Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру толық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.77 Кб
Скачать

1.Карвасарский б.Д:

♥ мәселеге бағытталған;

♥ тұлғаға бағытталған;

♥ шешімге бағытталған.

2.Кочюнас р.:

♥ индивидуалды және топтық;

♥ бір реттік және көпреттік;

♥ жекешақыртуменберілетін;

♥ қосымшатесттікжәнетестсіз;

♥ псхологиялық коррекция әдісінсіз;

♥ әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы.

3.Немов р.С.:

♥ жеке бас-интимдік (тұлғалық) – кеңес берудің бұл түрі жиі әрі көп кездеседі.Адамның тұлғалық сұрақтарымен,уайымдарымен айналысады.Кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады.Мыс:адамдармен қарым-қатынас,әртүрлі қорқыныш,сәтсіздіктер.Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңіл толмаушылығы,интеллектік мәселелерін жатқызуға болады.

♥ отбасылық – адамның өзінің және басқасының,туысының жанұясындағы мәселелерімен айналысады.Болашақ жар таңдау,отбасындағы қарым-қатынас,конфликтерді шешу жолдары,әйелі мен күйеуі туыстарымен қарым-қатынасы,ажырасу сұрақтары.

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады:

  • өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмек, т.б.;

  • тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, балаларды қадағалау, т.б.;

  • отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауыруларын тексеріп-анықтау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;

  • рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағаларын қолдау;

  • бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т.б,;

  • отбасының ішкі және сыртқы қатынастар саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала – ата-ан және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.

Кеңес беру процесін 5 фазаға бөлуге болады.

  1. байланыс тудыру;

  2. мәселені анықтау;

  3. арнайы жұмыс фазасы;

  4. шешім қабылдау;

  5. кері байланыс фазасы.

1 фаза – клиентпен байланыс тудыру , яғни бұл фазада қарым – қатынас дистанциясы анықталады. Сонымен қоса байланыс кезіндегі мінез – құлық осы кездегі реакциялар ерекшеліктері вербалды және вербалды емес қарым – қатынас мінезі және мінез – құлықты бағалау, реттеу жүреді.

2 фаза – мәселені анықтау, бұл кезде клиент пен психолог арасында мәселені түсіну кезінде келісушіліктері болу керек. Бұл кезде клиент өз мәселесін анықтайды, ал песихолог оны түсіндіріп, келіседі. Яғни клиент пен кеңес беруші бірдей ойға келеді. Альтернитивті гипотезаларды талқылайды.

3 фаза – арнайы жұмыс фазасы, бұл кезде кеңес берудің ең негізгі қорытындысы клиенттің мәселені жаңалай түсіне алуы.

4 фаза – шешім қабылдау фазасы, бұл кезде клиенттің кеңес алудан кейін тиімді әрі өнімді мінез – құлқы көрінуі керек. Клиенттің шешім қабылдауы сенімділікке, оптимизмге, жауапкершілікке сүйенуі қажетү Бұл фазада психолог пен клиент болашақ әрекетінің әдіс – тәсілдерін дұрыс таңдауы қажет, ол әдіс – тәсілдерді нақты жағдайда қолдануы шарт.

5 фаза – кері байланыс фазасы, мұның негізгі қорытындысы клиентке кеңес беру және кеңес берудегі нақты процесс клиентті қанағаттандыру керек.

Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)

Кеңес беру үрдісінің құрылымының ең кең тараған үлгісі (В.Е.Gilland және оның қызмететстері, 1989) – эклектикалық үлгі. Бір бірімен тығыз байланысқан алты деңгейден тұрады.

1.Мәселені зерттеу. Бұл сатыда кеңес беруші клиентпен байланыс орнатып, өзара сенімге негізделген қатынас құрады. Клиентті мұқият тыңдау шарт, оған барынша жанашырлық, мұңына ортақтастық таныту маңызды, эмпатия, қамқорлық көрсете білу және бұл аталған жайттарды еш бағалаусыз, басқарусыз жасау керек. Клиенттің туындаған мәселені терең түсінуін ұйымдастыру қажет, оның сезімдерін тұрақтандыра білу осыған алып келеді. Клиент өзін ұстауы мен мәселені баяндауына көп көңіл бөлу керек.

2.Мәселенің екі өлшемді анықтамасы. Кеңес беруші клиент мәселесін оның эмоционалдық және когнитивті қырларын қарастыра отырып дәл сипаттауға тырысады. Мәселені дәл анықтау клиент пен кеңес беруші ортақ түсінікке келгенге дейін жалғасады. Мәселені дәл анықтау мәселенің туындау себебін толық түсінуге мүмкіндік береді, тіпті кейбір жағдайларда мәселені шешу жолдарын да көрсетеді. Мәселені дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда зерттеу сатысына оралу керек.

