- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •Құжаттар:
- •Осы заңдарды басшылыққа ала отырып әлеуметтік педагог мындай қызметтік бағыттарда жұмыс жүргізеді.
- •Рефлексия әдісі « Күн »
- •Рефлексия әдісі «Бір сөзбен » Оқушылар өздерінің көңіл күйін білдіретін 12 сөздің ішінен 3 сөзді таңдайды:
- •Осыны пайдалана отырып, әрі қарай дамытарсыңдар....
- •В.Франкл адамның əрекетін 3 типке бөлді:
- •Логотерапияның техникалары:
- •Нлб негізгі әдістері және техникалары
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)
- •Кеңес берудің әңгімелесу мазмұны оның кезеңдеріне байланысты ерекшеленеді. Кеңес беру процесін шартты түрде 4 кезеңге бөледі:
- •Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері.
- •Кеңес беруді эффкетивті бағалау әдістері.
- •Қарым-қатынас мәселелері.
- •Үш адам қатынасындағы қиындықтар.
- •Тұлғалық мәселе мен қарым-қатынас арасындағы байланыс.
- •31. Үрей туғызу себебтері және оны алдын-алу жолдарына кеңес беру сауалдарын тізіңіз
- •32. Қорқыныш және фобия (аймофобия, гипсофобия, клаустрофобия, агорафобия және т.Б.) түрлеріне өмірлік мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
- •33.«Жастар мен жасөспірімдердің тәртібіне ортаның әсері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз «!!!!!!!!!!!!!!!!!! Оқып алып арасынан жазыңдар !!!!!!!!!!!!!!!!!!!»
- •34.Әлеуметтік бейімделумен қамтамассыз етуде кеңес берудің рөліне көзқарасыңыз
- •35. Үрейленуді тарқатуға байланысты аутотренинг және кеңес беру түрлерін ұсыныңыз
- •40 Тұлға бойындағы стресс кезеңіндегі кеңес беру үлгісін құрыңыз
- •41 Ұжымдық кикілжіңдер мен кикілжіңдердің негізгі типтерін ескере отырып, одан шығу жолдары мен кеңес беру бағытын ұсыныңыз
- •43 Жағдаяттың кеңес берушілік сипатына талдау жасаңыз.
- •44 Жеке және топтық кеңес беру барысында шешуге болатын өмірлік қиыншылықтар мен мәселелердің, кикілжіңдердің тізімін түзіңіз және оларды түсіндіріңіз
- •46 Диагностикалық әңгімелесу әдістерінің жүргізілу сценариін ұсыныңыз
- •47 Арттерапиялық тренингтің тұлғаға әсерін түсіндіріп, мысалмен дәйектеңіз
- •48 Кез келген отбасының немесе өз отбасыңыздың динамикасының тіршілік кезеңінің сатыларын бөліп көрсетіңіз
- •49 Педгогтардың жұмыс істеу тәсілдерін жағдаяттар құру арқылы түсіндіріңіз
- •50 Суицидтік жағдайларға жағдаят құрастырыңыз және кеңес беру үлгісін ұсыныңыз 3
- •51Үрейленуді жоюға байланысты аутотренинг арқылы кеңес беру жолдарын ұсыныңыз
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі іс-әрекеті
- •Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •60.Жасөспірімдер мен балалардың жүріс-тұрысына (ерте наркомания мен ішімдіккесалынуы) т.Б. Мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтарға топтық кеңес беру жолдарын сипаттайтын жоспар түзіңіз.
- •1. “Кездесу”
- •2. Ассосация “Жанұя”
49 Педгогтардың жұмыс істеу тәсілдерін жағдаяттар құру арқылы түсіндіріңіз
50 Суицидтік жағдайларға жағдаят құрастырыңыз және кеңес беру үлгісін ұсыныңыз 3
51Үрейленуді жоюға байланысты аутотренинг арқылы кеңес беру жолдарын ұсыныңыз
