- •1. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының мәні мен рөлі
- •3. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының қандай кезеңдерін атай аласыз
- •4. Студенттің зерттеу мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз.
- •5. Студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін қалыптастыру кезеңдері.
- •6. Ғылыми тіл стилі және оның ерекшеліктері.
- •7. Ғылыми стилдегі терминологияның мағынасы
- •10. Ғылыми стильдің негізгі тілдік ерекшеліктері
- •8. Ғылыми мәтіннің түсінігі мен ерекшеліктері
- •9. Ғылыми мәтінді жазу құрылымы
- •11. Терминдерге қандай талаптар койылады?
- •12. Ғылыми мəтіндерді құру қандай жолдар мен жəне əдістермен ерекшеленеді?
- •13. Ғылыми заңи мәтіндердің сипаттамасы
- •14.Ғылыми мәтінде қандай тәсілдермен авторлық құқыққа көрсетуге болады?
- •15.Ғылыми публикациялардың түсінігі мен түрлері
- •17. Ғылыми мақаланың кіріспесінде не талқылануы керек?
- •18. Ғылыми мақалада сілтемелер қалай белгіленеді.
- •19.Ғылыми мақаланың қорытындысы мен тұжырымдары
- •20. Ғылыми мақалада әдебиеттер тізімі қалай рәсімделеді?
- •21)Оқу үдерісі кезіндегі эссенің мәні және ерекшеліктері
- •22)Эссенің құрылымы
- •23)Эссе жазылуының ережелері
- •24. Ғылыми публикацияларда плагиат проблемалары
- •25. Плагиат жане цитирование (дәйексөз алу)
- •26. Плагиат жане цитирование (дәйексөз алу)
- •27. Дипломдық жұмыс анықтамасы мен мақсаттарын айқындаңыз
- •28. Дипломдық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар.
- •29. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің қызметтері қандай
- •30. Дипломдық жұмыс жазылу тәртібінің талаптары қандай.
- •32. Дипломдық жұмыстық құрылымдық элементтерін атаңыз.
- •33. Дипломдық жұмыстың негізгі бетіне қойылатын талаптар қандай.
- •34. Рефераттың, дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерін және оларға қойылатын талаптарды атаңыз.
- •35.Дипломдық жұмыс мазмұны қандай болуы керек.
- •36.Дипломдық жұмысты ресімдеу ережелері қандай
- •37. Дипломдық жұмыс мазмұнын қалай бөлу керек.
- •38. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау тәртібі қандай.
- •39. Дипломдық жұмысты қорғауға жіберу тәртібін анықтаңыз.
- •40. Дипломдық жұмысқа қойылатын рецензия талаптары.
- •41. Дипломдық жұмысты қорғау тәртібін анықтаңыз.
- •42.Реферат анықтамасын беріңіз.
- •43. Студенттің ғылыми жұмысы ретінде рефераттың мәнісі неде.
- •44. Рефераттың баяндамадан ерекшелігі.
- •45. Баяндамаға қандай талаптар қойылады.
- •46. Оқу процесінде эссені қалай пайдалану керек?
- •47. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде кафедраның қызметтері қандай.
- •48. ҚазҰу-де дипломдық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі қандай.
- •49. Дипломдық жұмыста Кіріспенің құрылымдық элементтері қандай.
- •50. Дипломдық жұмыста Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу тәртібі қандай.
44. Рефераттың баяндамадан ерекшелігі.
Реферат және баяндама - көпшілік алдында оқылатын нысанда берілген немесе қандай да бір фактілерді, негізінен ғылыми фактілерді зерттеу, талқылау немесе дәлелдеу үшін жазбаша түрде ұсынылған, арнайы дайындалған аналитикалық ақпарат. Зерттеу жұмысының бұл түрлерінің айырмашылығы ақпаратты өңдеу тәсілі мен материалды баяндаудың әр түрлі міндетерінен көрінеді.
