- •1. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
- •3. Атом құрылысының заманауи теориясы.
- •4. Атом орбитальдарының sp3 гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
- •5. Атом орбитальдарының sp гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
- •6. Атом орбитальдарының sp2 гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
- •7. Атомдағы электрондар күйі мен қозғалысы.
- •8. Гунд ережесі.
- •9. Жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор типіне тәуелділігі.
- •10. Изотоптар.
- •11. Иондық байланыс.
- •12. Иондық кристалдық торлар.
- •17. Коваленттік химиялық байланыс.
- •18. Коваленттік химиялық байланыстардың қасиеттері.
- •19. Металдық байланыс.
- •20. Металдық кристалдық толар.
- •21. Негізгі топша элементтерінің қасиетінің өзгеруінің периодтылығы.
- •22. Паули принципі.
- •23. Периодтық жүйенің құрылысы.
- •24. Периодтық жүйенің маңызы.
- •25. Сутектік байланыс.
- •26. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
- •27. Тұздар балқымасының электролизі
- •28.Тұздардың сулы ерітінділерінің элетролизі. Анодтық процесс.
- •29. Тұздардың сулы ерітінділерінің элетролизі. Катодтық процесс.
- •30. Химиялық байланыс түрлері.
- •31. Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесі.
- •33. Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
- •34. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Экзотермиялық реакциялар.
- •35. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Эндотермиялық реакциялар.
- •41. Химиялық элемент: жіктелуі, сипаттамалары.
- •49. Химиялық элементтірдің электртерістілігі.
- •50. Элемент қасиеттерінің период бойынша өзгеруі.
- •51. Элемент қасиеттерінің топ бойынша өзгеруі.
- •52 Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттамасы. Д элементтер.
- •53. Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттамасы. С элементтер.
- •54. Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттамасы. П элементтер.
1. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Периодтық заң - табиғаттың объективті заңдарының бірі. Ол әлемнің материалдылығын, оның бірлігін және дамуын көрсетеді. Барлық элементтер өзара туыстықта болады. Олардың әрқайсысының қасиеті бірыңғай заңдылыққа бағынады.
Атомдардың құрылыс теориясы элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндірді. Атом ядросы зарядының 1-ден 110-ға дейін артуы сыртқы энергетикалық деңгейдің құрылысының периодты қайталануымен жүреді. Энергетикалық деңгейлердің электрондармен әртүрлі ретпен толтырылуына негізделген топтардың топшаға бөліну түсінігі қалыптасқан. Негізгі топша элементтерінде сыртқы деңгейдегі s-деңгейшелер(s-элементтер) немесеp-деңгейшелер(p-элементтер) толады. Қосымша топша элементтерінде сыртқы деңгейден кейін орналасқан екінші d-деңгейшелер(d-элементтер) немесе f-деңгейшелер(f-элементтер) толады.Атом құрылыс туралы ілім периодтық заң мен элементтердің периодтық жүйесінің физикалық мәнін ашты. (қосымша кітапта 2.6.)
2. Атом құрылысы. Протон. Электрон. Нейтрон.
Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. ,,Атом,, грекше ,,бөлінбейтін,, деген сөз. Атом құрылысының қарапайым моделін Резерфорд, Бор және т.б. ғалымдар жасады. Бұл модельдер бойынша әрбір атом оң зарядталған протондардан, бейтарап бөлшектер нейтрондардан және теріс зарядталған электрон бөлшектерінен тұрады. Протон мен нейтрон ядронықұрайды. Электрондарғақарағанда ядро ауырырақболады.Протон (грекше тілден аударылғанда бірінші деген мағынаны білдіреді) -- атом ядросының құрамбөліктерінің бірі, оң зарядпен сипатталады. Ядро құрамындағы протондар саны оның химиялык элементтің атомдық нөмірін және атом түрін анықтайды. Электрон – бірлік теріс электр заряды бар элементар бөлшек. Электронды 1897 ж. Дж.Томсон ашты. Электрон барлық атомдар мен молекулалардың құрамына енеді және заттардың құрылысы мен қасиеттерінде маңызды рөл атқарады. Электрон саны химиялық элементтерінің периодтық жүйедегі реттік нөмеріне тең болады. Нейтрон – орнықсыз бөлшек, оның орташа өмір сүру уақыты 15,3 мин. Протондар мен Нейтрондардан барлық атом ядролары құралады. Нейтронды 1932 жылы ағылшын физигі Дж.Чедвик ашты. Нейтрондар санын анықтау үшін химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасынан (Ar) химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі реттік нөмерін(Z) азайтамыз.
207Pb(қорғасын) (82р, 125n) 82е207-82=125
82
3. Атом құрылысының заманауи теориясы.
Атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады.
4. Атом орбитальдарының sp3 гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
Байланыс түзуге әртүрлі типті электрондар, мысалы s- және p-электрондар қатысқанда үнемі гибридтену жүреді. sp3 гибридтенуін көрсету үшін метанды СН4 аламыз. Метан молекуласындағы СН4 көміртек атомында бір s- және үш p-электрондар гибридтенуге ұшырайды. Бұл sp3- гибридтену тетраэдрлік конфигурациясы түзеді.
5. Атом орбитальдарының sp гибридтенуі, молекулалар геометриясы.
Байланыс түзуге әртүрлі типті электрондар, мысалы s- және p-электрондар қатысқанда үнемі гибридтену жүреді. sp гибридтенуін көрсету үшін бериллий хлоридін (BeCl2) аламыз. BeCl2 молекуласында химиялық байланыс түзу үшін бериллий атомының бір s- және бір p-электрондары қаысады. Бұл кезде sp- гибридтену жүреді. BeCl2 молекуласы сызықты, өйткені sp -гибридті орбитальдары қарама-қарсы бағытқа бағдарланған.
