- •1. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының мәні мен рөлі
- •3. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының қандай кезеңдерін атай аласыз
- •4. Студенттің зерттеу мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз.
- •5. Студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін қалыптастыру кезеңдері.
- •6. Ғылыми тіл стилі және оның ерекшеліктері.
- •7. Ғылыми стилдегі терминологияның мағынасы
- •10. Ғылыми стильдің негізгі тілдік ерекшеліктері
- •8. Ғылыми мәтіннің түсінігі мен ерекшеліктері
- •9. Ғылыми мәтінді жазу құрылымы
- •11. Терминдерге қандай талаптар койылады?
- •12. Ғылыми мəтіндерді құру қандай жолдар мен жəне əдістермен ерекшеленеді?
- •13. Ғылыми заңи мәтіндердің сипаттамасы
- •14.Ғылыми мәтінде қандай тәсілдермен авторлық құқыққа көрсетуге болады?
- •15.Ғылыми публикациялардың түсінігі мен түрлері
- •17. Ғылыми мақаланың кіріспесінде не талқылануы керек?
- •18. Ғылыми мақалада сілтемелер қалай белгіленеді.
- •19.Ғылыми мақаланың қорытындысы мен тұжырымдары
- •20. Ғылыми мақалада әдебиеттер тізімі қалай рәсімделеді?
- •21)Оқу үдерісі кезіндегі эссенің мәні және ерекшеліктері
- •22)Эссенің құрылымы
- •23)Эссе жазылуының ережелері
- •24. Ғылыми публикацияларда плагиат проблемалары
- •25. Плагиат жане цитирование (дәйексөз алу)
- •26. Плагиат жане цитирование (дәйексөз алу)
- •27. Дипломдық жұмыс анықтамасы мен мақсаттарын айқындаңыз
- •28. Дипломдық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар.
- •29. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің қызметтері қандай
- •30. Дипломдық жұмыс жазылу тәртібінің талаптары қандай.
- •32. Дипломдық жұмыстық құрылымдық элементтерін атаңыз.
- •33. Дипломдық жұмыстың негізгі бетіне қойылатын талаптар қандай.
- •34. Рефераттың, дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерін және оларға қойылатын талаптарды атаңыз.
- •35.Дипломдық жұмыс мазмұны қандай болуы керек.
- •36.Дипломдық жұмысты ресімдеу ережелері қандай
- •37. Дипломдық жұмыс мазмұнын қалай бөлу керек.
- •38. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау тәртібі қандай.
- •39. Дипломдық жұмысты қорғауға жіберу тәртібін анықтаңыз.
- •40. Дипломдық жұмысқа қойылатын рецензия талаптары.
- •41. Дипломдық жұмысты қорғау тәртібін анықтаңыз.
- •42.Реферат анықтамасын беріңіз.
- •43. Студенттің ғылыми жұмысы ретінде рефераттың мәнісі неде.
- •44. Рефераттың баяндамадан ерекшелігі.
- •45. Баяндамаға қандай талаптар қойылады.
- •46. Оқу процесінде эссені қалай пайдалану керек?
- •47. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде кафедраның қызметтері қандай.
- •48. ҚазҰу-де дипломдық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі қандай.
- •49. Дипломдық жұмыста Кіріспенің құрылымдық элементтері қандай.
- •50. Дипломдық жұмыста Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу тәртібі қандай.
46. Оқу процесінде эссені қалай пайдалану керек?
«Оқу» терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Г.Щукинаның пікірінше «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымы оқыту процесін толығырақ қамтып сипаттайды. Бұл арнаулы іс әрекет, ол қоғамға өте қажет, іс-әрекет түрі, үлкендер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, әрі олардың ынтамақтасу формасы, ең бастысы мұнда танымдық процесс және өскеең ұрпақтың әлеуметтенуі жүзеге асырылады.
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссені оқу процесінде пайдалану - бұл өте орынды мәселе.Оқу процесіндегі эссе бұл - студенттің белгілі бір мәселеге байланысты белгілі бір идея, концепция, басқа ғылыми салалардан алынған образдарды қолдана отырып толғанып жазған өзіндік шығармашылық ойлануы. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орныдарында білімді дәелдеу үшін эссе жазылады. Эссе қандай болу керек? Эссе тақырыптан ауытқымау қажет, тақрып толық ашылуы керек, аргументтер дәлелденіп келтірілуі керек, стиль сақталып, сауаттылық, грамматикалық қателіктерге жол берілмеу керек (пунктуация, т.б.), егер белгілі бір қайнар көздер қолданылса - қайнар көздерді жазу.
47. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде кафедраның қызметтері қандай.
Кафедра диплом жазушыларға профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, сонымен қатар жоғарғы экономикалық білімі бар, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және бас маманнан (бөлім басшысы) төмен емес лауазымда жұмыс атқаратын жоғарғы маманданған маман-өндірісте жұмыс атқаратындардың қатарынан ғылыми жетекші тағайындайды, Студент-диплом жазушы кафедрамен келісе отырып жоғарыда аталған белгілерді ескере отырып, диплом жұмысын орындайтын материалдар бойынша, кәсіпорыннан дербес өзіне жетекші таңдауына болады. Жетекшіні таңдағаннан немесе тағайындағаннан кейін студент өз қолымен бекітілген нысанда (В ҚОСЫМШАСЫ) кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады және диплом жұмысының жетекшісінің келісімі жөніндегі белгісімен қысқы емтихандық сессияға басталғанға дейінгі мерзімде кафедраға табыс етеді. Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының жетекшісін тағайындауды бекітеді. Көрсетілген мерзімге дейін бекітілген нысанда кафедраға өтініш тапсырмаған студенттер, диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыбын бекітуге жасалған бұйрыққа қосылмайды. Диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыбын бекітуге жасалған бұйрықты бекіткеннен кейін, тақырып атауын және жаңа жетекші таңдауға өзгерістер енгізуге университет ректоры рұқсат бермейді. Кафедра меңгерушісі бітірушінің диплом алдындағы іс-тәжірибесін өтуі үшін және оның д иплом жұмысын жазуы үшін жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз етеді.
