Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
scientific otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.14 Кб
Скачать

38. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау тәртібі қандай.

Диплом жұмысы кафедраға алдын ала қорғауға ұсынылады. Диплом жұмысын алдын ала қорғау процедурасы кафедраның ашық отырысында студенттердің және ғылыми жетекшісінң міндетті түрде, қажет болған жағдайда ғылыми кеңесшілердің қатысуымен талқыланады. Алдын ала қорғау кафедраның отырысының хаттамасында көрсетіледі.

Алдын ала қорғалған, бекітілген талаптарға сай, аяқталған диплом жұмысы студенттің өзінің, ғылыми кеңесшінің қолы қойылып, жетекшісіне ұсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір жазады. Диплом жұмысын ғылыми жетекші мақұлдаған жағдайда, оған қолын қойып өзінің жазбаша пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне қорғауға жіберу туралы ұсынады. Диплом жұмысын ғылыми жетекші мақұлдамаған жағдайда, оған қолын қоймайды, бірақ диплом жұмысын қорғауға жібермеу туралы шешімін негіздеп, жазбаша пікірін береді.

Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі сол диплом жұмысы бойынша соңғы шешімді қабылдайды, оның сыртқы бетінде сәйкес жазу жазады. Кафедра меңгерушісі студентті қорғауға жіберу мүмкін деп санамаса, онда бұл мәселе кафедра отырысында міндетті түрде студенттің, ғылыми жетекшісінің қатысуымен қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы ЖОО ректорына бекітуге ұсынылады.

Кафедрамен қорғауға ұсынылған диплом жұмысы кафедра меңгерушісімен сын-пікірге жіберіледі.

Сын-пікір берушілер тізімі ректор бұйрығымен өндіріс мамандарымен ғылыми ұйымдардың ішінен кафедра меңгерушісінің ұсынысымен бекітіледі. Сын-пікір берушілер ретінде басқа ЖОО профессорлары, доценттері және оқытушылары тартылуы мүмкін.

Сын-пікір берушілердің қорғалатын диплом жұмысының бейімі бойынша базалық жоғары білімі және ғылыми немесе академиялық дәрежесі мен атағы болуы қажет.

Сын-пікір берушілер диплом жұмысына жазбаша сын-пікір береді, онда зерттеліп отырған тақырып бойынша өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы, тақырыптың дайындайтын мамандық бейініне, берілетін академиялық дәрежемен мамандығына сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің өз бетімен жасалуы, қорытындылармен ұсыныстардың , мәселенің шешілу деңгейін және зерттеудің аяқталғандығын көрсетуі тиіс (Г қосым- шасы). Сын-пікірде рейтингтік-балдық жүйе бойынша әріптік жүйемен бағасы көрсетілген және сәйкесінше академиялық дәрежесімен мамандығын беру туралы аргументтелген қорытынды береді.

Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, сын-пікір берушімен F - «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған диплом жұмысы жалпы шарттар бойынша қорғалады. Факультет деканы кафедра меңгерушісімен студент-дипломникті диплом қорғаудан 1 күннен кеш емес мерзімде сын-пікірмен таныстырады, диплом жұмысын пікірмен сын-пікрімен қоса Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғауға жібереді.

Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Студент кафедра ұсынысы бойынша диплом жұмысының қысқаша мазмұны шет тілдердің біреуінде қорғау кезінде баяндалады және осы тілде сұрақтар беріледі.

Диплом жұмысын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы бүгінгі техникалық құралдарды пайдаланып, электронды ресурстарды қолдану арқылы мультимедиялық презентациялар түрінде қорғалуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]