Қазіргі уақытта психологияда стресспен тиімді күресуге көмектесетін арт- терапияның көптеген әдістеріне көңіл бөлінеді. Хедер Уильямс «Сөйлейтін сурет немесе өзіңді қалай тану керек» кітабінда стреспен күресуге байланысты кеңестер береледі. Хедер Уильямс «Үрейді көрсетеміз» деген жаттығуды ұсынады: адамның өзіне ыңғайлы поза тауып, өзінің үрейлену сезімін табуға тырысуы ( ол қайда орналасқан: адамның басында ма, бетінде ме, аяғында немесе ішінде ме, т.б. Әр түрлі қарандаштарды алып субдоминантты қолмен өзіңізден үрейді шығарып тастаған болып, оны қағаздың бетіне түсіру керек [10]. А.М. Шевченко тәжірибелі психолог, арт- терапевт өз жұмысында«Мәселені кесіп алып тастаймын» деген жаттығуды сиппаттап көрсетеді. Автордың ұсынысы бойынша адам өзінің мәселесін өзінің оң жағынан домалақтап, шатасып қалған жіптер ретінде салып, ал өзін сол жағына салуы керек. Содан кейін қайшыны алып, мәселе салынып тұрған бөлігін кесіп алып тастау керек. Арт-терапевтің пікірі бойынша, дәл осы әрекет адамның миында пайда болған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жазбаша түрде белгіленген адамның ойлары голограммалар ретінде сипатталады және осылай оларды жеңуге, яғни жағымсыз эмоциялар мен ойлардан осылайша құтылуға болады [11]. Барбара Ганим бойынша экспрессивті өнердің арқасында біздің денеміздің қабілеттерін тежейтін жағымсыз ойларды жеңуге болады. Оның пікірі бойынша, көптеген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей адамның иммундық жүйесін әлсірететін, стресстің пайда болуына әкелетін эмоциялардан айырылуға көмектеседі. «Өнер арқылы емделу» деген кітаптың авторы Барбара Ганим жағымсыз эмоциялар көзбен көретін бейне ретінде салынса, мысалы сурет, мүсін ретінде, оларды жеңеге мүмкіндік туады деп көрсетті. Жағымсыз эмоциялар мен ойлар стресс қалпына әкеледі, ал ұзақ уақыт адамның бойында сақталған психологиялық қысымдылық адамның иммундық жүйесін әлсіретіп, әр түрлі ауыр ауруларға әкелуі мүмкін. Басқа да арт-терапевттер көрсеткендей, оның да ұсыныстары бойынша адам еңбек іс-әрекетінде көп жұмыс істейтін қолымен емес, басқа қолымен сурет салуды ұсынады. Бұл адамның өз жұмысына сынап, бағаламағанын білдіреді және өз әрекеттерін аз бақылағандығын байқатады. Өзінің бақылауларынан ол сурет сала алмайтын адамдар жақсы нәтижеге жететінін көрсетті. Сурет салу барысында жағымды музыка болғаны дұрыс. Жағымсыз эмоциялар суретте түрлі бояулар, бейнелер, сызулар арқылы көрінуі мүмкін. Жағымсыз эмоцияларды қағазға салу біздің денеміздегі қысымдылықты болдырмайды және денсаулығымызға қауіп келтіре алмайды [12]. Люсия Капаччионе стресспен күресу үшін екі қолмен сурет салуды ұсынады. Оның пікірі бойынша бұл жаттығу екі қол мен бас миының екі жарты шарын белсендетуге мүмкіндік береді. Бұл жаттығу адам санасын көңілсіз, жағымсыз, қажетсіз эмоциялардан тазалайды, көңілін тыныштандырады [13].Арт- терапия стресспен күресу жұмыстарының ішіндегі күшті әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта әлем бойынша көптеген адамдар стресс қалпында түседі. Бұл олардың әр түрлі өмірлік мәселелерінің негізінде пайда болатын жағымсыз эмоциялармен байланысты болады. Адамда стресс әр түрлі себептерден пайда болуы мүмкін: отбасындағы қолайсыз жағдайлар, жұмысындағы қиындықтар, жаңа ортаға бейімделу мәселесі, адамның ерекше жағдайға түсіп қалуы, т.б. Стресс адамның жас ерекшелігіне байланысты да әр түрлі болады: мысалы, балаларда мектептегі сабақ үлгерімінің нашар болуына байланысты ата-анасынан қорқуы немесе жаңа ортаға толық бейімделе алмауы стресске әкеледі. Студенттерде стресс емтихан тапсыру уақытында жиі кездеседі. Адам үнемі стресс қалыпында жүрсе, онда бұл психосоматикадық ауруларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты психология саласында стресс жағдайын, оның түрлерін анықтауға байланысты және адамның мінез-құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, стрессті жеңуге бағытталған зерттеулер жүргізіледі.