3.Мәселені теңестіру. Бұл сатыда мәселенің шешілуі мүмкін жағдайлар анықталады және ашық талқыланады. Ашық түрде сұрақтар қою арқылы кеңес беруші клиенттің мәселені шешу нұсқаларын атауға итермелейді, бірақ өз ұсыныстарын клиентке таңбайды. Әңгімелесу кезінде ол нұсқалардың жазбаша түрін де жасауға болады, бұл түрлі нұсқаларды қарастыруға және оларды салыстыруға мүмкіндік береді.

4.Жоспарлау.Жоғарыда таңдалған нұсқаларды бағалау жүзеге асады. Кеңес беруші клиентке дұрыс нұсқаны таңдауға көмек көрсетеді. Мәселені шешудің нақты нұсқаларын жоспарлау клиентке барлық мәселелердің шешіле бермейтіндігін түсінуіне көмектеседі. Қайсібір мәселелер шешімін табуы үшін уақыт өтуін талап етсе, ендігі бір мәселелер толық емес бөлшекті түрде шешімін табуы мүмкін.

5.Әрекет ету кезеңі. Жоспарлану бойынша мәселені шешуді жүзеге асыру. Кеңес беруші клиенттің нақты жағдайларды есепке ала отырып, сондай-ақ, болуы мүмкін сәтсіздіктер, уақыт, эмоциялық шығындалу сынды жайттарды есепке ала отырып әрекер етуіне көмектеседі. Клиент мәселені шешу барысында кездесетін сәтсіздіктердің түпкілікті сәтсіздік емес екендігін түсінуі керек және мұндай жағдайларға қарамастан өз жоспарын жүзеге асырудан тайынбауы керек.

6.Бағалау және кері байланыс. Бұл сатыды клиент кеңес берушімен бірге жеткен нәтиженің деңгейін анықтайды. Қажет болған жағдайда мәселені шешу жоспарына қайта оралады. Тереңдеген жаңа, жасырын мәселелер туындап жатса алдыңғы сатыларды қайталап шығу керек.

5.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру кабинетінің жабдықталуы мен тыңғылықты кеңес берудегі алғашқы этаптарына сипаттама жасаңыз.

Кеңес беру тыныш жағдайда, сырттан дауыс естілмейтін кабинетте жүзеге асырылуы тиіс. Кабинет аса үлкен болмауы керек, тынфыш түстерге боялған, жиһаздары ыңғайлы орналастырылған және тым астарлы болмауы тиіс. Жарық клиентке тура түспеуі қажет. Кабинетте үстел, ыңғайлы орындықтар болуы керек. Релаксация бойынша сабақтар өткізу үшін төсектің болғаны дұрыс. Керегелерге бірнеше сурет ілуге болады, сөрелерге кітап қоюға болады, алайда клинттің зейінін алаңдатпау үшін интерьер тым артық болмауы қажет.

Жұмыс орнында аса жеке заттардың немесе кеңес берушінің пайымдауларын бейнелейтін заттардың болмағаны жөн. Әр кездесу сайын клиентті сол бір кабинетте қабылдау керек. Бұл оны елеңдетпейді, жаңа жағдайға бейімделуге уақыт кетірмейді, сонымен қатар өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.Кездесу танысудан басталады. Бұл жерде белгілі-бір этикетті ұстанған жөн: орнынан тұрып клиентті жарты жолдан күтіп алу, өзін таныстыру, клиенттің өз аты мен тегін атауын өтіну, өзі отырмай тұрып оған орын таңдап отыруға ұсыныс жасау. Клиент өзін еркін сезіну үшін кеңес беруші танысудың алғашқы минуттарынан бастап сипайы, қонақжай қожайын болып көрінуі және өзін табиғи ұстауы тиіс.

  1. Кеңес беретін бөлменің жабдықталуы: клиент пен кеңес берушіге ыңғайланып жасалған креслолар немесе столдар, айналатын журналдық столдар болуы тиіс.

  2. Егер клиент пен кеңес берушінің жүргізетін жұмысы аз уақыттық қана болса, онда креслолардың орнына столдар қоюға болады. Және кеңес берушілік іс барысында клиенттің бейвербалды қарым-қатынасын мұқият қадағалап отыру керек. Егер жұмыс ұзақ уақытқа созылатын болса, онда креслоларды қойған жөн. Жиһаздан бөлек, кеңес беру бөлмесінде аудио және видео техниканы да орнатып қоюға болады, бұл қандай да бір жазбаларды жазу тыңдау немесе көру кезінде керек болып қалуы мақсатында.

