Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_otvety_docx_1-69.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
428.69 Кб
Скачать

1) Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих- (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді-өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  • ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

  • пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

  • тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

3)

7) Қазақстанда XVIII-XXI ғғ. жүрген көші-қон үдерістерін дәуірлеу 05 Қыркүйек 2013 267 0 1) XVIII ғ. ортасынан 1917 ж. дейінгі дәуір – Ресейлік империяның отары болған кездегі қоныс аударушылардың Қазақстанға бағытталған көші-қоны. Әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған келімсектер көші-қоны қазақ жерін көп ұлт өкілдерінің мекендеген жеріне айналдырды. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті басып-жаншу, жазалау шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қоны болмаса, бұл дәуірде қазақтар сыртқа кеткен жоқ; 2)  1917-1991 жж. кеңестік дәуір – әр түрлі саяси-экономикалық реформалар мен науқандар негізінде қазақ жеріне келімсектердің жаппай көші-қоны мен мәжбүрлі көші-қондар арқасында Қазақстан көп ұлтты халқы бар республикаға айналды. Кеңестік дәуірдегі таптық мәнді ту етіп, ұлттық ерекшеліктерді елеусіздендірген мемлекеттік көші-қон саясатының нәтижесінде қазақтарға ұлт ретінде құрып кету қаупі төнді. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті жазалау шараларынан қашқан қазақтардың көші-қоны кеңестік дәуірде өршіген қазақтардың сыртқа көші-қонының бастамасы болды. Осы дәуірде орын алған саяси-демографиялық катаклизмдердің нәтижесіндегі қазақтардың өлім-жітімі мен сыртқа көші-қоны және ең бастысы, қазақ жеріне аграрлық, өндірістік, қуғын-сүргіндік көші-қондар толқындары арқасында өзге ұлт өкілдерінің келуі тұрғылықты ұлт өздерін тарихи жерінде азшылық ұлтқа айналдырды; 3)  Тәуелсіздік жылдары – көші-қон қозғалысында ғасыр бойы Қазақстанға келген ұлт өкілдерінің тарихи отанына қайту көші-қоны күшейіп, керісінше, ғасыр бойы сыртқа қашқан қазақтардың тарихи отанына кері көші-қоны белсендірілді. Оралмандардың Қазақстанға бет бұруы мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болып табылатын халықтың демографиялық мінез-құлқындағы негізгі шешуші ұлт – қазақтардың сандық және сапалық мәнін көтерді. Қазақтардың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты. Кеңестік дәуірдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістер бірқатар зерттеушілер еңбектерінде екі кезеңге бөліне қарастырылады: 1920-жж. 1960-жж. басына дейiнгі (1926-1959 жж. санақтары); 1960-жж. мен 1991 ж. (1959-1989 жж. санақтар) аралықтары. Біз бұл әдісті тәуелсіздік кезіндегі қазақстандық тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай жетілдіре отырып, кеңестік дәуірдегі көші-қон үдерістерін өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлеміз: Қазақстанға көші-қонның 1) 1917-1926 жж. – саябырсу кезеңі, 2) 1926-1939 жж. – қайта өрлеу кезеңі, 3) 1939-1945 жж. – мәжбүрлі кезеңі, 4) 1946-1959 жж. – өрістеу кезеңі, 5) 1959-1970 жж. - бәсеңдеу кезеңі мен 6) 1970-1991 жж. – кері бұрылу кезеңі. Кезеңдерге бөлуде басты назарда ұстанатын ұстанымдар – көші-қон үдерісінің басты бағыттарына байланысты негізгі үрдістері мен салдарлары. Көші-қон қозғалысының бағыттары мен айырымы халықтың саны мен құрамының динамикасына, табиғи қозғалысының негізгі үрдістеріне әсер еткен негізгі фактор ғана емес, ол қазақстандық қоғамның даму салалары мен ұлттық дамудың құлдыраулар мен өрлеулерге негізделген ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен басты фактор болды. Бірінші – 1917 ж. мен 1926 ж. Бүкілодақтық халық санағы арасын қамтитынкезеңде бұрынғы патша өкіметінің отарлауымен тұтасқан көші-қон саясаты жаңа кеңестік түрге ауысты. Бұл кезеңде патша өкіметі кезіндегідей көші-қоншылардың лек-легімен келуі өндірістендіру басталғанға дейін тоқтатылды. Бұл кезеңді Қазақстанға көші-қонның саябырсу кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі көші-қон қозғалысын белсендірілуіне саяси фактор ерекше әсер етті. Экономикалық және әлеуметтік факторлар саяси факторлардың ықпалы мен нәтижесіне байланысты тұрмыстық факторларды да туғызды. Осы кезеңнің ішінде 1917-1918 жж., 1921-1922 жж. ашаршылықтар орын алды. Сыртқы көші-қондағы ірі ерекшелік – тұрғылықты халық қазақтардың көші-қоны Қазақстаннан сыртқа қарай бағытталса, өзге ұлт өкілдерінің, ерекше европалық ұлт өкілдерінің, керісінше, Қазақстанға көшіп-қонуы жалғасты.  