Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКЗАМЕН 10КЛАСС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.36 Кб
Скачать

31. Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесі.

Ионды қосылыстардағы ионның заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шартты заряды тотығу дәрежесі деп аталады. Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады. Тотығу дәрежесін "+" немесе "-" белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF - да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1. Көптеген химиялық элементтердің тотығу дәржесінің мәні өзгермелі. Мысалы, күкірттің тотығу дәрежелері H2Sқосылысында -2, SO2 қосылысында +4, ал SO3 қосылысында +6. Жай зат күкірттің тотығу дәрежесі 0-ге тең. Металдар тек қана оң тотығу дәрежесін көрсетсе, бейметалдар кейде оң, кейде теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.

33. Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін - химиялық кинетика деп атайды. Химиялық реакцияның жылдамдығы деп реагенттердің немесе реакция өнімінің біреуінің концентрацияларының уақыт бірлігінде өзгеруін айтады. Химиялық реакциялар әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты лимиттеуші саты деп аталады.  Реакция жүруі кезінде реагенттер концентрациясы азаяды, ал өнімдер концентрациясы өседі.

34. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Экзотермиялық реакциялар.

Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық теңдеу - термохимиялық теңдеу деп аталады. Негізінде химиялық реакциялар жылу бөле немесе жылу сіңіре жүреді. Мысалы, көмір, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Ал, мысалыға, азот пен оттек әрекеттесіп азот (ІІ) оксидін түзгенде немесе сынап окиді айрылғанда жылу сіңіріледі. Жылу бөле жүретін реакция - экзотермиялық реакция деп аталады. "Экзо" гректің "сыртқа" деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан, сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді. С+О2=СО2 + Q (+Q жылу бөліну)

35. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Эндотермиялық реакциялар.

Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық теңдеу - термохимиялық теңдеу деп аталады. Негізінде химиялық реакциялар жылу бөле немесе жылу сіңіре жүреді. Мысалы, көмір, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Ал, мысалыға, азот пен оттек әрекеттесіп азот (ІІ) оксидін түзгенде немесе сынап окиді айрылғанда жылу сіңіріледі. Жылу сіңіре жүретін реакция - эндотермиялық реакция деп аталады. "Эндо" гректің "ішкі" деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді. N22=2NО -Q (-Q жылу сіңірілу)

36. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Қосылу реакциясы.

Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды. Қосылу реакциясына ең кемі екі зат қатынасады. Үш зат бір-бірімен әрекеттескенде бір ғана күрделі зат түзілсе ол қосылу реакциясына жатады.

Fe + S = FeSCaO + H2O = Ca(OH)2

37. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Айырылу реакциясы.

Бір күрделі заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды. Айырылу реакциясына реагент ретінде бір ғана күрделі зат қатынасады, ал шығатын өнімдер бірнеше жай және күрделі зат түрінде бола алады.

CaCO3 = CaO + CO2FeS = Fe + S

38. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Алмасу реакциясы.

Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция - алмасу реакциясы деп аталады. Алмасу реакциясы екі күрделі заттың қатынасуымен іске асады.

3NaNO3 + K3PO4 = Na3PO4 + 3KNO3 CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O

39. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Орынбасу реакциясы.

Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция - орынбасу реакциясы деп аталады.

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 2Na + 2HNO3 = 2NaNO3 + H2

40. Химиялық элемент атомдарының радиоактивтілігі туралы түсінік және радиоактивтіліктің маңызы.

XX ғасырдың 30-жылдарынан кейін мүмкін болатын барлық ядролық реакциялардың көпшілігі ашылып зерттелген. Ядролык реакциялардың көмегімен радиоактивті касиеттері бар изотоптар, яғни радиоактивті изотоптар алынады. Олардың барлығы тұрақсыз және радиоактивті ыдырау нөтижесінде басқа элементтердін изотоптарына айналады.

Барлык химиялык элементтердің радиоактивті изотоптары алынған. Тек радиоактивті изотоптардан. туратын элементтер радио-активті деп аталады. Бұл реттік нөмірі Z= 43—61 және 84—107-ге дейінгі элементтер.

Химиялык касиеттері бойынша радиоактивті изотоптардың тұрақты изотоптардан онша айырмасы жоқ. Сондьщтан олар косы- лыстардағы элемент атомының төртібін жөне олардың химиялық реакциялардагы козғалысын кадагалауға мүмкіндік беретін “таңба- ланған” атомдар ретінде қызмет атқарады. Радиоактивті изотоптар гылыми зерттеулерде, өнеркөсіпте, ауыл шаруашылығында, медици- нада, биология мен химияда кеңінен қолданылады. Қазіргі уакытта оларды көп мөлшерде алады. Ядролық реакцияларды, сонымен бірге жаңа трансуранды элементтерді синтездеуде колданады.

Ядролык реакциялардын маңызды ерекшелігі олардың көп мөлшерде энергия бөлуі болып табылады. Ядролык реакциялардың энергиясы химиялық реакциялардың энергияларынан миллиондаған есе артық. Химиялық реакциялар жүргенде, атом ядроларының бұзылмайтыны осымен түсіндіріледі.