- •1. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
- •3. Атом құрылысының заманауи теориясы.
- •4. Атом орбитальдарының sp3 гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
- •5. Атом орбитальдарының sp гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
- •6. Атом орбитальдарының sp2 гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
- •7. Атомдағы электрондар күйі мен қозғалысы.
- •8. Гунд ережесі.
- •9. Жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор типіне тәуелділігі.
- •10. Изотоптар.
- •11. Иондық байланыс.
- •12. Иондық кристалдық торлар.
- •17. Коваленттік химиялық байланыс.
- •18. Коваленттік химиялық байланыстардың қасиеттері.
- •19. Металдық байланыс.
- •20. Металдық кристалдық толар.
- •21. Негізгі топша элементтерінің қасиетінің өзгеруінің периодтылығы.
- •22. Паули принципі.
- •23. Периодтық жүйенің құрылысы.
- •24. Периодтық жүйенің маңызы.
- •25. Сутектік байланыс.
- •26. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
- •27. Тұздар балқымасының электролизі
- •28.Тұздардың сулы ерітінділерінің элетролизі. Анодтық процесс.
- •29. Тұздардың сулы ерітінділерінің элетролизі. Катодтық процесс.
- •30. Химиялық байланыс түрлері.
- •31. Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесі.
- •33. Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
- •34. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Экзотермиялық реакциялар.
- •35. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Эндотермиялық реакциялар.
- •41. Химиялық элемент: жіктелуі, сипаттамалары.
- •49. Химиялық элементтірдің электртерістілігі.
- •50. Элемент қасиеттерінің период бойынша өзгеруі.
- •51. Элемент қасиеттерінің топ бойынша өзгеруі.
- •52 Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттамасы. Д элементтер.
- •53. Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттамасы. С элементтер.
- •54. Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттамасы. П элементтер.
10. Изотоптар.
Ядроларында протондар саны бірдей бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрін - изотоптар деп атайды. Изотоп грек тілінен аударылғанда "бір орынға орналасушы" деген мағынаны білдіреді. Атом ядросының құрамы, оның изотоптарына тәуілді. Қазiргi уақытта химиялық элементтердiң бәрiнiң изотоптары бар екендiгi анықталған. Кейбiр элементтрдiң изотоптары тұрақты болмайды (яғни радиоактивтi). Изотоптар табиғаттағы ең ауыр элемент — уранда (салыстырмалы атомдық массасы 238, 235 т. 6.) және ең жеңiл — сутегінде (салыстырмалы атомдық массасы 1, 2, 3).
11. Иондық байланыс.
Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондардың, яғни катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілген химиялық байланыс иондық байланыс деп аталады. Иондық байланыс электртерістігі бойынша күшті ерекшеленетін атомдар әрекеттескенде түзіледі және инертті газдар сияқты тұрақты конфигурацияға ие болады.
12. Иондық кристалдық торлар.
Иондық тордың түйіндерінде әр аттас зарядталған иондар орналасады. Мысалы, металл мен галогендерден түзілетін тұздардың иондық кристалдық торы әр аттас зарядты иондардың кезектесіп орналасуымен сипатталады. Натрий хлориді туралы айтатын болсақ ол куб тәрізді кристалдық тор түзеді. Оның түйіндерінде кезекпе-кезек натрий Na+және хлор Cl- иондары орналасқан. Иондық торлы заттардың ерітінділері мен балқымалары электр тогын жақсы өткізеді және де балқу температуралары жоғары болады.
13. Иондық химиялық байланыс.
Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондардың, яғни катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілген химиялық байланыс иондық байланыс деп аталады. Иондық байланыс электртерістігі бойынша күшті ерекшеленетін атомдар әрекеттескенде түзіледі және инертті газдар сияқты тұрақты конфигурацияға ие болады.
14. Клечковский ережесі.
Орыс ғалымы Клечковский өте қарапайым және нақты ереже ұсынды. Элементтердегі атомдар электрондарының толтырылуы,квант сандары n+1 қосындысының өсуі тәртібі бойынша жүреді, егер екі деңгейдің қосындысы тең болса,онда бірінші n шамасы кіші деңгей толтырылады.
15. Ковалентті полюсті байланыс.
Әрекеттесуші атомдардың электртерістіктерінің айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар коваленттік полюсті байланыс арқылы түзіледі. Бұл жағдайда ортақ электрон жұбы электртерістігі артықтау элементке қарай ығысады. Мысалы, хлорсутек молекуласында электрон жұбы хлор атомына қарай ығысады.
.. ..
Н·+·СІ:→Н:СІ:
. . . .
16. Коваленттік химиялық байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі.
Донор - бұл екі электрондық бұлты бар атом, ал акцептор - бұл электрон жұбын қабылдауға бос орбиталы бар бөлшек. Донорлы-акцепторлық байланыс механизмі бойынша түзілген қосылыстар кешенді немесе комплексті қосылыстар деп аталады. Орталық атомды кешентүзуші, ал оның жанына шоғырланған бөлшектерді лигандтар деп атайды. Кешентүзуші мен лигандтар бірігіп ішкі сфераны түзеді. Оны зарядын көрсетіп, шаршы жақшаға[] алады. (қосымша кітапта 3.2.)