  3. Үстел үстінде қағаздар, көшірме техникалары, компьютер, т.б. заттар болуы керек. Клиенттің психологиялық тестінің нәтижесін талдау үшін калькулятор керек болып қалуы мүмкін.

  4. Клиенттің картотекасын және басқа адамдарға көрсетуге болмайтын құжаттарын сақтауға арналған сейф орнатылуы тиіс.

Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)

Кеңес беру үрдісінің құрылымының ең кең тараған үлгісі (В.Е.Gilland және оның қызмететстері, 1989) – эклектикалық үлгі. Бір бірімен тығыз байланысқан алты деңгейден тұрады. Кеңес беру процесін басынан аяғына дейін белгілі бір тәртіппен кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар.

1.Мәселені зерттеу. Бұл сатыда кеңес беруші клиентпен байланыс орнатып, өзара сенімге негізделген қатынас құрады. Клиентті мұқият тыңдау шарт, оған барынша жанашырлық, мұңына ортақтастық таныту маңызды, эмпатия, қамқорлық көрсете білу және бұл аталған жайттарды еш бағалаусыз, басқарусыз жасау керек. Клиенттің туындаған мәселені терең түсінуін ұйымдастыру қажет, оның сезімдерін тұрақтандыра білу осыған алып келеді. Клиент өзін ұстауы мен мәселені баяндауына көп көңіл бөлу керек.

2.Мәселенің екі өлшемді анықтамасы. Кеңес беруші клиент мәселесін оның эмоционалдық және когнитивті қырларын қарастыра отырып дәл сипаттауға тырысады. Мәселені дәл анықтау клиент пен кеңес беруші ортақ түсінікке келгенге дейін жалғасады. Мәселені дәл анықтау мәселенің туындау себебін толық түсінуге мүмкіндік береді, тіпті кейбір жағдайларда мәселені шешу жолдарын да көрсетеді. Мәселені дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда зерттеу сатысына оралу керек.

3.Мәселені теңестіру. Бұл сатыда мәселенің шешілуі мүмкін жағдайлар анықталады және ашық талқыланады. Ашық түрде сұрақтар қою арқылы кеңес беруші клиенттің мәселені шешу нұсқаларын атауға итермелейді, бірақ өз ұсыныстарын клиентке таңбайды. Әңгімелесу кезінде ол нұсқалардың жазбаша түрін де жасауға болады, бұл түрлі нұсқаларды қарастыруға және оларды салыстыруға мүмкіндік береді.

4.Жоспарлау.Жоғарыда таңдалған нұсқаларды бағалау жүзеге асады. Кеңес беруші клиентке дұрыс нұсқаны таңдауға көмек көрсетеді. Мәселені шешудің нақты нұсқаларын жоспарлау клиентке барлық мәселелердің шешіле бермейтіндігін түсінуіне көмектеседі. Қайсібір мәселелер шешімін табуы үшін уақыт өтуін талап етсе, ендігі бір мәселелер толық емес бөлшекті түрде шешімін табуы мүмкін.

5.Әрекет ету кезеңі. Жоспарлану бойынша мәселені шешуді жүзеге асыру. Кеңес беруші клиенттің нақты жағдайларды есепке ала отырып, сондай-ақ, болуы мүмкін сәтсіздіктер, уақыт, эмоциялық шығындалу сынды жайттарды есепке ала отырып әрекер етуіне көмектеседі. Клиент мәселені шешу барысында кездесетін сәтсіздіктердің түпкілікті сәтсіздік емес екендігін түсінуі керек және мұндай жағдайларға қарамастан өз жоспарын жүзеге асырудан тайынбауы керек.

6.Бағалау және кері байланыс. Бұл сатыды клиент кеңес берушімен бірге жеткен нәтиженің деңгейін анықтайды. Қажет болған жағдайда мәселені шешу жоспарына қайта оралады. Тереңдеген жаңа, жасырын мәселелер туындап жатса алдыңғы сатыларды қайталап шығу керек.

6.Әлеуметтік педагогтың кеңес беру іс-әрекетін құжаттандыруын талдаңыз

Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.

Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететін мынадай заңдарды басшылыққа алады:

  1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;

  2. БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  4. ҚР «Білім беру туралы заңы»;

  5. ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;

  6. «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;

  7. «Патронаттық тәрбие туралы ереже»;

  8. «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;

  9. ҚР Еңбек кодексі;

  10. ҚР Қылмыстық кодексі;

  11. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.