55 |
Мектептен әлеуметтік педагогтың 1 апталық жоспарын құрастырыңыз |
№ |
Мазмұны |
Мерзімі |
Обьекті |
Жауапты |
Бақылау түрі |
Мақсаты |
1 |
«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру Акцияға бизнес-құрылымдардан, үкіметтік емес ұйымдардан меценаттар мен демеушілерді тарту |
дүйсенбі |
Шұғыл көмек ететін көп балалы, тұрмысы төмен жетім балалар |
Мектеп әкімшілігі, Тәрбие ісі орынбасары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог |
Жалпылама |
Оқумен қамтылған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу |
2 |
Жағдайы төмен оқушылар жөнінде мәлімет және отбасына қатысты құжаттарын жинап тізімін жасақтау |
Сейсенбі |
5-11 сынып оқушылары |
Сынып жетекшілері |
Жалпылама |
Мектеп бойынша көп балалы, тұрмысы төмен жетім, оралман отбасы оқушыларын анықтау |
3 |
Мектептің әлеуметтік паспортын дайындау |
Сәрсенбі |
Жетім, жартылай жетім, көп балалы, сәтсіз және оралман отбасылар |
Сынып жетекшілері |
Әлеуметтік педагог, мектеп психологы, ДТІЖО |
Жетім, жартылай жетім, көп балалы, сәтсіз және оралман отбасы балаларының санын анықтау |
4 |
Ыстық тамақты ұйымдастыру |
Бейсенбі |
5-11 сынып оқушылары |
Сынып жетекшілері |
Әлеуметтік педагог, ДТЖО мектеп медбикесі |
Мектеп бойынша көп балалы, тұрмысы төмен жетім, оралман отбасы оқушыларын ыстық тамақпен қамту |
5 |
Ата-аналармен жұмыс |
Жұма |
Көп балалы тұрмысы төмен, оралман, сәтсіз отбасылармен жұмыс |
Сынып жетекшілері, мектеп психологымен біріккен жұмыс |
Жалпылама |
Құжаттарының жинақталғанына байланысты бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту |
6 |
Сәтсіз отбасы балаларына, мүжәлсіз отбасы балаларына психолог көмек көрсету |
Сенбі |
Сәтсіз және мүжәлсіз отбасы балалары |
Сынып жетекшілері |
Мектеп психологы |
Балаларға психолог қолдау көрсету, олардың тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау |
7 |
Жетім балалармен жұмыс |
Жексенбі |
Ата анасыз қалған, қамқорлыққа алынған оқушылар |
Сынып жетекшілері, қамқоршылар мен қорғаншылар, білім департаментінің балаларды қорғау және қамқорлыққа алу бөлім инспекторы |
Әлеуметтік педагог |
Баланың үздіксіз білім алуына жағдай жасау, тегін тамақ, оқулықпен қамтылуын қадағалау, аса назар аудару |
56.Қарым-қатынасқа түсуде қиындықтарды сезінетін кейбір адамдарға жеке дара кеңес беруге бағытталған сауалдар құрастырыңыз
В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі
Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым – қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістеме 16 сұрақтан тұрады. Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі.Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына – 2 ұпай; «кейде» жауабына – 1 ұпай, « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.
1. Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?
2. Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?
3. Дәрігерге баруды, аяққы кезге дейін шегересіз бе?
4. Сізге ешқешен болмаған қалаға сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?
5. Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?
6. Даладағы бейтаныс адам сізден көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді заландыра ма?
7. Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезек адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетіне сенесіз бе?
8. Танысыңызға бірнеше ай бұры алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?
9. Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?
10. Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз?
11. Сізді кез келген ұзын ретті тосу ашуыңызды туғызады, сіз қайтып кетудіқалайсыз ба, немесе ары қарай күтесіз бе?
12. Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының мүшесі болуға қорқасыз ба?
13. Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?
14. Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?
15. Қызметсатысы бойынша біреудің сізден көмек сұрауы сізді қайғырта ма?
16. Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?
Алынған ұпайлар классификациялау деңгейі бойынша анықталып, әр зерттелінуші өз категориясына ие болады.
Әдістеме классификаторы:
30-31 ұпай: Сіздің коммуникативтілік деңгейіңіз төмен, бұл сіздің ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан сіз ғана зардап шегесіз. Бірақта сіздің қоршаған ортаңызғада бұл оңайлыққа түспейді. Топтық жұмысты қажет ететін істе сізге сенудің қажеті жоқ.Өзіңізді қолда ұстауға және қарым – қатынасқа түсуге үйреніңіз.
25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын адамдар өте аз. Жаңа жұмыс және жаңа байланыстар сізді мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан көп уақытқа шығарады. Мұндай адамдар өзіне және қоршағандарға қанағаттанбайды. Осымен тоқтап қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге мүмкіндіктеріңіз бар.Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.
19-24 ұпай: Сіз қарым – қатынасқа оңай түсесіз және жаңа жағдайларда өзіңізді толық сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер сізді шошытпайды.Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз.Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.
14-18 ұпай: Сізде орташа коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға бейім, қарым – қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты қимылдар және көп сөздер сізді тітіркенушілікке әкеледі. [28, б.46-47].
9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған адамдар ызаланулары да мүмкін.Зейін орталығында болуды ұнатасыз.орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.
4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым – қатынасқа түсушілігіңіз өте жоғары.Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз.Сіз кез – келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады.Кез – келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез – келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз.Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.
3 және одан төмен ұпай:Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз.Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар – сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі.Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек.Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет.
57 |
«Психологиялықкеңес беру», «әлеуметттік-психологиялықкеңес беру», «психокоррекция» ұғымдарыныңбайланысынсипаттайтынсызбажасаңыз |
Психокоррекция-баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі деңгейге, әрі жас ерекшеліктеріне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру;
Психологиялық кеңестер –мұғалімдерге, ата-аналарға,оқушыларға қажетті психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қайшылықтарды, өтпелі
кезеңдерді жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету;
Психологиялық кеңес беру -ұлғааралық қарым-қатынастағы
Қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Бұнда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады. Психологиялық кеңес берудің мазмұны-педагог-психолог өзінің кәсіптікғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық
тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды.
58 |
Кеңес беру іс-әрекетініскерлікойындарнегізіндеқұрастырыңыз |
Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.
Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.
-сергіту сәті (драмалық фазасы)
-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)
-кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.
59 |
Мектептегіәлеуметтік педагогтыңкеңес беру іс-әрекетініңбірбағытына өзіндік тұрғыдансараптама жасаңыз |
