- •1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
- •3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.
- •4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
- •9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
- •10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.
- •13. Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындау процесін сипаттаңыз.
- •14. Полимерлі материалдардың түйіршікті құрамына анықтама беріп, полимерлі бұйымға әсерін сипаттаңыз.
- •15. Түйіршікті құрамды анықтау әдістерін атап, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •31. Полимерлердің өңделуі мен олардың ылғалдылығының өзара байланысын көрсетіңіз. Ылғалдылығы нормадан ауытқитын шикізатты өңдеуде ақаулардың алдын алу шараларын бағалаңыз.
- •32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
- •33. Ұшқыш заттар мен ылғалдылықтың мөлшерін анықтау әдістерін салыстырыңыз.
- •34. Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
- •35. Термопласттар мен реактопласттардың термотұрақтылығы мен температуралық сипаттамаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Аморфты (а) және кристалды (б) термопласттар мен реактопласттардың (в) термомеханикалық қисықтары: і – шыны тәрізді немесе кристалды күй; іі – жоғары эластикалық күй; ііі – тұтқыраққыш күй.
- •Вик құралы:
- •Каргин таразысы:
- •36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
- •Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
- •37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
- •38. Полимерлі материалдың төмен термотұрақтылығы мен термомеханикалық қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген ақаулардың алдын алуын пайдалануды көрсетіңіз.
- •39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.
- •40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.
- •41. Полимерлі материалдың аққышты мен оның қасиеттерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •42. Реактопласттардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалауға болады?
- •43. Реактопласттардың аққыштығы мен қатаю жылдамдығын қалай бағалауға болады?
- •44. Материалдарды таблеттеу процесін талқылап, сыртқы факторлардың таблеттеу процесіне әсерін салыстырыңыз.
- •45. Реактопласттарды өңдеудің технологиялық режимдері мен технологиялық сипаттамалардың арасындағы байланысты жаса.
- •46. Пластоэластикалық сипаттамалардың негізінде резина қоспаларының сапасын қалай бағалауға болады?
- •47. Пластометриялық әдіс арқылы каучук пен резина қоспаларының иілгіштік қасиеттерін қалай түрлендіруге болады?
- •49. Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?
- •50. Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.
- •52. Тығыздықты анықтау әдістерін салыстыра отырып, олардың өзара байланысын жасаңыз.
- •53. Резина қоспаларының сапа көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің көмегімен технологиялық режимдерге түзетулерді қалай жасауға болады?
- •55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
- •56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
- •57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.
- •58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?
- •59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
- •60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
Өнім сапасы – бұл оны қолдану жағдайына сәйкес жарамдылық шарттарына жауап беретін қасиеттерінің жиынтығы. Өнім сапасының сандық көрсеткіші оның қасиетімен сипатталады.
Өнімнің сапа көрсеткіші (ӨСК) – оны қолдану және өндіру шарттарын қарастыратын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық жиынтығы.
Полимерлі материалдарды (ПМ) өңдеу технологиясында кең ауқымды номенклатура (ӨСК) қолданылады. Бұл көрсеткіш арқылы бастапқы шикізат пен материалдардың сапасының нормативті техникалық құжатқа сәйкестігін бағалайды, олардың техникалық бағытын болжайды, сонымен қатар, белгілі бір берілген қасиеттер жиынтығы бар өнімдер алудың мүмкіндігін анықтайды. Өнім сапасының көрсеткіштері мынадай болуы мүмкін:
біртекті (бір ғана қасиетін көрсететін),
кешенді (бірнеше қасиет көрсететін):
анықтағыш (сапасына қарап шешім қабылдайды);
интегралды (өнімді қолдану және пайдалануынан түсетін пайданың оны өндіруге кеткен пайдаға кеткен қатынасымен анықталады) болып бөлінеді.
Практикада ӨСК-ны анықтау үшін төмендегідей әдістер қолданылады:
өлшеу әдісі, ол техникалық өлшеуіш заттарын қолданумен алынған мәліметке негізделген.
есептеуіш әдісі, ол өнім параметрлеріне тәуелді сапа көрсеткішінің теориялық және эксперименттік тәуелділіктерінің негізінде жасалады.
органолептикалық әдіс бұл сезу мүшелерінің сезгіштігіне негізделген.
эксперттік әдіс ол эксперттердің шешіміне негізделген.
социологиялық әдіс – бұл тұтынушылардың сараптамасына негізделген әдіс.
2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
Сапа деңгейін бағалау бұл – өнім сапасы көрсеткіші номенклатурасын таңдауды, осы көрсеткіштердің мәнін анықтап, оны базалық мәндерімен сәйкестендіруді қамтамасыз ету.
Өнімнің сапа деңгейін бағалау келесі этаптардан тұрады:
Есептеу көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау және оның маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеу;
Сапа көрсеткіші мәнін анықтау әдісін құру немесе таңдау;
Сапа көрсеткіші мәндерінің базалық мәнін таңдау;
Сапа көрсеткішінің шынайы мәнідерін анықтап, оны базалық мәнмен салыстыру;
Салыстыра отырып тура шешім қабылдау;
Қабылданған тура шешімге түсініктеме негіздеме беру.
Сапа деңгейін бағалау әдістері 4-ке бөлінеді:
дифференциалды (жеке сапа көрсеткіші);
кешенді (кешенді сапа көрсеткіштері);
араласқан (жеке кешенді сапа көрсеткіштері);
статистикалық (математикалық статистиканы қолдану арқылы).
Полимерлер технологиясында сапа көрсеткішін бақылаудың әдістерінің барлығы қолданылады. Көптеген өнімнің сапа көрсеткіштері барлық дерлік полимерлер мен олардың негізіндегі композиттердің сапа деңгейін бағалау үшін қолданылады. Кейбір көрсеткіштер белгілі бір түрлерге ғана арналған. Мысалы, түйіршіктік қүрам, көлемдік сипаттамалар, сусымалылық және т.б. т. термопласттардың, реактопласттардың, резина қоспаларының және уретанды олигомерлі композициялардың себілмелі композицияларының сапасын бақылауда қолданылады. Сонымен, өнімнің сапасын бақылау (тексеру) өнімнің сапа көрсеткішінің бекітілген заңдылықтарға сәйкестігін тексеру (бақылау).
