Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
scientific otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.14 Кб
Скачать

29. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің қызметтері қандай

Диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің міндеттері:

– бітіру жұмысын дайындау процесінде студент-диплом жазушыға

ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

– студентке тақырып таңдауда және диплом жұмысын жүйелеуде,

сонымен қатар қолданыстағы «Әдістемелік нұсқаулар» жеке жағдайларын

қажет болғанда түсіндіру»;

– диплом жұмысын орындауға тапсырма береді;

– бітірушімен бірге диплом жұмысын орындаудың барлық кезеңіне

(ҚОСЫМША Г) жоспар-кесте құрады;

– тақырып бойынша әдебиеттер және қажетті көздерді іздеу бағытына

студенттерді бейімдейді, талдау жүргізу әдістемесін таңдауда (зерттеу, жасау,

т.б.) көмек көрсетеді;

– студент-диплом жазушыға жүйелі түрде кеңес беріп отырады,

дайындаудың барлық кезеңдерінде және диплом жұмысын жазу және оны

қорғауға дейін бақылау жасап отырады. Студент-диплом жазушы жетекші

алдында тапсырманы орындағаны туралы айына екі реттен кем емес есеп беріп

отырады.

– баяндама жасауға дайындыққа және МАК отырысында оның қорғауы

барысында жұмысты презентациялауға қажетті көмек көрсетеді;

– қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс туралы жазбаша пікір береді.

Диплом жұмысын дайындау және орындаудың әр түрлі кезеңінде ғылыми

жетекші міндеттері өзгеріп отырады.

Диплом жұмысын дайындаудың бірінші кезеңінде ғылыми жетекші

тақырып таңдауға кеңес береді, жұмыс жоспарын қарастырады және түзетеді

және әдебиеттер тізімі бойынша ұсыныстар береді. Диплом жұмысының

тақырыбын таңдағаннан кейін диплом жұмысын тапсырма беріледі. Диплом

жұмысының тапсырмасы төмендегілерден тұрады:

– бастапқы материалдар сипаттамасынан (өндірістік (диплом алдындағы)

іс-тәжірибе есебі, статистика бойынша ҚР агенттігінің мәлметтері,

шаруашылық субъектілерінің есебі, алғашқы ақпараттар);

– студенттермен жасалынатын, сұрақтар тізімі;

– ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

– сызба (суреттеу) материалдарының тізімі.

Содан кейін жеке бөлімдерді орындау кезектілігін көрсетумен диплом

жұмысының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрылады. Күнтізбелік жоспар-

кесте студент пен ғылыми жетекшінің бірлескен жұмысын анықтайтын, жұмыс

құжаты болып табылады, сондықтан да ол диплом жұмысына салынбайды.

Жұмысты орындау барысында ғылыми жетекші диплом жазушыға

кемшіліктерді, аргументтерді, компазиция, стиль және т.б. көрсететін оппонент

болып табылады және оларды қалай жақсарту қажет екендігіне ұсыныстар

жасайды. Ғылыми жетекшінің ескертулері мен ұсыныстарына диплом жазушы

критикалық тұрғыда қарауы керек. Ол өз көзқарасы бойынша оларды ескеруі

немесе ескермеуі мүмкін, өйткені тақырыпты ашуы және теориялық және

әдістемелік дұрыс жасауы, сонымен қатар мазмұнының сапасы және диплом

жұмысын рәсімдеу толығымен диплом жазушыға байланысты, барлық

жауапкершілік өз мойнына артылады. Студент-диплом жазушы қол қойған,

аяқталған диплом жұмысы жетекшіге қорғауға 10 күн қалғанға дейінгі

мерзімнен кешіктірілмей табыс етілуі керек.

Диплом жұмысының соңғы нұсқасын алғаннан кейін ғылыми жетекші

сарапшы ретінде қатысады. Ол диплом жұмысына қол қояды және жазбаша

пікір жазады, бұнда диплом жұмысының сапасы жан-жақты сипатталады, оң

жақтары белгіленеді, диплом жазушымен түзетілмеген бұрын берілген

кемшіліктерге ерекше мән беріледі, студенттің диплом жұмысын жазуы кезінде

жұмысқа қабілеттілігі, қабілеті, жылдамдығы, арнайы дайындық деңгейі,

дербестігі, творчествалық дәрежесі сипатталады. Сонымен бірге жетекші

диплом жұмысына баға қоймайды, тек қана Мемлекеттік аттестациялық

комиссияда қорғауға ұсынады немес ұсынбайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]