Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
scientific otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.14 Кб
Скачать

10. Ғылыми стильдің негізгі тілдік ерекшеліктері

Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалықмазмұн дәлелділігі қажет.

Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады.Яғни،ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі  баяндалып,  анықтама,  дәлелдеме,  формулаларға негізделеді.

Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.

Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт;ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.

Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күр-дёлі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негіз-делуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекше-лігіне қарай баяндау тэсілінде кейбір өзгешеліктері болады. 

Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шағын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық.

Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі-терминдер. Терминдер-ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатыннақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі-стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі-ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетінғылыми шығармалар. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемлік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйдемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]