1916 ж. ұлт азаттық қозғалысқа қатысқандарды қудалаудан қашқандардан басталған қазақтар көші-қоны кеңес өкіметінің жеңісінен кейін де орын алды. 1917/1918 жж. Түркістанда орын алған ашаршылық қазақтардың қарама-қарсы бағыттардағы көші-қонын күшейтті. Сонымен бірге, патшалық дәуірдің мұрасы - қазақ жерін «отарлау-қоныстандыру» саясатының нәтижесіне – Қазақстанға өз бетінше көші-қонға тыйым салынды. Соған қарамастан, орыс, украин және т.б. қазақ жеріне көші-қоны тоқтаған жоқ. Бірақ, Қазақстанға қарай бағытталған көші-қон қарқынының саябырсуына орай, бұл кезеңде қазақтар халық құрамындағы артықшылық үлесін сақтады – 1926 ж. санақта  58,5% болды. Екінші кезең – 1926-1939 жж. – кеңес дәуірі кезіндегі Қазақстанға көші-қонның қайтадан жандануы мен Қазан төңкерісінен кейінгі кейінгі көші-қонның қайта өрлеу кезеңі. Ұжымдастыру мен өндірістендіруге байланысты Ресейден көші-қоншылар патша кезеңіндегідей ағылып келіп жатты. Өндірістендіруге байланысты Түрксібке, Қарсақпайға, Қарағандыға және т.б. Ресейден көші-қоншылар әкелінді. 1929 ж. бастап, саяси жазаланғандар, арнайы қоныстанушылар, бұрынғы кулактар келе бастады. Бұл кезеңде республикадағы қазақтар үлесі төмендеп, 38,0%-ға түсті. 1926-1939 жж. көші-қон үдерістері тарихта қазақ халқын демографиялық апатқа әкелген саяси оқиғалармен өзара байланыста, өзара әсеріне ұшырады. Жаппай ұжымдастырудың нәтижесінде дәстүрлі шаруашылығынан айрылған қазақ халқының ұлт ретінде тарихтағы орнына нұқсан келтірген 1929-1933 жж., ал батыс бөлігінде, тіпті, 1927 ж. бастап орын алған ашаршылықтың нәтижесінде табиғи қозғалыс пен көші-қондық қозғалыстардағы кері айырымның есебінен демографиялық апатқа ұшырап, халқының үштен бірін жоғалтқан Қазақстан халқының сол кезеңдегі көші-қонының ызғары ХХІ ғ. да сезілуде. Демографиялық катаклизмдердің арқасында басым бөлігі қазақ ұлты болып табылатын азиялық ұлт өкілдерінің Қазақстаннан сыртқа көші-қоны ірі өнеркәсіптік көші-қондар мен аграрлық деген атаулармен жүргізілген, репрессиялық сипаттағы кулактық жер аударулармен жалғасқан европалық ұлт өкілдерінің Қазақстанға қарай бағытталған көші-қонымен айырбасталды. Қоныстанулардың отарлықпен байланысты түсініктері біртіндеп қолданудан қала бастады. Ішкі көші-қонда тың жерлерді игеру көзделген көші-қон елеулі болды. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда одақтық республикалар мен елдің шет аймақтарын коммунистік жолмен дамыту туының астында ұжымдастыру жүргізіліп жатты. Сонымен бір мезгілде Қазақстанның, Сібірдің, Кавказ бен Волга бойының ірі тың жерлерін игеру қолға алынды. БКП(б) ОК 1939 ж. мамыр Пленумы Қазақстанның ауыл шаруашылығына қажетті жұмыс күшін сырттан көшіру шешімін қабылдайды. 1940 ж. басынан Қазақстанға үш бағытта көші-қоншылар легі ағылды: жоспарлы түрде үкімет бастамасымен қоныс аударғандар арнайы көмек алды, тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етілді; көші-қоншыларды өз қаражатына шақырып, қабылдап, орналастырған ұжымшарлардың жеке бастамасымен келгендер және ұжымшар-кеңшарлармен жұмыс пен тұрғын үй жайлы алдын-ала келісіп алған көші-қоншылардың өз қаражатымен жүзеге асқан жоспардан тыс көші-қоны. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігіндегі Мырзашөлді игеру. Бұл шара өз бастауын патшалы Ресейдің отарлау-қоныстандыру саясатынан алады. Патшалық империялық саясат Қазақстан жерін әскери плацдарм етумен бірге бос аймақтарын ауыл шаруашылық шикізаттарын өндіру алқаптарына айналдыруды көздеген болатын. 1892 ж. Мырзашөлді игеру – өлкенің агромәдениетін дамыту, ең бастысы лек-легімен қоныстанып жатқан орыс, украин шаруаларын орналастыру мен жермен қамтамасыз етудің бір шарасы ретінде қаралды. Кеңес өкіметі бұл істі жалғастырды. Ұлы Отан соғыс қарсаңында кеңес үкіметі сол сызба бойынша Мырзашөлді игеру үшін одақтас республикалардан көші-қоншыларды жоспарлы түрде көшіру жүргізілді. Сонымен бірге, республиканың басқа облыстарынан да алынатын адамдар саны жоспарланып, көшіріле бастады. 1940 ж. соңына қарай Қазақстанға 22833 қоныстанушылар шаруашылығы келген. Бірақ, соғыстың басталуымен көші-қонның бұл түрі тоқтатылды. Республика ішіндегі көші-қон республика аралық көші-қондармен біте қайнап, астасып жатты. Үшінші кезеңге 1939-1945 жж. арасын алдық. Бұл кезеңдегі Қазақстандағы көші-қонға әсер еткен негізгі фактор – әлемдік екінші соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы. Саяси факторлар тағы да шешуші рөл атқарды. Осы кезеңдегі ірі көші-қондық қозғалыс адамзат тарихында болмаған ірі репрессиялар – контрреволюцияшылар, тап жаулары, «халық жауларын» ату жазасына кесіп, ГУЛАГ жүйесіндегі түрмелерде қинап, кулактық жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар халықтарды этникалық белгісіне байланысты жер аударулармен жалғасты. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында КСРО-ның жау басып алу қаупі бар аудандардан адамдар мен өндіріс орындарын эвакуациялау осы кезеңдегі тағы бір ірі көші-қон қозғалысы болып табылады. Соғыс жылдарында республикаға 1257,6 мың адам келіп, оның 20,3%-ы Қазақстанды тұрақты мекен етіп қалғанымен, 1939-1945 жж. Қазақстан халқы 5,6 пунктке кеміді. Кавказ, Қиыр Шығыс, тау халықтарының қазақ жеріндегі өкілдерінің түрлері мен санының өскен уақыты. Эвакуация мен реэвакуацияға, мобилизация мен демобилизацияға, депортация мен репатриация, соғыс тұтқындарының әкелінуіне негізделген көші-қон сыртқы көші-қонның негізгі барысын құрады. Ішкі көші-қон сырттан келгендердің аймақтарға орналасуы мен республика халқының өз ішіндегі халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайына, соғыс кезінде соғыс жағдайына бейімделген қатаң тәртіптің ашаршылықтарға душар еткенінен туындады. Соғыс жылдарында соғыс қарсаңында басталған жоспарлы қоныстандыру шаралары тоқтатылды. Төртінші кезең 1946 ж. соғыстың аяқталған кезі мен 1959 ж. Бүкілодақтық халық санағы аралығын қамтиды. Соғыстан кейінгі демобилизация, отбасылардың бірігуі, табиғи өсімдегі компенсаторлық кезең, халық шаруашылығын қалпына келтіру, жаңа өндіріс орындары (шикізаттық бағыттағы) мен көлік жолдарының түрлерін іске қосу, жаңа қалалар мен қала типтес поселкелердің құрылуы, ауыл шаруашылығындаға реформалар, тың және тыңайған жерлерді игеру және т.б. негізіндегі көші-қондар өрістеді. Қоғамдық ұйымдастыру жолымен көші-қон үдерісін мемлекеттік көлемде реттеу шаралары жүзеге асырылды. Елдегі әлеуметтік жағдайлардың қайшылықтарының ұлтаралық жанжалдар түрінде көрінуі және т.т. осы кезеңге тән. Бұл кезеңдегі көші-қонның басым бағыттары Қазақстанға қарай басқа республикалар мен шетелдерден келгендер есебінен бағытталған сыртқы көші-қон есебінен болды. Көші-қонның қарқындылығы осы жылдары ерекше қарқынмен жеделдетіліп, өз атын берген жерінде қазақ ұлты абсолюттік саны мен үлесі жөнінен азшылыққа айналдырған кезең. Тың қазақты тұқыртып, 1959 ж. санақта 29,7%-ға түсірді. Қазақтар өз отанында азшылық ұлтқа айналды. Бесінші кезең – 1959 ж. Бүкілодақтық халық санағы мен 1970 ж. аралығын қамтиды. Бұл жылдары Қазақстанға сырттан келушілердің көші-қоны аздап саябырлай бастады. Бұл кезеңде көші-қон айырымында кері айырым болмағанымен, көші-қон қозғалыстарының бәсеңдеу кезеңі дейміз. Сырттан қазақтардың келуі оқиғалары осы кезеңде орын алды. Бұл кезеңде қазақтардың табиғи өсімін көтерген «демографиялық жарылыс» деп тарихта аты қалған туу көрсеткіштерінің күрт өсуі тұрғылықты ұлттың мөлшерін 2,9 пунктке ғана көтерді. Қазақ жеріндегі қазақтар үлесі 1970 ж. 32,6%-ға жетіп, халық құрамында азшылық ұлт мәртебесін жоя алмады. Алтыншы кезең – 1970-1991 жж. аралығын, Қазақстанға сырттан келген көші-қонның кері бағытының күшейген кезінен Қазақстанның дербес тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңдегі көші-қонның ерекшелігі сонда, 1968-ж. екінші жартысынан бастап Қазақстанға өзге республикалардан келушілер саны азайды. Бұл 1970 ж. санақта көрінді. Көші-қон үдерісі халық санының өсіміндегі шешуші рөлінен айрыла бастады. Қазақстандағы ХХ ғ. басынан жалғасқан көші-қон үдерісінің бағытталу үрдісінде өзгерістер болды. Көші-қон қарқыны бәсеңдей бастады, бағыттары Қазақстаннан кері бұрылды. Бірақ әлі де жоспарлы түрде қоныстандыру және басқа да мемлекеттік шаралар негізіндегі көші-қон үдерісі жалғасып жатты.Алғаш рет 1970-жж. бастап, сонау ХІХ ғ. ортасынан Қазақстанға қарай ағылған көші-қонның бағыты кері бұрылды. РКФСР-ден басқа одақтас республикалармен көші-қон айырбасында теріс айырым көріне бастады. Оған себеп болған факторлар – ұлттық сана сезімнің оянуы, халық шаруашылығында ұлттық мамандар үлесінің өсе бастауы және т.б. Бұл кезеңде Қазақстан халқының демографиялық мінез-құлқында да өзгерістер жүрді.Көп балалы отбасыдан аз балалыққа өту, бала тууды сандық жағынан реттеуге негізделген бағыт осы кезеңнен бастау алды. 1991 ж. бергі тәуелсіздік жылдарын қамтитын кезеңдегі көші-қон үдерістері өзіндік ерекшеліктерімен дамуда: КСРО-ның ыдырауы ғасырлар бойы Қазақстанға бағытталған көші-қонның нәтижесінде жиналған көші-қон әлеуетін елден сыртқа қарай бағыттады. 1989 ж. Бүкілодақтық халық санағы мен 2009 ж. Қазақстан Республикасы Екінші ұлттық халық санағы аралығындағы көші-қон динамикасындағы сандық және сапалық өзгерістер республика халқының этнодемографиялық дамудағы шешуші рөлді тұрғылықты ұлт – қазақтардың атқаруына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында кеңестік кезеңде Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі әлеуетінің өздерінің тарихи отандарына қайтуына және елден кеткен отандастарымыздың оралу көші-қонына орай республикадағы қазақтар

8) XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпин реформасы 03 Қыркүйек 2013 5718 2 XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені  қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі. 

9) XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. БайтұрсыновЖ. АймауытовС. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан БөкейхановҚазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашыпедагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақынаудармашыазамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетінің редакторыболды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономикатарихмал шаруашылығыэтнографияауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропамәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. ЛермонтовА. Чехов, В. Короленко, Л. ТолстойА. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уақытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.

10) Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі[өңдеу]

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.

Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.[1]

15) Түркістан АвтономиясыҚоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.[1]

16) «Алаш» партиясының өмірге келуі[

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.

Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11]. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның«Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген [14]. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан

17) Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан ОралЖетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамадаКеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясатмәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекетқоғаммәдениетғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]

18) Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты.Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил  Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван  Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр  Дутов, Владимир Толстов, Борис  Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

19)«Әскери коммунизм» саясаты: мәні, әдістері, оны жүзеге асырудың түрлері

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты  Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен,  адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық дағдарыс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді.Кеңес еліндегі сияқты Қазақстанда да азамат соғысы жағдайында  ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта «Әскери коммунизм»  деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы «салғырт» енгізілді. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз  ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді. Өлкеге азық-түлік дайындауға 11500 –ге жуық жұмысшы келді.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.

Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]