Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ККПМ полная версия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
522.03 Кб
Скачать

5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.

Өнім сапасын бақылаудың кешенді жүйесінің басты звеносы немесе бөлігі техникалық тексеру болып табылады. Өндіру технологиясына байланысты тексерудің келесі түрлері жүзеге асырылады:

  • Кірмелі (Входной контроль) тексеріс – бұл бастапқы шикізатты (пресс порошок, каучук, олигомерлер, химикаттар, толтырғыштар және т.б.), қаптау жабдықтары және сырттан келген басқа дайын өнімдерді тексеру;

  • Технологиялық процесті тексеру – бұл технологиялық процестің көрсеткіштерінің нормативті технологиялық құжаттарға сәйкестігін тексеру, ал ол құжаттар технологиялық регламент, технологиялық инструкция, маршрутная карта және т.б, болуы мүмкін.

  • Операциялық тексеру – яғни белгілі бір технологиялық процесс аяқталғаннан кейінгі өнім мен технологиялық үрдісті тексеріп қадағалау.

  • Инспекциялық тексеріс – бұл технологиялық процесс пен өнімді бақылау.

  • Белсенді тексеріс – бұл өнімді дайындау кезінде (Синтез) технологиялық қондырғыларға орнатылған өлшеу құралдары арқылы өнім мен технологиялық процестің дұрыс өтуін қадағалау.

6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

Кірмелі бақылау – бұл бастапқы шикізатты (пресс порошок, каучук, олигомерлер, химикаттар, толтырғыштар және т.б.), қаптау жабдықтары және сырттан келген басқа дайын өнімдерді тексеру;

Полимерлі материалдардын алынатын бұйымдардың сапасы шикізаттың сапасына байланысты болып келеді (термореактивті пресс ұнтақтар, ұнтақтәріздес немесе гранулды термопластар, каучуктер, олигомерлер, толықтырғыштар, армирлеуші материалдар). Бұйымға дейін өңделуге арналған шикізат заводта және өңделетін өндіріс орнында бақыланады. Заводтың техникалық бақылау бөлімшесі маркировты анализ жүргізеді, яғни материалдың қасиеттернің ГОСТ-қа сәйкес келуін бақылайды. ГОСТ-та материалдың міндетті нормалары болу керек: сыртқы түрі, қасиеттері, алу әдісі, бақылау әдістері, сынама алу, траснспорттау мен қаптау әдістері көрсетілуі қажет. Полимерлі материалдарды өңдейтін өндіріс орындары орталық завод лабараториясы немесес цехтық бақылау лабараториясы заводқа түсетін шикізат пен материалдың сапасын бақылайды. Сапасы тұраықты шикізатпен материалдар таңдалмалы түрде анализденеді (түсетін партиядан 25-50% сынамаға алынады), ал біртектілігімен ерекшеленбейтін өнімдер толығымен барлық партиялары бақылаудан өтеді. Алынған нәтижелерге сәйкес партия ары қарай қолданысқа жіберілу не болмаса рекламацияға ұшырауы анықталынады.

Кірмелі бақылау нәтижелері барлық өндіріс орныдарында сапасы бойынша анықталынған құжаттарымен жіберіледі. Кейбір өндіріс орындарында полимерлі материалдарды өңдеу мен қатар олардан полуфабриканттар алумен қатар жүреді (резиналық қоспалар, термореактивті пресс ұнтақтар немесе талшықтар, олигомерлі жартылай өнімдер т.б). Бұл жағдайда кірмелі бақылаумен қатар операциялық (цехаралық) полуфабриканттардың бақылау анализі де қатар жүргізіледі. Бұл анализ құрамын, компоненттердің тасмалдануы мен диспергирленуін, алынатын өнімнің техникалық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Мысалы, резиналық қоспаларды дайындаған кезде, ығыстыру процессі аяқталған соң өнімнің тығыздығы, пластикалық, эластикалық қаиеттері, вулканизациялық көрсеткіштері, вулканизаттардың физика-механикалық қасиеттері анықталынады.