- •1. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының мәні мен рөлі
- •3. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының қандай кезеңдерін атай аласыз
- •4. Студенттің зерттеу мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз.
- •5. Студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін қалыптастыру кезеңдері.
- •6. Ғылыми тіл стилі және оның ерекшеліктері.
- •7. Ғылыми стилдегі терминологияның мағынасы
- •10. Ғылыми стильдің негізгі тілдік ерекшеліктері
- •8. Ғылыми мәтіннің түсінігі мен ерекшеліктері
- •9. Ғылыми мәтінді жазу құрылымы
- •11. Терминдерге қандай талаптар койылады?
- •12. Ғылыми мəтіндерді құру қандай жолдар мен жəне əдістермен ерекшеленеді?
- •13. Ғылыми заңи мәтіндердің сипаттамасы
- •14.Ғылыми мәтінде қандай тәсілдермен авторлық құқыққа көрсетуге болады?
- •15.Ғылыми публикациялардың түсінігі мен түрлері
- •17. Ғылыми мақаланың кіріспесінде не талқылануы керек?
- •18. Ғылыми мақалада сілтемелер қалай белгіленеді.
- •19.Ғылыми мақаланың қорытындысы мен тұжырымдары
- •20. Ғылыми мақалада әдебиеттер тізімі қалай рәсімделеді?
- •21)Оқу үдерісі кезіндегі эссенің мәні және ерекшеліктері
- •22)Эссенің құрылымы
- •23)Эссе жазылуының ережелері
- •24. Ғылыми публикацияларда плагиат проблемалары
- •25. Плагиат жане цитирование (дәйексөз алу)
- •26. Плагиат жане цитирование (дәйексөз алу)
- •27. Дипломдық жұмыс анықтамасы мен мақсаттарын айқындаңыз
- •28. Дипломдық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар.
- •29. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің қызметтері қандай
- •30. Дипломдық жұмыс жазылу тәртібінің талаптары қандай.
- •32. Дипломдық жұмыстық құрылымдық элементтерін атаңыз.
- •33. Дипломдық жұмыстың негізгі бетіне қойылатын талаптар қандай.
- •34. Рефераттың, дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерін және оларға қойылатын талаптарды атаңыз.
- •35.Дипломдық жұмыс мазмұны қандай болуы керек.
- •36.Дипломдық жұмысты ресімдеу ережелері қандай
- •37. Дипломдық жұмыс мазмұнын қалай бөлу керек.
- •38. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау тәртібі қандай.
- •39. Дипломдық жұмысты қорғауға жіберу тәртібін анықтаңыз.
- •40. Дипломдық жұмысқа қойылатын рецензия талаптары.
- •41. Дипломдық жұмысты қорғау тәртібін анықтаңыз.
- •42.Реферат анықтамасын беріңіз.
- •43. Студенттің ғылыми жұмысы ретінде рефераттың мәнісі неде.
- •44. Рефераттың баяндамадан ерекшелігі.
- •45. Баяндамаға қандай талаптар қойылады.
- •46. Оқу процесінде эссені қалай пайдалану керек?
- •47. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде кафедраның қызметтері қандай.
- •48. ҚазҰу-де дипломдық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі қандай.
- •49. Дипломдық жұмыста Кіріспенің құрылымдық элементтері қандай.
- •50. Дипломдық жұмыста Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу тәртібі қандай.
32. Дипломдық жұмыстық құрылымдық элементтерін атаңыз.
(34сұрақ жауабымен бірдей)
33. Дипломдық жұмыстың негізгі бетіне қойылатын талаптар қандай.
Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі: - диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы, - студенттің тегі және аты-жөні, - диплом жұмысының тақырыбы, - жұмыстың түрі-диплом жұмысы, - мамандықтың атауы және коды, - қала және жыл. 3.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді. Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі: - диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы, - дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы, - шектеуіш гриф (қажет болғанда), - кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы, - жұмыстың түрі - диплом жұмысы, - «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы, - мамандықтың атауы және коды, - сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні, - бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні, қала және жыл көрсетіледі,
34. Рефераттың, дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерін және оларға қойылатын талаптарды атаңыз.
Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады.
- титул беті ;
- диплом жұмысының орындалуына тапсырма
- мазмұны
- кіріспе ;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
-нормативті сілтемелер,анықтама,қажетіншебелгілер мен қысқартулар дипломдық жұмыстың құрылымына енгізіледі,ол туралы шешімді кафедра қабылдайды.
Диплом жұмысының көлемін мамандық ерекшелігіне қарай кафедра анықтайды, ереже бойынша 60-90 бет болуы қажет, кей жағдайда 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,
- диплом жұмысы орындалған кафедра атауы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы
- мамандықтың атауы және шифры,
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні, басқа да атақтары.
- қала және жыл көрсетіледі.
Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.
Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.
- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек)
- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)
- негізгі бөлім
- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе мен қорытынды негізгі бөлім бойынша жасалған жұмысты түсіндіруі керек.
Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу). Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.
Кіріспе құрылымды келесі сөздермен "Реферат кіріспеден, ... тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. 1-ші тарау ... арналады, 2-ші тарауда ... сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі" сипаттаумен аяқталады.
Негізгі бөлім берілген тақырыпты зерттеуге арналған. Бұл бөліктің атауы реферат атауымен аталады. Бұл бөлік ең үлкен болып, жұмыстың 3/2 бөлігін алуы керек. Барлық тараулар мен тармақшаларда қысқаша әрі нақты атау болу керек. Материалды баяндауда қисынды сақтау керек. Рефераттың негізгі бөлімінде түрлі дереккөздерінен алынған мәліметтерден басқа келтірілген деректерге сүйенетін, яғни жұмысты толық немесе оның кез келген жеке тармақшасын құруға арналған міндет - зерттеме - қорытынды формуласын пайдалану арқылы өзіңіздің пікірлеріңіз бен қисынға келтірілген тұжырымдарыңыз болғаны дұрыс.
Қорытынды негізгі бөлімнен шығып нақты әрі қысқаша болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - тақырыпқа байланысты бүкіл әдебиеттердің емес, осы рефератты жазуда пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі болып табылады. Оған сілтемеде көрсетілген әдебиеттер де кіреді.
