-интегралды микросхема топологиясының және өнеркәсіптік меншік объектісінің құқық иелерінің мұрагерлері және басқа да құқық иеленушілер

-мемлекетті бақару органдары

-патенттік мекеме

-патенттік сараптама жүргізетін ұйым

-патенттік кітапхана және ғылыми техникалық мәлімет ұйымы

-зауыттар мен өндіріс орындарының патенттік бөлімі

-патенттік сенімді өкілдер, олардың бюросы

-өнертапқыштардың қоғамдық ұйымы

-патенттік сенімді өкілдер ассоциациясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]