- •1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
- •3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.
- •4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
- •9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
- •10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.
- •13. Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындау процесін сипаттаңыз.
- •14. Полимерлі материалдардың түйіршікті құрамына анықтама беріп, полимерлі бұйымға әсерін сипаттаңыз.
- •15. Түйіршікті құрамды анықтау әдістерін атап, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •31. Полимерлердің өңделуі мен олардың ылғалдылығының өзара байланысын көрсетіңіз. Ылғалдылығы нормадан ауытқитын шикізатты өңдеуде ақаулардың алдын алу шараларын бағалаңыз.
- •32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
- •33. Ұшқыш заттар мен ылғалдылықтың мөлшерін анықтау әдістерін салыстырыңыз.
- •34. Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
- •35. Термопласттар мен реактопласттардың термотұрақтылығы мен температуралық сипаттамаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Аморфты (а) және кристалды (б) термопласттар мен реактопласттардың (в) термомеханикалық қисықтары: і – шыны тәрізді немесе кристалды күй; іі – жоғары эластикалық күй; ііі – тұтқыраққыш күй.
- •Вик құралы:
- •Каргин таразысы:
- •36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
- •Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
- •37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
- •38. Полимерлі материалдың төмен термотұрақтылығы мен термомеханикалық қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген ақаулардың алдын алуын пайдалануды көрсетіңіз.
- •39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.
- •40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.
- •41. Полимерлі материалдың аққышты мен оның қасиеттерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •42. Реактопласттардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалауға болады?
- •43. Реактопласттардың аққыштығы мен қатаю жылдамдығын қалай бағалауға болады?
- •44. Материалдарды таблеттеу процесін талқылап, сыртқы факторлардың таблеттеу процесіне әсерін салыстырыңыз.
- •45. Реактопласттарды өңдеудің технологиялық режимдері мен технологиялық сипаттамалардың арасындағы байланысты жаса.
- •46. Пластоэластикалық сипаттамалардың негізінде резина қоспаларының сапасын қалай бағалауға болады?
- •47. Пластометриялық әдіс арқылы каучук пен резина қоспаларының иілгіштік қасиеттерін қалай түрлендіруге болады?
- •49. Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?
- •50. Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.
- •52. Тығыздықты анықтау әдістерін салыстыра отырып, олардың өзара байланысын жасаңыз.
- •53. Резина қоспаларының сапа көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің көмегімен технологиялық режимдерге түзетулерді қалай жасауға болады?
- •55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
- •56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
- •57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.
- •58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?
- •59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
- •60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бағалау үшін екі түрлі сипаттаманы қолданады: полимердің берілген температураға ыдыраусыз төзу уақыты tнр және термодеструкция басталатын уақыт Тнр. Термотұрақтылықты бағалау әдістері деструкция кезінде жүретін құбылыстарға негізделген. Олар – полимердің қасиеттерінің өзгеруі (балқыманың тұтқырлығы, молекулалық масса, беріктілік қасиеттері), түсі мен мөлдірлігінің өзгеруі, деструкция өнімдерінің бөлінуі және т.б.
Термотұрақтылықты бағалау үшін әдетте реологиялық әдіс қолданылады. Ол берілген температурада балқыманың тұтқырлығы өзгеріссіз қалатын уақыт аралығын өлшеуге негізделген.
Тұтқырлықтың термиялық әсердің ұзақтығына тәуелділігін анықтау үшін ротациялық та, капиллярлы да вискозиметрлер қолданылуы мүмкін.
Поливинилацетальдардың, фторопласттардың және басқа да материалдардың термотұрақтылығын қыздыру кезіндегі массасын жоғалтуы арқылы бағалайды. Ыдырау басталатын сәт масса жоғалтудың жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. Сынаққа термошкаф, аналитикалық таразы, сағат және бюкстер қажет.
Кейде полимердің термотұрақтылығын бағалау үшін берілген уақыт аралығында белгілі бір температурада қыздырғаннан кейінгі массасын жоғалтуының мәнін анықтау қолданылады.
Полимердің ыдырау температурасын табудың ең жеңіл және әмбебап әдісі материалды қыздыру кезінде бөлінетін ұшқыш заттардың қысымның өсу кинетикасын анықтауға негізделген. Ыдырау температурасын «ұшқыш заттар қысымы – уақыт» қисығының секірмелі өзгерістері арқылы табады.
Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
1 – сыналатын материал бар сынауық; 2 – кран; 3 – сынапты манометр; 4 – термостат; 5 – термометр.
І – «температура-уақыт» тәелділігі; ІІ – «ұшқыш заттар қысымы-уақыт» тәуелділігі.
37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
Полимерлердің бір физикалық күйден екіншісіне ауысуы, осы ауысулардың ерекшеліктері, сонымен қатар полимерлердің термотұрақтылығы осы материалдарды өңдеу процестерінде маңызды рөл ойнайды. Себебі бұл сипаттамалар алдын ала қыздыру және пластикация сатысында және қалыптау мен салқындату сатыларында полимердің күйін анықтайды. Шынылану және жұмсару температуралары бойынша алдын ала кептіру мен қыздыру температураларын таңдайды және бұйымдардың жылутұрақтылығын бағалайды.
Термотұрақтылығы төмен полимерлі материалды өңдегенде термодеструкция нәтижесінде балқыманың тұтқырлығы төмендейді немесе жоғарылайды (полимердің тігілуі жүреді). Тігілу полимер тізбегіне қатаңдық береді де, бағдаралану дәрежесін және соған байланысты құймалы және экструзионды бұйымдардың анизотропиясын арттырады. Кейде термиялық ыдырау дайын бұйымдардың бетінің қараюы мен көбіктердің түзілуіне алып келуі мүмкін. Термодеструкция бұйымдардың беріктілік қасиеттеріне кері әсер етеді.
Термодеструкция нәтижесінде үлдіртүзілудің температурасы мен уақыты төмендейді, жабындылардың физика-механикалық қасиеттері, кейде сәндік қасиеттері нашарлайды.