Реферат - ғылыми, әлеуметтік-саяси, заңи, экономикалық, мәдени-шығармашылық мазмұндағы бұрын жарияланған ақпараттарды қолдана отырып, белгілі бір тақырып бойынша жасалатын толық хабарламаның бір түрлі. Мұндай ақпараттың бірнеше қайнар көзі болуы мүмкін. Негізінен бұл қандай да бір мәселеге арналған ғылыми жұмыстар мен арнайы әдебиеттер. Олардың мазмұны рефератта оны құраушы тарапынан субъективті баға берілместен баяндалады. Реферат үшін таңдалған мәселенің өзектілігін көрсете алатын жәнеоны шешу әдістерін ұсына алатын, ғылыми көзқарас бойынша маңызды, жеткілікті түрде зерттелген фактілер таңдап алынады.
Реферат белгілі бір құрылымдық және стильдік стандарттарға сай болуы керек. Оның негізгі композициялық бөліктері - кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспеде қолданылған қайнар көз, оның авторлығы, жарияланған уақыты мен орны көрсетіледі, сондай ақ тақырыптың өзектілігі негізделеді. Негізгі бөлікмдей тезистік немесе шолу нысанында мәселенің мәні баяндалады, зерттеу әдістері немесе анализ нәтижелері және оларды қолдану мүмкіндігі туралы айтылады.
Рефератталатын материалдың баяндалуы нысанына қарай репродуктивті және продуктивті рефераттар болады. Репродуктивтілер реферат-конспект немесе реферат-резюме болып табылады. Продуктивті рефератта әр түрлі көзқарастарды авторлық салыстыру, алғашқы қайнар көздегі ақпаратқа анализ жасау, бірнеше қайнар көздерге шолу болады.
Рефератпен салыстырғанда баяндама - мәселені және оның жеке аспектілерін жан-жақты зерттеуге негізделген, қандай да бір тақырыптың анализі болып табылады. Ол қайнар көздерге сілтемелері, дәйексөздері бар, сол саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және авторлық тұжырыммен бекітілген автордың белгілі бір позициясын көрсету көрсету қағидасы бойынша жасалады. Баяндамада баяндаудың арнайы әдістері қолданылады: аналитикалық анықтамалар, салыстыру арқылы анализ, ғылыми дәлелдемелер қолдану, тексерілген фактілі материалдарды пайдалану.
Баяндаманың құрылымы - мазмұны бірінен соң бірі баяндалатын сызықтық түрде немесе тақырыптың бірнеше аспектілерін қамтитын тармақталған түрде болады.
Баяндалу әдісі - артынан талқыланатын көпшілік алдында оқылу немесе ғылыми жариялану. Баяндамалар есептер, фактілер, оқиғалар туралы ресми хабарлау, мысалы, әскери баяндама, нысанында бола алады.
Осылайша, баяндама мен рефераттың арасындағы айырмашылық мынадай:
1.Реферат - оны құраушының авторлық қорытындыларымен дәлелдемелерін қажет етпейтін, белгілі бір тақырып бойынша қандай да бір ақпараттың объективті мазмұндалуы. Баяндама сұрақтардың кең шеңберін қамтиды немесе жеке тақырыптың терең зерттелуіне негізделіп, қорытындысы жасалатын авторлық зерттеу жұмысы болып табылады.
2. Рефератта бір немесе бірнеше қайнар көздердің негізгі мазмұны нақты беріледі. Баяндамада әр түрлі көзқарастар сарапталады, бұрын алынған нәтижелерге немесе ғылыми әдебиеттерде бекітілген фактілерге негізделген мәселені зерттеудің әдіснамасы жасалады.
3. Рефератта мазмұнның авторлық бағалануы болмайды, ол тек мәселе шешімінің анықталған тенденцияларын бекітеді. Баяндамада автордың позициясын дәйекті түрде дәлелдейтін өңделген және жүйеленген ақпарат болады.
